Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді

№6 орта мектеп Тәрбие сағаты Біздің Елбасымыз

Өткізген

Нұрмашева Салтанат

Көрнекілігі

  • Слайдтар
  • Үнтаспа
  • Шарлар
  • Суреттер
  • Буклеттер

Мақсаты

  1. Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туған-өскен, білім алған және қызмет еткен орындары туралы мағлұмат беру.
  2. Елбасының өмір жолын үлгі ете отырып, Отанды және халықты сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
  3. Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту.

Кіріспе: Ел мен тұлға

Бұл тәрбие сағатында Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы мен ел тәуелсіздігі жылдарындағы маңызды белестері еске алынады. Оқушылардың оқыған өлең-жырлары мен айтқан ойлары арқылы елге қызмет ету, жауапкершілік, бірлік және патриоттық құндылықтар айқындалады.

Өлең шумақтары: Халықпен бірге

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың,
Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.
Жастықтың жалын шақтарымен бірге айтып арман әндері,
Қазақстанның бақтарымен бірге жапырақ жаясың.

Халықтың мұңын мұңдайтының да, халықтың жырын жырлар жыр,
Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар сыр.
Соңына ердік, сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,
Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем, беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп, өкіл етіп жіберген.

Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі — сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек, жүрек береді есеп басынан өткен жылдарға,
Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде?

Ән

«Жан аға»

Өмір жолы: еңбектен бастап, елге дейін

Тұлғалық сипат

Н.Ә. Назарбаев — өз міндетін және жауапкершілігін терең сезінетін, әр қадамын мұқият есептейтін тұлға. Саясаткер болу — табиғи дарынмен қатар күн сайынғы ауыр еңбек пен өмірлік дағды екенін оның өмір жолы айғақтайды.

Отбасы туралы дерек

  • Бірінші қатар: інісі — Сатыпалды, апасы — Әнипа.
  • Екінші қатар: Нұрсұлтан Назарбаев, анасы — Әлжан, әкесі — Әбіш.
  • Үшінші қатар: ағасы — Болат Назарбаев, нағашы апасы.

Балалық шағы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген. Балалық шағы тұрмыстық таршылықпен қатар еңбекке ерте араласумен өтті: үлкендерге мал бағуға, бау-бақшаға көмектесті, шөп-шек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, азын-аулақ өнімді сатып, үйге қажетті зат алу үшін есек жеккен арбамен теміржол стансасына бару — бала көңіл үшін үлкен мереке саналған. Мектепте жақсы оқып, білімге ұмтылды, ата-анасын ерекше құрмет тұтты.

Еңбек жолының басталуы

Ол ерте есейді. Орта мектепті аяқтаған соң Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына аттанып, еңбек етті. Кейін бір топ қазақстандықпен бірге Украинаның Днепродзержинск қаласына барып, металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді: шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметтерін атқарды. Уақыт өте инженерлік деңгейге көтерілді.

Басшылыққа көтерілу

Сол жылдары оның ұйымдастырушылық және басшылық қабілеті айқын көрінді. Қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі жауапты қызметтерді атқарды: металлургиялық комбинатта партком хатшысы болды, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономика саласына жауапты хатшы қызметін атқарды.

Саяси өмірбаянның басталуы

Ол Қазақстан Үкіметін басқарған кезде 44 жаста еді. Осы кезеңнен бастап оның саяси өмірбаяны жаңа белеске көтерілді.

Тәуелсіздік белестері: мемлекет қалыптасуы

1991: Президент сайлауы

1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады.

1991: Тәуелсіздік жариялануы

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде жарияланды.

1992: Мемлекеттік рәміздер

1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері — Елтаңба, Ту және Әнұран бекітілді.

Елтаңба авторлары

Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов

Ту авторы

Суретші Шәкен Ниязбеков

Елтаңба мағынасы

Шаңырақ — Отанның, отбасының бастауы; ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген идеяны білдіреді. Уықтар — елдің бірлігі мен ынтымағын аңғартады. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ — жүректілік пен қырағылықты, күш пен шапшаңдықты бейнелейді. Бес бұрышты жұлдыз — «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманның нышаны.

Мемлекеттік Ту туралы

Мемлекеттік Ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданып, 6 маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Көгілдір матаның сол жағында ұлттық өрнек орналасқан. Жалаудың ұзындығы — 2 метр, ені — 1 метр.

1993: Теңгенің енгізілуі

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы — теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

1995: Конституция

1995 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата Заңы қабылданды.

Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз — Ата Заңның күні бұл.

Ермек Өтетілеуұлы

Астана: жаңа кезеңнің символы

Астана — Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасының жарлығына сәйкес 1997 жылы бұрынғы астана Алматыдан Президент Әкімшілігі, Үкімет және Парламент жаңа астанаға көшірілді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері өтті. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында, Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.

Ән

«Астана — бас қала»

2006: Әнұран

2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны қабылданды. «Менің Қазақстаным» әні ел рухын асқақтатып, жұртшылықтың жүрегіне орнықты.

Осы сәтте Әнұран орындалады.

Қорытынды: аманат пен жауапкершілік

Елбасына ауыр күнді артымызға тастауы —
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Елбасымыз, саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар — бәріміз.
Ұлтым, елім деп қайғырған ұлы жан,
Сіз — біздердің піріміз де, әніміз.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, Елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Төле бидің сөзі

Уа, халқым, сөз қадірін білесің. Жаңбыр жаумаса — жер жетім, басшысы болмаса — ел жетім. Көсіле шабар жерім бар, тау көтерген елім бар. Қол бастайтын ерім бар, атадан қалған сара жолым бар.

Барлығының ортақ түйіні

Біз — тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңмен жалғайтын, қазақ елінің ертеңі мен болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз.

Қорытынды ән

«Елім менің» (сөзі: Н.Ә. Назарбаев, әні: Б. Тілеуханов)