Сен аман бол

Сен аман бол...
Сен аман боп жүрші, жаным, ләйім,
Арманым да, ардағым сен – Күн, Айым.
Тұнба бұлақ секілденген көздерің
Тәңіріден мұңланбауын сұрайын.

Қатты кетсем жүрегіңді жаралап,
Ақбұлақтай көңіліңді қаралап,
Ақымақтың ашуы деп білерсің,
Қызғанышы қызған шоқтай ғаламат!

Қайтсем де мен бой ұрамын бір саған,
Аққұсымсың, аруымсың аңсаған,
Бүкіл мынау ғұмырымның мәнісі,
Бір өзіңсің қиялым да, ой - санам.

Қарап саған қанатымды қомдаймын,
Қайда жүрсем піріңдей боп қолдаймын.
Тірі жүрсем қара жердің бетінде,
Шаң тигізбей қызғыштайын қорғаймын.

Автор: Ғалым Әріп



Ұқсас жұмыстар

Қаратпалар, түрлері, жасалу жолдары
Сөз этикетінің қызметі
Қазақ халқындағы қарым-қатынас жүйесі мен сөйлеу әдебі
Өзін-өзі тану пәні бойынша тренинг-сабақ
Қазақ мақал-мәтелдерінің мән-мағыналары
Сырым Датұлының шешендік өнері
Абайдың қара сөздеріне талдау
Адамның әлеуметтік мәртебесі: сөйлеу әдебінің ерекшеліктері
Төле би жайлы
Абай - лирик ақын
Жаңа заман талабы
БОЛАТҰЛЫ КЕРЕЙ ХАН
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
ҚАЛҚАМАНҰЛЫ БҰҚАР ЖЫРАУ
Мұнаймен ластанған топырақтан бөлініп алынған микроорганизмдердің микробтық құрамын зерттеу
Мемлекеттің пайда болуы туралы
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру