Бейнефильм көрсету
Коучинг сабағының қысқа мерзімді жоспары
Тақырыбы
Оқу үдерісінде нәтижеге бағытталған SMART мақсат қоя білу.
Жалпы мақсат
- Мұғалімдердің сабақ мақсатын нақты қоя білуіне, мазмұнын белгілеуге және күтілетін нәтижені болжауға бағыт беру.
- Сабақ мақсаты мен болжамдалған нәтижені өзара байланыстыру дағдысын қалыптастыру.
- Оқушыларды сабақ барысында өз мақсаттарын қоюға бағыттап, қолдау көрсету тәсілдерін меңгерту.
Күтілетін нәтиже
Мұғалімдер сабақтың мақсатын нақты, өлшенетін, қолжетімді түрде қоюды үйренеді және дұрыс қойылған мақсат оқушылардың білімді сапалы меңгеруіне жағдай жасайтынын түсінеді.
Сабақ барысы
Кіріспе
3 минутСәлемдесу. «Сәлем — сөздің атасы».
Шаттық шеңбері. Қатысушылар шеңберде кезектесіп өздері туралы екі дерек айтады: біреуін өзгелер біледі, екіншісін ешкім білмейді.
Топтық жұмысты бастамас бұрын қатысушылардан топ ережелерін атап шығуды сұраймын және ортақ келісіммен бекітемін.
Білу
7 минутМиға шабуыл. Бейнефильм көрсету: «Как добиться своей цели».
Бүгінгі коучингті бастамас бұрын бейнефильмге назар аударайық. Көргеннен кейін қандай ой түйдіңіздер? Ортаға салайық.
Түрткі сауал 1
Бейнефильмнен нені түсіндіңіздер?
Түрткі сауал 2
Сабақтың тақырыбы не туралы болады деп ойлайсыздар?
Түсіну
15 минутТапсырма: постер қорғау
Тақырып: «Арман мен мақсаттың айырмашылығы қандай?»
Формативті бағалау жүргізіледі: топтардың дәлелі, нақтылығы және ой тұжырымдауы негізге алынады.
Қатысушыларға теориялық материал таратылады. Олар материалды өз бетінше оқып, топ ішінде талқылап, ортақ пікірге келеді.
Негізгі тұжырым
Арман өздігінен орындалмайды: оны жүзеге асыратын — өзіміз. Арман мен мақсаттың басты айырмашылығы — арманның іске асатын уақыты белгіленбейді, ал мақсат — белгілі бір мерзімге байланған нақты нәтиже.
SMART мақсаттың өлшемдері
S — Specific
Арнайы, нақты.
M — Measurable
Өлшеуге болатын, нақты көрсеткіші бар.
A — Attainable
Қолжетімді, орындалатын.
R — Realistic
Шынайы, нақты жағдайға сай; қысқа да нұсқа.
T — Timed
Белгілі бір уақыт аралығымен шектелген.
Автор туралы мәлімет
М. Мәметова атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Қалиева Назипа Қанибайқызы.
Тақырып: «Оқу үдерісінде нәтижеге бағытталған SMART мақсат қоя білу».