Сөзжұмбақ сұрақтары
Ақтөбе облысы • Мұғалжар ауданы • Еңбек ауылы
Еңбек негізгі мектебінің технология пәнінің мұғалімі Кулова Саламат Советқызы.
Міндеті
- Оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту.
- Өнерді түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру.
- Өнер үйренуде өз бетімен ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Мақсаты
- Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
- Өнерді тануға қызығушылыққа баулу, әдептілікке және парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сайыстың форматы
Құрамы
2 топқа бөлінеді
Бағалау
5 ұпайлық жүйе
Қорытынды
Жеңімпаз «Керемет көзайым» номинациясымен марапатталады
Әділқазы
Сайыс басталар алдында әділ әрі әділқазы алқасы сайланады.
Рухани кіріспе
Туған соң адам болып,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
Шешендікті құрметтеген барлық елде,
Сөз тапқанға дауа жоқ әрбір жерде.
«Сөз жүрегі — мақал» деп босқа айтпаған,
Қалып па екен сайыскерлер есінде?
Сайыс кезеңдері
- 1 Бәйге — мақал-мәтелді жалғастыру.
- 2 Топ жарған — жұмбақ шешу.
- 3 Кім жылдам — сұрақ-жауап.
- 4 Тіл өнері — сөзжұмбақ шешу.
- 5 Білімді мыңды жығар — «Шеңбердегі жетілік» (математикалық ойын).
- 6 Сен білесің бе? — ұлттық ұғымдар мен көне сөздер.
- 7 Ақырғы бәйге — «7 қалпақ»: қиынды қағаздардан мақал не анықтама құрастыру.
I кезең: «Мақал — сөздің мәйегі»
Қатысушыларға мақалдың бірінші бөлігі айтылады. Сайыскерлер жалғасын табу арқылы ұпай жинайды.
1
Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Білім — жанып жатқан шырақ.
2
Жеті рет өлшеп,
бір рет кес.
3
Еңбек етпей елге өкпелеме,
терің төкпей жерге өкпелеме.
4
Ет жесең тісіңе кіреді,
жемесең түсіңе кіреді.
5
Шешеннің сөзі ортақ,
шебердің қолы ортақ.
6
Ақыл азбайды,
білім тозбайды.
7
Жақсы адам жаныңа жолдас,
жаман адам малыңа жолдас.
8
Доссыз адам —
тұзсыз тағам.
9
Ананың көңілі балада,
баланың көңілі далада.
10
Өз басыңды дауға берсең де,
жолдасыңды дауға берме.
II кезең: Жұмбақ шешу
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай қосылады.
1) Ақ қиыршық еритін, ас жоқ одан жеритін.
Жауабы: Тұз
2) Грек тарихшысы Геродот сипаттаған, көшпелі скифтер дайындаған сусын.
Жауабы: Қымыз
3) «Бұл көкөністен барлық ауру қашады» деген мәтел бар. Емдік қасиеті ертеден белгілі.
Жауабы: Пияз
4) Қай қаланың атауы саннан, адамның бір мүшесінің атынан және астың дәмін кіргізетін заттан құралады?
Жауабы: Екібастұз
5) Кесе-кесе мұқалды, жони-жони жұқарды.
Жауабы: Пышақ
6) Мыжғылаймын — жаны жоқ. Кескілеймін — қаны жоқ.
Жауабы: Қамыр
7) Дүниеде бір жәндік бар, үйретілген. Мойнында жібек арқан сүйретілген. Қолға алсаң көп жұмысты бітірген.
Жауабы: Ине
III кезең: Сұрақ–жауап
Ұлттық құндылықтарға байланысты сұрақтар қойылады.
1) Қазақ қыздарының бас киімдерін атаңыз.
Жауабы: тақия, бөрік, сәукеле
2) Қой терісінен тігілген ер адамның сыртқы киімі.
Жауабы: тон
3) Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын атаңыз.
Жауабы: домбыра, жетіген, сыбызғы, сазсырнай, қобыз, асатаяқ және т.б.
