Дастархан асханасы

Сабақтың мазмұны мен мақсаты

Сабақ тақырыбы: «Майшабақ және көкөніс салаты». Сабақтың негізгі мақсаты — тақырыптың мазмұнын ашу, түсіндіру және салаттың дайындалу технологиясын меңгерту.

Дамытушылық

Шеберлік пен ой-өрісті дамыту, ұшқыр қиял арқылы аспаздық қабілетті жетілдіру. Өмірге қызығушылықты арттырып, еңбекке және әсемдікке баулу.

Білімділік

Алынған білімді практикамен ұштастыру, үнемділікке және ойлампаздыққа үйрету.

Тәрбиелік

Өнерге баулу арқылы икемділік, іскерлік және эстетикалық талғам қалыптастыру.

Сабақ форматы

Түрі: теориялық және практикалық.
Әдіс-тәсілдер: интерактивті оқыту технологиясы.

Сабақтың барысы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа әзірлігін реттеу, қатысымды белгілеу.
  2. 2 Өткен тақырыпты пысықтау: сұрақ-жауап арқылы.
  3. 3 Жаңа сабақты түсіндіру: теория және сарамандық жұмыс.
  4. 4 Сергіту сәті
  5. 5 Пысықтау: жаңа тақырып бойынша сұрақ-жауап.
  6. 6 Қорытынды: бағалау және үй тапсырмасы.

Интерактив: «Асхана» ойыны

Үй тапсырмасын сұрамас бұрын «Асхана» ойынын ойнаймыз. Сынып екі топқа бөлінеді: «Береке асханасы» және «Дастархан асханасы». Әр топта бір оқушы — даяршы, қалғандары — аспазшылар.

Ойын шарттары

  • Қонақтардан тапсырыс қабылдау.
  • Интернет арқылы келген тапсырысты орындау.
  • Жаңа тақырып бойынша жоспар құру.
  • Ас туралы мақал-мәтел айту.
  • Тест тапсыру.

Үй тапсырмасы (топтар бойынша)

Береке асханасы
«Селедка под шубой» салаты
Дастархан асханасы
Пирог немесе торт

Тапсырысты қабылдау және «интернет-тапсырыс»

Даяршы қонақтардың тапсырысын қабылдап, дастархан жасайды. Мәзірде салат, шырын, шай, бауырсақ және т.б. тағамдар болуы мүмкін.

Сырттан да тапсырыс түседі: интерактивті тақтада салат суреттері бар ұяшықтар — келіп түскен тапсырыстар. Әр салат атауына байланысты сұрақ жазылған картотека беріледі. Сұраққа жауап берген оқушы сәйкес ұяшықты ашады: ұяшықтағы әріптің құны — 10 балл.

Өткен тақырыпты пысықтау: сұрақ-жауап

Төмендегі сұрақтар арқылы алдыңғы тақырып бойынша білім тексеріледі.

  1. 1) Кляр дегеніміз не?

    Жауабы: ұн, сүт, жұмыртқа және тұз қосылып дайындалатын сұйық қамыр.

  2. 2) Балықты қалай тазалаймыз?

    1) Қабыршағын тазалау. 2) Ішек-қарнын алу. 3) Басы, құйрығы және қанаттарын кесу.

  3. 3) Қай тәсілде балықтың дәрумендері көбірек сақталады?

    Жауабы: қайнатқанда.

  4. 4) Балықты ұнға не үшін аунатамыз?

    Май шашырамауы және дәмі жақсы болуы үшін.

  5. 5) Балықтың жон етін неде қуырамыз?

    Жауабы: фритюрде.

  6. 6) Балықтан жасалатын ең дәмді тағамдардың бірі?

    Жауабы: котлет.

  7. 7) Балықты домалақтап қуырып, бұқтыратын тағам қалай аталады?

    Жауабы: тефтели.

  8. 8) Балықты алғашқы өңдеуге не кіреді?

    Жауабы: балықты тазалау.

