Динамика негіздері тарауына есептер шығару

Тақырыбы

«Динамика негіздері» тарауы бойынша есептер шығару.

Мақсаты

Оқушылардың денелердің бір-бірімен әсерлесуін зерттейтін динамика тарауы бойынша білімдерін жүйелеу және қорытындылау.

Күтілетін нәтиже

  • Динамика тарауы бойынша алған білімін жүйелейді.
  • Берілген тапсырмаларды орындайды.
  • Тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауға үйренеді.

Дереккөздер мен құрал-жабдықтар

Стикерлер Айналмалы барабан Бағдар картасы Слайд

Сабақтың құрылымы

Кіріспе

2 минут

Оқушыларды стикерлердегі физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктері арқылы жұпқа бөлу.

Тұсаукесер

8 минут
  • «Өрмекші тор» әдісі арқылы оқушының қызығушылығын ояту.
  • Викториналық сұрақтар арқылы тақырыпты шолу.
  • Бағдар картасымен жұмыс ережесін түсіндіру.

Негізгі бөлім: тапсырмалар

№1 тапсырма: Физикалық диктант

Негізгі ұғымдарды бекіту
  1. Сандық мәнімен және _______________ сипатталатын физикалық шама ___________ деп аталады.

  2. Ньютонның ІІ заңы: әрекет ететін күшке тура, ал _______________ кері пропорционал.

  3. Ньютонның ІІІ заңы: модульдері жағынан _________, ал бағыты ______________.

  4. Әлемдегі денелердің бір-біріне ___________ бүкіл әлемдік ________ деп аталады.

  5. Денелердің _________ тартылу күшін _____________ күші деп атайды.

№2 тапсырма: Сәйкестікті тап

Теорияны қолдану

«Динамика негіздері» тарауы бойынша есептер шығару тақырыбына сәйкес келетін ұғымдар мен анықтамаларды (немесе формулалар мен шамаларды) сәйкестендіріп жүкте/толтыр.