Туған тілім өлеңін жатқа айт
Әдебиеттік оқу · 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов «Туған өлкем»
Бұл сабақта оқушылар өлеңнің мазмұнын түсініп, туған жерге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін тереңдете отырып, өз ойын еркін әрі нақты жеткізуге үйренеді.
Сабақ түрі
Шығармашылық-ізденіс сабағы.
Көрнекіліктер
- Слайдтар, суреттер, кестелер
- Стикерлер, постер қорғау
- Видео, бағалау парағы
Жалпы мақсат
Танымдық
Оқушылардың қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, өлең туралы түсінік қалыптастыру; мазмұнын ашу; Отанға деген мақтаныш сезімін ояту.
Эмоциялық
Сын тұрғысынан ойлау мен есте сақтау дағдыларын дамыту; тіл байлығын молайту; ойын нақты жеткізу арқылы дүниетанымды кеңейту.
Әлеуметтік
Ұйымшылдыққа тәрбиелеу; туған өлкені құрметтеуге баулу; патриоттық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже
- Өз ойын ұсынады, еркін сөйлейді және өзгенің жауабын тыңдайды.
- Талдау арқылы жауаптарын салыстырып, топпен жұмыс жасайды.
- Ойын тұжырымдап, қорытынды шығарады және өзін-өзі бағалай алады.
Мотивациялық кезең: «Данышпан мен адам»
Ерте заманда бәрін білетін бір данышпан өмір сүріпті. Бір адам оны көре алмай, көпшіліктің көзінше данышпанның да білмейтін нәрсесі бар екенін дәлелдегісі келеді.
Бір күні жұрт отырған жерде әлгі адам алақанына көбелекті қысып ұстап тұрып: «Айтшы, данышпан, қолымдағы көбелек тірі ме, өлі ме?» – деп сұрайды.
Ішінен: «Тірі десе — мыжып жіберемін, өлі десе — қоя беремін», – деп ойлайды. Сонда данышпан сәл ойланып: «Бәрі сенің қолыңда», – дейді.
Аңыздағыдай, бүгінгі сабақтың табысты әрі сәтті өтуі де өз қолымызда.
Топқа бөлу
Оқушыларға «қоржыннан» түрлі-түсті асықтар ұсынылады. Түсіне қарай үш топ құрылады:
- 1-топ: Астана
- 2-топ: Қызылорда
- 3-топ: Жалағаш
Үй тапсырмасын тексеру
«Серпілген сауал» әдісі арқылы сұрақ-жауап ұйымдастырылады.
- Өлеңді жатқа айтып бер.
- Ақынның «туған тіл» деп отырғаны қай тіл?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
- Қазақ тілін басқаша қалай атауға болады?
- Туған жер туралы не білесің?
- «Адам тілі тас жарады…» (жалғастыр).
- «Туған тілім» өлеңін жатқа айт.
- «Тіл туралы» заң қашан қабылданды?
- Туған жер туралы мақал-мәтел айтып бер.
Зерттеу айдары
Ақпарат айдары
Оқушылардың пікірін тыңдау: «Менің туған жерім несімен ғажап?»
Тыңдалым
«Туған өлкем» әнін (хор) тыңдау және мазмұнын талқылау:
- Хорда не туралы айтылған?
- Туған жерге арналған ән мен жырдың мәні қандай?
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Туған жерге әнін, жырын арнаған ақындар көп. Солардың бірі — бүгінгі сабақта танысатын Өтебай Тұрманжанов.
Тұлғаны танып біл: Өтебай Тұрманжанов
- Туған жылы, жері
- 1905 жыл, 15 желтоқсан. Бөген ауданындағы «Жалғызағаш» ауылында туған.
- Білімі
- Ташкенттегі №14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқыды.
- Қызметі
- Ташкентте Орта Азия университетінде оқытушы, кафедра меңгерушісі болды (1927–1930 жж.). 1931 жылы Алматыға ауысты, ҚазПИ-де профессор міндетін атқарды.
- Әдеби-редакциялық қызмет
- Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті», «Әдебиет майданы», «Жұлдыз» басылымдарында жауапты қызметтер атқарды (1935–1937 жж.).
- Шығармалары
- Алғашқы жинағы — «Таң өлеңдері» (1925). «Қошан кедей» (1937), «Таң сыры» (1929) және 40-тан аса кітаптың авторы.
- Қосымша еңбектері
- Л. Н. Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. «Қазақтың мақал-мәтелдері», «Асыл сөздер» жинақтарын құрастырды.
- Өмірінің қиын кезеңі
- Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, түрме, лагерь, айдауда болды.
- Марапаты, қайтыс болған жылы
- Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1978 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті.
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді іштей оқу.
- Тізбектей оқу.
- Мәнерлеп оқу.
Мағынаны тану
Көз алдарыңа Қазақстанның болашағын елестетіп көріңдер: көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балаларының қуанышына мәз болған аналар, жетістігін мақтан тұтқан ұстаздар, ғарышпен тілдескен дана ағалар, немерелерінің ақылдығына риза болған аталар…
Қазақстанның қай өлкесін араласаң да, өзіңді бұлтсыз аспан, қалықтаған құс, жайқалған гүл, жайнаған бақ, жарқыраған күн сияқты сезін. Өйткені ол — біздің Отанымыз.
Сергіту сәті
Қысқа жаттығулар орындау.
Топтық жұмыс
1-топ
Туған жердің суретін салу.
2-топ
Туған жерге арнап шағын шығарма жазу.
3-топ
Туған жер туралы мақал-мәтелдер жинақтау.
Ой толғаныс
- Биыл Астанада қандай маңызды шара өткенін/өтетінін еске түсіру: EXPO-2017.
- Тәуелсіздікке қатысты маңызды межелерді талқылау (мысалы, 25 жыл).
- Туған жерге арнап өлең құрастыруға дайындық.
Шығармашылық жұмыс: «Хокку» әдісі
Топпен туған өлкеге арналған қысқа өлең құрастыру.
Үлгі жолдар:
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы — менің туған өлкем.
Зерделейік: сөз сырын ашу («Түртіп алу»)
Жұпар
Өте жағымды, хош иіс.
Шалқып, тасқан
Өркендеген, молайған.
Бақыт тапқан
Бақытты, қуанышты күйге жеткен.
Қорытынды сұрақтар
- Бүгінгі сабақта не білдік?
- Қандай ақынмен таныстық?
- Сабақ ұнады ма? Неліктен?
Үй тапсырмасы
«Туған өлкем» өлеңін жаттап келу.
Бағалау және рефлексия
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау тәсілдері қолданылады. Сабақ соңында оқушылар қысқаша кері байланыс береді.
Мұғалім: Тажмақова Б.