Сайыстың жүру барысы

Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкжыра ауылы

Амангелді орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі: Қажиғалиева Роза Ғазизовна

Іс-шара форматы

Танымдық ойын «Бақытты сәт» (2-сынып)

Сабақ түрі

Сайыс

Керекті құралдар

Бөшке, нөмірленген шарлар, ойыншықтар, фишкалар, сандық

Нақыл сөздер

  • «Өсер еліміздің болашағы — сапалы білімде»
  • «Білімді мыңды жығар»
  • «Күшіңе сенбе, біліміңе сен»

Мақсаты

1) Оқушыларды өз бетімен білім алуға, жан-жақты болуға үйрету; пәнге деген қызығушылығын арттыру.

2) Өздерін еркін ұстай білу дағдыларын қалыптастыру; ойлау қабілетін дамыту; сөздік қорын молайту.

3) Алғырлыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Кіріспе: ормандағы оқиға

Мұғалім сайыс басталар алдында оқушыларға мынадай оқиғаны әңгімелейді: бір күні аңдар жиналып, кім ең әдемі, кім ең ақылды екенін дауласады. Шешім таба алмаған соң, екі топқа бөлініп сайыс өткізбек болады: «Әдемілер» және «Ақылдылар».

Ал маймыл біресе ана топқа, біресе мына топқа жүгіріп жүреді. Аңдар таңырқап сұрағанда, ол: «Мен әдемімін де, ақылдымын да. Қай топқа қосыларымды білмеймін», — дейді. Аңдар: «Онда сайыс соңында шешесің», — деп келіседі.

Мұғалімнің тапсырмасы: сайыс аяқталғаннан кейін балалар маймылдың қай топқа қосылғаны дұрыс екенін ойланып көреді.

Негізгі ой

Сыртқы әдемілік маңызды болғанымен, білім мен тәрбие — адамды құрметке бөлейтін басты құндылық.

Сайыс барысы

Топтармен таныстыру

1-топ

«Талап»

Ұраны: «Жас ұрпақпыз талапты, Жақсы оқимыз сабақты.»

2-топ

«Алға»

Ұраны: «Алға қарай самғаймыз, Қарсыластан қалмаймыз.»

Бағалау

Оқушылардың жауаптары әділқазылар алқасы тарапынан бағаланады.

Әр дұрыс жауап үшін ұпай қосылады; ойын соңында қорытынды шығарылып, марапаттау жүргізіледі.

1-гейм: Бой сергіту

Уақыты: 1 минут • 1 оқушы жауап береді

1-топ сұрақтары

  1. Шөлге шыдамды жануар?
  2. 30 + 20?
  3. Орман дәрігері қай құс?
  4. 3 тышқанда барлығы неше құлақ?
  5. Сөйлем неден құралады?
  6. 6 санының көршілері?
  7. Алғаш қазақ балаларына мектеп ашқан кім?
  8. Қай жануар қымыз береді?
  9. «Көксерек» әңгімесіндегі баланың аты кім?

2-топ сұрақтары

  1. Еңбекқор жәндік?
  2. Әліпбиде неше дыбыс бар?
  3. Қай аң орман дәрігері?
  4. «Қ» қандай дыбыс?
  5. 2 қоянда барлығы неше аяқ бар?
  6. 1 ғасыр артық па, әлде 40 жыл артық па?
  7. Абайдың шешесінің аты кім?
  8. Ұшып-қонып жүреді, бақаға жем болады — бұл не?
  9. 50 + 30?
  10. «Аю» сөзіне қандай сұрақ қойылады?

2-гейм: Бөшкеден шыққан бас қатырғылар

Ереже: бөшкеден шарлар алынып, нөміріне сәйкес сұраққа жауап беріледі.

