Өлеңді құрылысын талдата отырып, шығармашылыққа баулу
Сабақтың тақырыбы
Мұқағали Мақатаев — «Фантазия».
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, оқушыларды поэзия нәрімен сусындату.
- Ақын өлеңі арқылы қазақ ауыз әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілердің шындықпен байланысын көрсету және оқушының дүниетанымын қалыптастыру.
Дамытушылық
- Оқушының өз ойын ашық әрі еркін жеткізу дағдыларын жетілдіру, ізденімпаздық қабілетін дамыту.
- Өлең құрылымын талдату арқылы шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік
- Поэзияны сүйе отырып, халықтың бай мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
- Отанын шексіз сүйіп, қадірлей білуге баулу.
Сабақтың эпиграфы
Ойлы жас! Өлең — менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым тұр басылмай.
Айтып өткен ақында арман бар ма,
Жүрегінің түбіне кір жасырмай.
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың оқу үдерісіне дайындық деңгейін анықтау, назарды сабақ тақырыбына шоғырландыру.
Жаңа сабақты түсіндіру
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Фантазия» өлеңінің мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін талдауға бағыт беру.