  9. 9) Салатты шанышқымен қай қолмен ұстап жейді?

    Жауабы: оң қолмен.

  10. 10) Күріш және көкөніс қосылып қуырылған теңіз балығы тағамына ұн қанша грамм қосылады?

    Жауабы: 100 г.

  11. 11) Котлет жасауға қандай балық түрлері қолданылады?

    Жауабы: теңіз алабұғасы, түйетабан, көк шортан.

  12. 12) Балықтың жаңа ауланғанын қалай анықтаймыз?

    Желбезегі жұмсақ, ішкі жағы қызыл, көзі мөлдір болуы керек.

  13. 13) Қақталған балық қай мезгілде ұзақ сақталады?

    Жауабы: суық мезгілде.

  14. 14) Қақталған балық қай мезгілде тез бұзылады?

    Жауабы: ыстықта.

  15. 15) Қандай балықтан улануымыз мүмкін?

    Жауабы: тұрып қалған балықтан.

  16. 16) Қуырылған балық қанша сағат сақталады?

    Жауабы: 48 сағат.

  17. 17) Кептірілген нанға салынған балық қанша сағат сақталады?

    Жауабы: 24 сағат.

  18. 18) Пісірілген балық қанша сағат сақталады?

    Жауабы: 72 сағат.

  19. 19) Қақталған балық қанша сағат сақталады?

    Жауабы: 72 сағат.

  20. 20) Балықта қандай дәрумендер бар?

    Жауабы: A, C, B, B12.

  21. 21) Балықтың қандай пайдасы бар?

    Көзге пайдалы, күш-қуат береді.

  22. 22) Балық тефтелиі қанша минут бұқтырылады?

    Жауабы: 10–15 минут.

  23. 23) Кляр қалай дайындалады?

    4 шай қасық ұнға 1 жұмыртқаның сарысын қосады; ақуызын бөлек шайқап, қамырға араластырады. 15–20 минут тоңазытқышта ұсталады.

  24. 24) Балықтың жон етін қуыруға қанша май жұмсалады?

    Жауабы: 150–200 г.

  25. 25) Балық құрамындағы микроэлементтер?

    Жауабы: кобальт, молибден, йод.

Топтардың ұпайы есептеледі. Ұяшықтардан шыққан әріптер бүгінгі жаңа тақырыпты береді: «Майшабақ және көкөніс салаты».

Балықтың пайдалы қасиеттері

Балық — қартаюға қарсы әсері жоғары азықтардың бірі. Лосось, сардина және скумбрия сияқты балықтардың құрамындағы Омега-3 май қышқылдары ми мен жүрек қызметін қолдайды, көңіл күйді реттеуге көмектеседі және қандағы қант деңгейін тұрақтандыруға ықпал етеді.

Бұрын көпшілігіміз балық майын дәміне бола жақтыра бермесек те, оның адам ағзасына пайдасы зор екені белгілі. Балық майының құрамында Омега-3 және Омега-6 май қышқылдары болады. Бұл қосылыстар ағзада әртүрлі маңызды қызмет атқарады.

Ғылыми деректерден үзінді

  • Кей зерттеулер балық майының жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алуға көмектесетінін көрсетеді.
  • Ғалымдар тәулігіне аз мөлшерде қабылдау қан қысымын тұрақтандыруға ықпал етуі мүмкін екенін айтады.
  • Отандық деректерде балық майының кейбір аурулардың ағымына оң әсері болуы мүмкіндігі де аталады.

Ескерту: денсаулыққа қатысты кез келген қоспаны қолданбас бұрын дәрігер кеңесін алған дұрыс.

Жаңа тақырып бойынша жоспар: салаттың құрамы мен дайындалуы

Құрамы

  • Тұздалған майшабақтың жон еті200 г
  • Қияр2 дана
  • Қызанақ2 дана
  • Тәтті бұрыш (болгар бұрышы)1 дана
  • Пияз1 дана
  • Ақжелкен½ байлам
  • Өсімдік майы3 ас қасық
  • Қара бұрышдәміне қарай

Дайындалу реті

  1. 1. Көкөністерді ағынды сумен жуыңыз.
  2. 2. Қиярды ұзынша етіп тураңыз.
  3. 3. Қызанақ пен тәтті бұрышты бөліктерге бөліңіз.
  4. 4. Пиязды сақина түрінде тураңыз.
  5. 5. Майшабақтың жон етін бөліктерге кесіңіз.
  6. 6. Қияр, қызанақ, пияз және бұрышпен араластырыңыз.
  7. 7. Өсімдік майы мен қара бұрыш қосып, барлығын біркелкі араластырыңыз.
  8. 8. Салатты ыдысқа төбешік етіп салып, үстіне ақжелкен себіңіз.

Қосымша тапсырмалар

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы назарды қайта шоғырландыру.

Ас туралы мақал-мәтел

Тақырыпты бекіту үшін тағамға қатысты мақал-мәтелдер айту.

Тест тапсырмалары

Оқушылар білімін бекіту үшін төмендегі тест сұрақтары ұсынылады.

1) Сүттің құрамында адам ағзасына қажетті қандай заттар бар?

  • A) Барлық пайдалы заттар бар.
  • Ә) Белоктар, сүт қанты, минералды заттар.
  • Б) Көміртегі мен майлар бар.

2) Адам ағзасына сүттің қанша пайдасы тиеді?

  • A) 18–21%
  • Ә) 50–57%
  • Б) 95–98%

3) Көкөністің қай түрінен крахмал алынады?

  • A) Сәбізден
  • Ә) Картоптан
  • Б) Капустадан

4) Адам ағзасы үшін аса қажет дәрумендер тізбегін көрсетіңіз.

  • A) D, C, B1, PP
  • Ә) B1, A, B2, C, PP
  • Б) A, B, C

5) Аскорбин қышқылы деп қандай дәруменді айтады?

  • A) C витамині
  • Ә) B2, A витаминдері
  • Б) P витамині

6) P витаминінің негізгі көзі?

  • A) Лимонда, жүзімде
  • Ә) Мал майында
  • Б) Балықта

7) Қай витамин жетіспесе тыныс алу мүшелері, асқазан-ішек жолы, тері ауырып, көру қабілеті нашарлайды?

  • A) B2, A витаминдері
  • Ә) B1 витамині
  • Б) A витамині

8) Тамақ әзірлеу өнері туралы алғашқы кітап қай елде шыққан?

  • A) Ежелгі Греция
  • Ә) Рим
  • Б) Қытай

9) Кешкі асты жатардан қанша уақыт бұрын ішу керек?

  • A) 3 сағат
  • Ә) 20–30 минут
  • Б) 1 сағат

10) Мерекелік дастарханға қайсысын дұрыс қоймаған?

  • A) Гүл мен ваза
  • Ә) Жанған майшам
  • Б) Торт (қапшығымен)

11) Шанышқы ғана пайдаланылатын мерекелік үстел түрі?

  • A) Фуршет үстелі
  • Ә) Банкет үстелі
  • Б) Швед үстелі

12) Шай маманы қалай аталады?

  • A) Кондитер
  • Ә) Титестер
  • Б) Калькулятор

13) Шикі кілегей қосып берілген шайды қазақ халқы қалай атаған?

  • A) Ақ шай
  • Ә) Қызыл күрең шай
  • Б) Ақ тамақ шай

14) Тәуліктік тағам мөлшерінің 35%-ын қай мезгілде қабылдау керек?

  • A) Таңертең
  • Ә) Түске дейін
  • Б) Түсте

15) Бутерброд әзірлегенде артық тағамды көрсетіңіз.

  • A) Нан
  • Ә) Май
  • Б) Сүт

Қорытынды

Оқушылардың ұпайы есептеліп, қай топ алға шыққаны хабарланады. Соңында бағалау жүргізіліп, үй тапсырмасы беріледі.