Әділқазылар алқасын сайлау
Мақсаты мен күтілетін нәтиже
Мақсаты
- Оқушылардың сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуына ықпал ету.
- Тілге қатысты мақал-мәтелдерді және тұрақты сөз тіркестерін еске түсіру.
- Топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі
- Нақыл сөздер мен суреттер
- «Бекеттер» бойынша бағыттаушы материалдар
- Әріптер жазылған парақшалар
- Тапсырмалары бар конверттер
Жоспар
- Мұғалімнің кіріспе сөзі
- Әділқазылар алқасын сайлау
- 5 бекеттен тұратын ойын
- Қорытынды және марапаттау
Іс-шара барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті оқушылар! Бүгін 5–6 сынып оқушылары Тілдер күніне арналған «Тіл – халық мұрасы» атты интеллектуалды ойынға қатысып, ғажайып Қазақ тілі еліне сапар шегеміз.
Алдымыздан бірнеше бекет кездеседі. Әр бекеттегі тапсырмаларды сәтті орындаған топ мүшелері Қазақ тілі елінің «Құрметті азаматы» атағына үміткер болады.
Ендеше, қатысушыларды топтарға бөлеміз: әр оқушы әріп жазылған парақшаны таңдайды. Дауысты әріптер — 1-топ, дауыссыз әріптер — 2-топ.
Топтар анықталған соң, ойынды бағалайтын әділқазылар алқасын сайлап аламыз. Ресми бөлім аяқталды — енді ойынға көшейік.
I бекет: «Қайырлы таң»
Сәлемдесу • ТаныстыруЕкі топ бір-бірімен сәлемдеседі және өздерін таныстырады.
Тапсырма
Топ атауын парақшаларға жазылған әріптерден құрастыру: «Ақыл» және «Озат».
II бекет: «Мен бастаймын, сен қоста»
Мақал-мәтелМақал-мәтелдерді жалғастырыңыз:
- Отан оттан да ыстық.
- Туған жерге ту тік.
- Піл көтермегенді тіл көтереді.
- Тіл қылыштан да өткір.
- Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
- Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар.
- Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
- Асығы алшысынан түсті.
- Кітап — білім бұлағы.
- Тіл — көңілдің кілті.
- Қарға баласын «аппағым» дейді.
- Жігітті намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.
III бекет: «Ойлан, тап!»
Фонетика • Лексика1) Жуан дауыстыларды көрсетіңіз:
а, ә, о, е, ұ, ө, ы, ү, і, и
Жауабы: а, о, ұ, ы
2) Жіңішке дауыстыларды көрсетіңіз:
а, ә, о, е, ұ, ө, ы, ү, і, и
Жауабы: ә, е, ө, ү, і, и
3) Берілген сөздерге синоним жазыңыз:
күшті, ел, үлкен, лауазым, өң, науқас, халық, тағам, қымбат, ажар
4) Берілген сөздерге антоним жазыңыз:
жылы, үлкен, жаңа, сулы, жақын, дос, жомарт, биік, терең, кең
IV бекет: «Кім тапқыр?»
Тұрақты тіркесТұрақты сөз тіркестерінің мәнін ашыңыз:
- Бармағын тістеді өкінді
- Екі езуі екі құлағына жетті қуанды
- Төбе шашы тік тұрды қорықты
- Көз қиығын салды қарады
- Қой аузынан шөп алмас момын, жуас
- Сақал сипап қалды алданды
- Сөз байласты келісті
- Күн құрғатпай келді жиі келді
- Таяқ тастам жер жақын
- Кірпік қақпады ұйықтамады
- Жұмған аузын ашпады сөйлемеді
- Ешкімнің ала жібін аттамады қиянат жасамады
- Бауыр басты үйренді
V бекет: «Ойлы болсаң, озып көр»
ШығармашылықТапсырма
«Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбына ой толғаңыз. Берілген сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз (әр топқа бір сурет ұсынылады).
Қорытынды және марапаттау
Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім — мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім — мен де бірге өшемін.
Сонымен, бүгінгі шарамыз да мәресіне жетті. Енді қай топ Қазақ тілі елінің «Құрметті азаматы» атағын иеленгенін анықтау үшін, әділқазылар алқасына сөз береміз.
Әділқазылар шешімі
Топтардың жұмысы қорытындыланып, қатысушылар мадақталады және марапатталады.