Жаманнан жақсы туады, Адам айтса нанғысыз

Отбасы – тәрбиенің ұясы

Бала тәрбиесінің алтын қазығы – туған ұясы. Отбасындағы ата-ана тәрбиесі мен өнегесі баланың болмысын қалыптастырады: ата-ана – баланың ең алғашқы, ең басты ұстазы. Осы ойды терең түсіндіру, оқушылардың сана-сезімін дамыту, ата-ана мен баланың өзара түсіністігін нығайту, сондай-ақ ата-ана, ұстаз және оқушы арасындағы байланысты күшейту – ортақ мақсат.

Негізгі бағыттар

  • Ата-ананың бала тәрбиесіндегі орны мен жауапкершілігін ұғындыру.
  • Ата-ана мен баланың өзара түсіністігін арттыру, мектеппен байланысты нығайту.
  • Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу; ата-ананы қадірлеу мен құрметтеуге дағдыландыру.

Көрнекілік

Слайдтар Мақал-мәтелдер Интерактивті тақта

Жүргізушілер сөзі

Жақсыдан жаман туады —
Бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады —
Адам айтса нанғысыз.

1-жүргізуші

Баланың бас ұстазы – ата-ана. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық отбасы тәрбиесінің маңызын айқын көрсетеді. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата-ананың өзі де биік рухты, өнегелі болуы керек.

Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке – асыраушы, қамқоршы, тірек; ана – отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана береке әкеліп, отбасын бақытқа бөлейді. Ата-ана үшін баладан артық ешкім жоқ.

2-жүргізуші

Осы іс-шараға келіпсіздер жиылып,
Сәлем бердік сіздерге біз де міне.
Ұлың өсіп келеді — ата-ананың үміті,
Тәрбиелеп келесіз ел қорғайтын жігітті.

1-жүргізуші

Қыз бой жетіп келеді — шуақ шашып әр үйге,
Гүлдей болып өссінші, сыйлы болып бәріне.
Ата-ананың жүрегі бала деп қана соғады,
Баласы жақсы адамның басына бақыт қонады.

2-жүргізуші

Өлең: Мұзафар Әлімбаев — «Ата-ана үміті»

Қипақтай да қит етсе анаң, әкең: Қайтсем ғана осыны адам етсем? Басқалардың осындай балалары Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен? Ойым емес, оллаһи, біздікінің Енжарлығы елде жоқ ала бөтен. Туа сала тұлпардың жалын тартқан Қырғиларға қызығып қарап өтем. Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлап, Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен? Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау, Болмаса да топжарған дара бөтен. Мүше тістеп мықтылар той жасаса, Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем? Үміт пенен күдіктің ортасында Ата-ананың үміті талады екен.

Оқушы: Өмірбек

Ата-ана баласының болашағына алаңдайды: «қайтсем де баламды адам етем» деген үміт пен арман бала өмірімен бірге өріліп, еңбектің, тәрбиенің нәтижесіне айналады.

Тәрбие – сөз ғана емес

Бала тәрбиесі тек ақыл айту, әңгімелесу, кеңес берумен шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыруда, күнделікті әрекетте, үлкеннің өз мінез-құлқы арқылы үлгі болуында. Отбасындағы тәрбие халық өмірімен, қоғамның мақсат-мүддесімен сабақтас болғанда ғана бала бойындағы жауапкершілік пен құндылықтар берік қалыптасады.