Сан есім. Сабақтың мақсаты

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Пән
Қазақ тілі (3-сынып)
Тақырып
Сан есім. Есептік және реттік сан есімдер.
Сабақтың түрі
Сан есім түрлерін меңгеру, талдау, анықтау.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, ізденіс, баяндау, талдау және т.б.
Көрнекіліктер
Электронды оқулық, интерактивті тақта, суреттер, сауалнама және т.б.
Пәнаралық байланыс
Математика, әдебиет, дүниетану, бейнелеу өнері және т.б.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың сан есім туралы білімін жаттығулар арқылы қолдануын тексеру; сан есімдерді түрлеріне қарай талдап зерттеу; есептік және реттік сан есімдерді бір-бірінен ажырата білуге үйрету; өзара пікір алмасуда бір-бірінің ойын құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • 1 Сан есім және оның түрлері туралы мәлімет алады.
  • 2 Мәтін мен жаттығу ішінен сан есімдерді таба алады.
  • 3 Есептік және реттік сан есімдерді бір-бірінен ажыратады.
  • 4 Ережені өздері құрастырып айтуға дағдыланады.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру (психологиялық ахуал)

Мұғалімнің нұсқауы бойынша оқушылар бір, екі, үш рет шапалақ соғып, сабаққа көңіл күйін реттейді: «Мені көріп тұрғандар — бір рет, естіп тұрғандар — екі рет, дайын отырғандар — үш рет шапалақ соғыңдар».

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындықты тексеру.
  • Сабақ мақсатымен таныстыру.

II. Есіңе түсір (қайталау): «Кім көп біледі?»

Оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді. Жауап берген оқушылар мадақталып отырады.

Сұрақ 1

Зат есім дегеніміз не?

Сұрақ 2

Негізгі зат есім дегеніміз не?

Сұрақ 3

Жалпы және жалқы зат есімдер дегеніміз не?

Сұрақ 4

Етістік дегеніміз не?

Сұрақ 5

Туынды етістік қалай жасалады?

Сұрақ 6

Туынды сын есімдер қалай жасалады?

Сұрақ 7

Сын есім дегеніміз не?

III. Сынап көр

«Есіңе түсір» ойыны арқылы сын есім мен зат есімнің ережесін қайталап, оқушылар мысалдар келтіреді. Мақсат — өткен сөз таптарын нақтылау және жаңа тақырыпқа көпір жасау.

IV. Анықта

Жаңа сабаққа түсінік беріледі: сан есімнің негізгі түрлері, әсіресе есептік және реттік сан есімдердің ерекшеліктері талқыланады.

V. Іске асыр (жаттығу жұмысы)

I деңгей: Оқулықпен жұмыс

1) Терең ойлау

Реттік сан есімдерді есептік сан есімдерге айналдыру. 22-жаттығу.

2) Шығармашылық тапсырма

Сан есімнің қай түріне жататынын анықтау. 24-жаттығу.

3) Сурет бойынша әңгіме

25-жаттығу.

4) Ой дамыту

Анаграмманы шешу. Сан есімнің сұрағына және тыныс белгілеріне назар аударту.

II деңгей: Мәтінмен жұмыс (интерактивті тақта)

«Артық болмас білгенің…» мәтінін оқып, ішіндегі сан есімдерді анықтаңыз.

1) Жас нәресте тәулігіне 18 сағат ұйықтауы керек. Балалар — 10–12 сағат, жас жеткіншектер — 10 сағатқа дейін, үлкендер — 7–9 сағат.

2) Жаңа туған бала 1 минутта 60 рет, 5 жастағы бала — 25–26 рет; 10–17 жастағылар — 16–20 рет; үлкендер — 16 рет тыныс алады.

Тапсырма

Мәтін ішіндегі сан есімдерді теріп жаз.

VI. Нәтиже

«Кім білгір?» ойыны арқылы қорытындылау.

VII. Бағалау

Жауап беру белсенділігі мен тапсырма орындау сапасына қарай бағалау.

Ескерту

Оқушылардың пікірін тыңдап, өзара құрмет мәдениетін сақтау дағдысына назар аудару.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}