Грамматикалық тапсырма

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның қорықтары

Сабақтың типі

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі

Модульдік оқыту

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Қорықтардың суреттері, белсенді тақта, үлестірмелі картотекалар, көрмелер

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға қорықтар туралы мәлімет беру, тақырып аясында сөйлеу және жазу дағдыларын дамыту, табиғатты қорғау құндылығын қалыптастыру.

I. Білімділік

  • Оқушыларды қорықтардың түрлерімен таныстыру.
  • Өтілген сөздерді бекіту, сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдануға үйрету.

II. Дамытушылық

  • Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге және жазуға көмектесу.
  • Ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.

III. Тәрбиелік

  • Елін, жерін сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
  • Табиғатты қорғауға, табиғат арқылы әсемдікті танып, оны қастерлеуге баулу.
  • Ғылым-білімге ұмтылған, көкірегі ояу азамат қалыптастыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Сәлемдесу және тәртіп

  • Сәлеметсіздер ме, балалар?
  • Сыныпта кім кезекші?
  • Сыныпта кім жоқ?

Тіл дамыту сұрақтары

  • Қазір қай ай?
  • Ақпан айында неше күн бар?
  • Бүгін нешесі?
  • Бір аптада неше күн бар?
  • Бүгін аптаның қай күні?
  • Қазір қандай сабақ?
  • Қазақ тілі нешінші сабақ?

II. Үй тапсырмасын тексеру

3 минут

  • Үйге қандай тапсырма берілді?
  • Табиғат туралы мақал-мәтелдерді жаттап келу.

Кіріспе әрекет

Оқушыларға күнді жаздырып, белсенді тақта арқылы қорықтар туралы бейнеролик көрсетіледі (шамамен 5 минут). Бейнетаспадағы суреттер таныстырылып, қысқаша түсініктеме беріледі.

III. Жаңа тақырыпқа кіріспе

4 минут

Бүгінгі тақырыбымыз — «Қорықтар». Сабақ барысында мәтінмен жұмыс істеуді, сұрақтарға нақты жауап беруді, өз бетінше диалог құрауды үйренеміз. Мақсатымыз — қазақ тілінде дұрыс сөйлеу мен сауатты жазуға дағдылану арқылы ой-өрісімізді кеңейтіп, ойлау қабілетімізді дамыту.

Сонымен бірге табиғатты қорғау идеясын терең түсініп, елімізге, жерімізге, халқымызға адал қызмет етудің маңызын ұғынамыз. Қорықтардағы әсемдікті тану арқылы ғылым-білімге құштар, көкірегі ояу азамат болуға ұмтыламыз.

Қызыл кітап: не үшін қажет?

Белсенді тақта арқылы әр қорыққа қысқаша сипаттама беріледі. Сонымен қатар сабақта арнайы материал ретінде Қызыл кітап таныстырылады: «Қызыл кітап» деп аталуының себебі талқыланып, оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Табиғат — халық қазынасы. Оның байлығын пайдалану ғана емес, оны қорғау да әрқайсымыздың міндетіміз. Осы мақсатта 1966 жылы елімізде табиғатты қорғау бағытындағы ұйым құрылып, саны сиреп, жойылып бара жатқан аң-құстар мен өсімдіктерді қорғау және тіркеу жұмысы күшейтілді.

1) Мәтінмен жұмыс

6 минут

А) Оқу және аудару

Белсенді тақтадағы мәтін әр оқушыға тізбектей оқытылады, аударма жасалады.

Б) Жоспар құру

Мәтін бойынша негізгі ойларды бөліп, жоспар жасалады.

В) Сұрақ дайындау

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырылады.

2) Сурет бойынша жұмыс

3 минут

«Қазақстанның қорықтары» бұрышындағы суреттер бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылады. Тоғыз қорыққа қатысты сұрақтарға толық жауап беру арқылы тақырып мазмұны ашылады. Әр қатарға суреттер үлестіріліп, оқушылар төрт адамнан бірігіп жауаптарын топ болып ұсынады.

Сұрақтар

  1. Қазақстанда неше қорық бар? Атап беріңдер.
  2. Қорықтар қандай мақсатпен ашылды?
  3. Ақсу-Жабағылы қорығы қай жылы құрылды және қайда орналасқан?
  4. Барсакелмес қорығының жер аумағы қандай?
  5. Алакөл қорығында қандай құс мекендейді?
  6. Наурызым және Алматы қорықтары қай жылы құрылды?
  7. Барсакелмес қорығында қандай өсімдіктер мен жануарлар бар?
  8. Қандай кітап «Қызыл кітап» деп аталады?
  9. Қорғалжын қорығы қай жерде орналасқан?

3) Диалогпен жұмыс

5 минут

2-тапсырма негізінде Қазақстанның қорықтары туралы жұппен диалог құрастырылады. Оқушылар сұрақ-жауап үлгісін сақтай отырып, қысқа әрі мазмұнды сөйлесім жасайды.

4) Грамматикалық тапсырма

3 минут

Белсенді тақтада жыл бойы өткен грамматикалық тақырыптарды еске түсіруге арналған тест беріледі. Орындауға 2 минут уақыт бөлінеді.

Еске түсіру тесті

  • — тиянақты ойды білдіреді.
  • Сөйлем мағынасына қарай — бөлінеді.
  • Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем — деп аталады.
  • Құрмалас сөйлем —, —, — бөлінеді.
  • Құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі —.
  • Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем —, —, —, —, — бөлінеді.
  • Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі — деп аталады.
  • Бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем —, —, —, —, —, — болып бөлінеді.

Осылайша сөйлем және оның түрлері қайталанады. Енді теориялық білімді практикада бекіту үшін деңгейлік тапсырмалар орындалады.