Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңіБақанас, Байқошқардың көп сабазыБақанас, Байқошқардың көп сабазыЖиып ап қыран бүркіт, жүйрік тазы, Еңбекші ұйым болмай, аңшы болып, Ойда жоқ бидай менен шөптің азы

Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Бақанас, Байқошқардың көп сабазы

Бақанас, Байқошқардың көп сабазы
Жиып ап қыран бүркіт, жүйрік тазы,
Еңбекші ұйым болмай, аңшы болып,
Ойда жоқ бидай менен шөптің азы.

Аңшылық – біраз күндік көңіл назы,
Мұныңа болар ма екен ақыл разы.
Көп ел жүр малын қойып, жанын тілеп,
Махшарда құрылғандай тас таразы.

Сендерге батпайды оның қайғы - назы,
Боп жүрсің, айдын көлдің қоңыр қазы.
Таусылып аздан кейін азықтары,
Шығар,– деп зарлап жүрме,– қашан жазы?

Аңшылық әуелінде қандай тәтті,
Еркіндік, кім жек көрер салтанатты.
Бұл күнде қоңлы тұғыр табылса да,
Аздан соң желдіктерсің жауыр атты.

Айтпаймын сөгейін деп азаматты,
Дей көрме: мұны осы шал неге шатты .
Салынбай біржолата аң қуғанға,
Еңбек пен ескере жүр қанағатты.

Толғанып ақын айтар әрбір затты,
Сөзімнің іші жұмсақ, сырты қатты.
Алпыс жыл аңшы болып алжыған шал,–
Дейсіңдер,– бізге айтады насихатты .

Ойласаң, біздің заман мұнан жат - ты,
Ол дәурен ойран болып, құмдай батты.
Жұмысы бұл уақыттың – адал еңбек,
Заманың көтермейді бұл саясатты.



Ұқсас жұмыстар

Бүркіт салу
Ақан серінің шығармашылық өмірбаяны
Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістемесі
Аңшылық кәсібінің мәдениеттегі орны
Ілияс Жансүгіров. КҮЙШІ (Поэма)
Қазақстандағы аңшылық туризмнің қазіргі жағдайы және болашағы
Аңшылық пен саятшылыққа (АС) қатысты атаулардың семантикасы
Қазақ тіліндегі «Аңшылық» концептісі
Тазымен із кесу, аң қағу
Қазақ аңшылығы жайындағы мақалалар жинағы
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
ТІЛЕУҚАБЫЛ ӨТЕЙБОЙДАҚ
КЕЛДІБЕКҰЛЫ ҚАЗЫБЕК БИ
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
Қазақ тiлiн оқытудың, ұйымдастырудың әдiстемелiк ерекшелiктерi
ТАУАСАРҰЛЫ ҚАЗЫБЕК
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Теңіз сорапты штангілі қондығылармен жабдықталған ұңғылардың жабдығын таңдау және технологиялық жұмыс режимін орнату