Түн қысқарар бірақ
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың бойына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату; ана тілін, оның тарихын, өнері мен мәдениетін қастерлей отырып, дамыта оқыту және тәрбиелеу.
- Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыздың қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
- Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін құрметтеуге баулу, мағынасын балаларға ұғындыру.
Көрнекіліктер
- Ұлттық киім үлгілері
- Ұлттық тағам түрлері
- Құрақ көрпе
- Мақал-мәтелдер
- Оқушылар салған суреттер
- Нақыл сөздер
Нақыл сөздер
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда ол жылы жол болар.
Мұғалім сөзі
Наурыз — қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеліп, қыс өтіп, көктем келеді. Тіршілік жаңғырады. Тіршіліктің арқауы — ырыс-несібе, еңбек, береке. Малының қыстан аман шығуы, төлдеп, өсіп-өніп көбеюі — қазақ үшін үлкен қуаныш.
Қазақ халқы бұл күнді жаңа жылдың бастауы деп білген: жыл басы — Наурыз. Баба дәстүрінде бұл мереке ойын-күлкімен, әзіл-қалжыңмен, халық қиялындағы Жиренше, Қожанасыр, Алдар Көсе, Тазша бала секілді кейіпкерлердің көркімен айшықталған.
Ендеше, ауылда болып жатқан Наурыз тойы — дәстүрлі мереке атты тәрбие сағатын бастаймыз.
Наурыз жыры
Оқушы
Наурыз келіп, қар кетті. Ақ қар, көк мұз жұтатқан, Шаруа елінен сән кірді. Наурыз келіп, жас кірді, Жас хабаршы — әз кірді. Күнге тосып арқасын, Жан біткенге наз кірді.
Мұғалім
Күн мен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді. Соны тойлар ел енді. Наурыз тойы — салтымыз, Көгерсін деп халқымыз, Көшеге тал егеміз.
Көрініс: Күн мен Түн
Күн
Сәулесі мол Күнмін.
Түн
Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп
Бүгін біздер бірдей боп, Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең күн ұзарақ.
Күн: Түн қысқарар, бірақ.
Ұйқы қанбай қалып, Жүрмеңдер тек, бірақ.
Құттықтау
Оқушы
Сәнді көктем — Наурыз, Наурыз тойы — жырымыз. Көңіл гүлдей жайнасын, Құлпырсын күн мен ай, Құтты болсын Наурыз той!
Ұлыс күніндегі сәлемдесу дәстүрі
Мұғалім: Балалар, ұлы күні сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар. Кәне, соны көрейік.
Оқушы: Амансыз ба? Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, қайда болса жол болсын.
Оқушы: Ұлыс береке болсын, бәле-жала жерге енсін.
Оқушы: Ұлыс бақытты болсын, төрт түлігің ақты болсын.
Оқушы: Ұлыс бақты болсын, әр күніміз жақсы болсын, достығымыз берік болсын, білім-өнер серік болсын!
Оқушы: Ау, жарандар, келіңдер! Той қызығын көріңдер! Наурыз айға бас иіп, күнге сәлем беріңдер.
Наурыз тойындағы ұлттық ойындар
Мұғалім: Наурыз тойында ұлттық ойындар да ойналған. Қане, кім қандай ұлттық ойындарды біледі?
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі тойымызда осы ойындардың кейбірін ойнап көрейік.
- «Қыз қуу» ойыны: мақал-мәтел айтып жарысу.
- Күш сынасу (білектесу).
Наурыз көже және ән
Мұғалім: Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырымы мен дәмі — Наурыз көже. Бүгін аналарың сендерге Наурыз көже пісіріп жіберіпті. Ендеше, аналарымызға арнап «Қазақтың дастарханы» әнін орындайық.
Хор
«Қазақтың дастарханы»
Қорытынды
Тәрбие сағатымызды батамен аяқтай отырып, баршаңызды Наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.