  1. Жұлдыздар күндіз жарқырай ма?
  2. Неліктен жалқауды «жалқау» деп атаған?
  3. Ненің үйі арқасында?
  4. Адамның қанын соратын жәндік?
  5. Аспанда ұшып жүрген жыртқыш құсты көрген үйрек балапандарына дауыстап айғайлады. Ол не деді?
  6. «Атамекен» сөзін тағы қандай сөзбен алмастыруға болады?
  7. Егер «Т»-дан бастасаң — санмын, «Т»-ны алып тастасаң — жаумын. Бұл не?
  8. Екі арқар: бірі шығысқа, бірі батысқа қарап тұр. Олар бір-бірін қалай көріп тұр?
  9. Түйенің табаны жалпақ. Неліктен оны шөлде керуенге пайдаланған?
  10. Бұтақта 5 қарға, 8 торғай отыр еді. Олардың 6-уы ұшып кетті. Қалай ойлайсың, ең болмағанда 1 торғай ұшып кетті ме, жоқ па?

3-гейм: Жұмбақтас

Ереже: екі топқа бір сұрақ қойылады. Қай топ бірінші әрі дұрыс жауап берсе, сол топқа ұпай қосылады (қызықты, логикалық сұрақтар).

4-гейм: «Сен маған, мен саған»

Ереже: екі топ бір-біріне сұрақ қояды.

5-гейм: Көсемдікке ұмтылу

Уақыты: 1 минут • Барлығы жауап бере алады

1-топ

  1. Біз тұратын Республика.
  2. 1 аптада неше күн бар?
  3. Қазақтың ұлттық тағамы.
  4. Сөздер қалай тасымалданады?
  5. Көкжиек тұстарын ата.
  6. Төртбұрыштың периметрін қалай табады?
  7. Тәуелсіздік күні.
  8. «Өзім құрлықтамын, балам суда» — ненің сөзі?
  9. Өсімдіктің жер асты мүшесі?
  10. 25 + 3?

2-топ

  1. Біздің астана қай қала?
  2. Қазақтың ұлттық ойыны.
  3. Рәміздерді ата.
  4. 1 сағат — неше минут?
  5. 46 + 2?
  6. Абай Құнанбаев кім?
  7. Тудың авторы кім?
  8. Сөздің түбіріне жалғанатын бөлігі қалай аталады?
  9. 1 жылда неше ай бар?
  10. Өсімдіктің жер үсті мүшелері.

6-гейм: Жиренше ат

Ереже: жәшіктің ішіндегі заттарды табу. Сол заттарға байланысты жұмбақтар шешіледі.

  1. Іші толы ауаға, секіреді аулада.
  2. Тұмсығымен қозғалады, соңында аппақ із қалады.
  3. Сырты ескіргенімен, іші ескірмейді.
  4. Өзі — арық, сөзі — әріп.
  5. Жыл басы.
  6. Қанаты бар, бірақ ұшпайды.
  7. Бұл жорғалап жүрушілерге жатады.
  8. Шар, бетінде өзен-көл, қала, таулары бар.
  9. Бұл құралды ұзындық өлшеу үшін қолданады.
  10. Қысы бойы ұйықтайды, есікті бір ашпайды.
  11. Көңілді көтерер, дала сәнін келтірер.
  12. Дөп-дөңгелек доптай, іші қызыл шоқтай. Дәмін татып көрсең, одан дәмді жоқтай.

Қорытынды және тәрбиелік түйін

Әділқазылар алқасына сөз беріліп, нәтижелер жарияланады. Оқушылар марапатталып, ойын қорытындыланады.

Мұғалім балаларға сұрақ қояды: ойын ұнады ма, маймылдың қай топқа қосылғаны дұрыс? Талқылаудан кейін мына ой бекітіледі:

Әдемі киіну — жақсы. Бірақ білім мен ақыл болмаса, адамды ешкім құрметтемейді. Білімді, тәрбиелі, ақылды болу — ең жақсы қасиеттердің бірі.

Ал жан-жақты болып қалыптасуға көмектесетін сенімді дос — кітап. Сондықтан көбірек кітап оқуға ұмтылайық.

Ы. Алтынсариннің өлең жолдары

Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық.
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.

Барлықтарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!