4) Бөрік тігуге қандай аң терілері қолданылған?
Жауабы: кәмшат, құндыз, жанат және т.б.
5) Егде жастағы қазақ әйелдерінің бас киімі қалай аталады?
Жауабы: кимешек
6) Кереге мен шаңырақты ұстап тұратын киіз үй бөлігі.
Жауабы: уық
7) Наурыз көжеге қосылатын 7 тағамды атаңыз.
Жауабы: су, ет, тұз, май, ұн, дақыл, сүт (және т.б.)
IV кезең: Сөзжұмбақ шешу
Тақырыбы: «Керемет».
1
Киіз төсеніш
Жауабы: текемет
2
Киіз үйдің қабырғасы
Жауабы: кереге
3
Ет, сүйек, балықты суда пісіргенде алынатын сұйықтық
Жауабы: сорпа
4
Қалыңдықтың бас киімі
Жауабы: сәукеле
5
Қыздардың сәндеп өрілген шашы
Жауабы: бұрым
6
Сәндік үшін тағылатын әшекей
Жауабы: білезік
7
Матаның түрі
Жауабы: шыт
V кезең: «Шеңбердегі жетілік» (математикалық ойын)
Шеңбер бойындағы сандарды теру арқылы шебердің 7 құралы шығады.
1
Ине
2
Қайшы
3
Оймақ
4
Мата
5
Жіп
6
Іс машинасы
7
Алмас
VI кезең: «Сен білесің бе?»
Қазақ халқының қолөнері — тұрмыста жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, құрастыру, бейнелеу секілді шығармашылық өнерлердің жиынтығы. Көне сөздер мен ұғымдарды ұмытпай, қайта жаңғырту — осы кезеңнің өзегі.
1) Қыз баланың шашы ұзын болсын деп не береді?
Жауабы: желке
2) Ер бала жеке үй болып шыққанда берілетін дүние-мүлік, мал қалай аталады?
Жауабы: енші
3) 7 түрлі тағамнан тұратын дәстүрлі тағам.
Жауабы: наурыз көже
4) Үлкен, күрделі іске көмек беру үшін жиналу қалай аталады?
Жауабы: асар (немесе үме)
5) Жылқы терісінен жасалған, қымыз құюға арналған ыдыс.
Жауабы: саба
6) Киіз үйдің ағаш есігі қалай аталады?
Жауабы: сықырлауық
7) Ұзатылған қызға берілетін төсек-орын, дүние-мүлік қалай аталады?
Жауабы: жасау
VII кезең: Ақырғы бәйге — «7 қалпақ»
Қиылған қағаз бөліктерінен әртүрлі мағынадағы құрылымдар құрастырылады: мақал-мәтел немесе қолөнерге қатысты анықтамалар.
1
Қазақтың ою-өрнек түрлері төрт топқа бөлінеді: жануартектес, ғарыштық, геометриялық, өсімдіктектес.
2
Бірінші байлық — денсаулық.
Екінші байлық — он саулық.
Үшінші байлық — ақ жаулық.
3
Ас тасыса — қатығы төгіледі,
ашу тасыса — ақылы төгіледі.
4
Дастарқанында наны жоқтың — тамағының сәні жоқ.
5
Қайыс — жүні сылынып алынып, иленген ірі қара малдың терісі.
6
Сақтиян — бояу арқылы өңделген, өте сапалы былғары.
7
Өнер — таусылмас азық, жұтамас байлық.
Қорытынды
Сайыс мәресіне жетті. Әділқазы алқасы ұпайларды есептеп, жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаз ару «Керемет көзайым» номинациясымен марапатталады.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес жеткізе ме мұратын?
«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжімегін,
Қатысу да — бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Сайысқа қатысқан оқушыларға және қолдау білдірген қауымға алғыс айтылады. Соңғы сөз бірлестік төрайымы Үсенова А. С. ханымға беріледі.
«Керемет жетілік» ойын кешіне атсалысып, алтын уақыттарыңызды бөлгендеріңізге көп рақмет. Қош сау болыңыздар!