Дыбыс командасының таныстыруы

Ойынға түсініктеме

Бұл ойын физика пәні аясында өткізіледі. Сайысқа екі топ қатысады: «Жарық» және «Дыбыс». Әр топта 7 оқушы болады, қатысушылар төсбелгі тағады.

«Дыбыс» тобы

Топ сайысқа шығарда атауына сай дыбыс шығаратын құралдармен музыкалық көркемдеу жасайды (мысалы, қасықтармен әуен ойнау және т.б.).

  • Музыкалық сүйемелдеу арқылы көңіл күй қалыптастырады.
  • Дыбыстың табиғаты мен таралу идеясын сахнада көрсетеді.

«Жарық» тобы

Топ әртүрлі жарық көздерімен шығады: топ басшысы — Күн, ал мүшелері май шам, керосин лампасы, факел, фонарь және басқа да жарық беретін заттарды ұстап шығады.

  • Жарық көздерінің алуан түрін таныстырады.
  • Көрнекілік арқылы физикалық ұғымдарды есте сақтауды жеңілдетеді.

Жүргізушінің сөзі

Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға,
Қанеки, кім шығады сайысуға!

Осы сөздермен ортаға сайыскерлер шақырылады.

Командалардың ұраны

«Дыбыс» командасы

Тереңде жатқан асыл тас,
Су толқыса шығады.
Тереңде жатқан асыл сөз,
Ой толқыса шығады.

«Жарық» командасы

Білімдінің күні — жарық,
Білімсіздің күні — кәріп.

Таныстыру бөлімі

Ендігі кезек — командалардың өзін таныстыруына беріледі.

«Дыбыс» командасының таныстыруы

Дыбыс деген топпыз,
Жеңіліп көрген жоқпыз.
Дыбыс сияқты тараламыз,
«4» пен «5» деген баға аламыз.

Әділқазы әділ баға береді,
Бұл сайыста сап етеміз өнерді.
Жанкүйер жан дауыспен қостаса,
Шабытымыз шарықтап кетеді.

Бұл сайыста «жеңілеміз» демейік,
Білім шыңына бірге жетейік.
Ұстаздарды қуанышқа бөлейік.

«Жарық» командасының таныстыруы

Жалын мен оттан жаралып,
Жарқылдап біз де кеп қалдық.
Жылуды жерге таратып,
Сайысамыз топ жарып.

Басымызды бұлт шалса,
Достарымыз көп болсын.
Әділ баға беретін,
Қазыларым ден қойсын.

Білімді тексеру: өлең авторын табу

Адам табиғаттың төресі, әміршісі, падишасы болу үшін жаралған. Ендеше табиғат сырларын қаншалықты білетінімізді көрсету үшін мына жолдардың авторын анықтайық.

Сұрақ: «Дыбыс» командасына

Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.

Жауабы: Абай

Сұрақ: «Жарық» командасына

Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.

Жауабы: Абай