Дайын суретті сүлгімен бастыру
Тақырыбы: Арба
Білім беру саласы: Шығармашылық. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру.
Мақсаты
- Берілген пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастырып, арба бейнесін жапсыруды үйрету.
- Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
- Ойлау мен қиялдау қабілеттерін дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар
Билингвалды компонент
- Арба
- телега; повозка
- Көлік
- транспорт
- Ұшақ
- самолет
Шаттық шеңбері
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз.
Балалар, сендер жаңа сыныпқа келем дегенше бізге белгісіз біреу ашық хат қалдырып кетіпті. Ашып көреміз бе?
Ашық хаттың ішінде жұмбақтар бар екен. Қане, мұқият тыңдап, шешуін табайық.
Жұмбақ шешу
-
1. Төбесінде ебелек,
Ұшады өзі керемет.Жауабы: Тікұшақ
-
2. Табанында жолы бар,
Төбесінде қолы бар.Жауабы: Трамвай
-
3. Құстан аумайды,
Көкке заулайды.Жауабы: Ұшақ
-
4. Сымға асылып,
Жүр асығып.Жауабы: Троллейбус
-
5. Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Не жүретін жолы жоқ.
Мінсең заулайды,
Бірақ ізі қалмайды.Жауабы: Ұшақ
-
6. Адам істеп шығарған бір жануар,
Құрғақ жерде жаны жоқ, суда болар.
Жаз болса күні-түні су ішінде —
Бұл не еткен жануар, табыңыздар!Жауабы: Қайық
-
7. Төрт аяғы дөңгелек,
Қозғалады орнынан.
Жүреді ол дөңгелеп,
Жүйіткиді желменен,
Дауысы бар гүрілдеп.Жауабы: Машина
Әңгіме: көліктер әлемі
Тәрбиеші оқу іс-әрекетін көліктер туралы әңгімеден бастайды. Тақтаға көліктердің әртүрлі түрлері бейнеленген суреттер ілінеді. Суреттерді көрсете отырып, төмендегі сұрақтар қойылады:
- Балалар, мына суретте нелер бейнеленген?
- Барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
- Көліктердің аттарын атаңдар.
- Олардың қандай бөліктері бар?
- Көлік не үшін керек?
Балалардың жауаптары тыңдалып, қажет жері толықтырылады.
Дидактикалық ойын: «Дауысынан таны»
Көліктер 3 топқа бөлінетінін еске түсіреміз: әуе көліктері, суда жүзетін және жерде жүретін.
Бұрын мұндай көліктердің барлығы болмаған кезде адамдар арбаны көлік ретінде пайдаланған. Арбаны түйеге, атқа немесе өгізге жегіп, айшылық алыс жерлерге дейін барған.
Бүгін біз сол арбаны түрлі түсті қағаздан жапсырып жасаймыз.
Үлгі суретпен жұмыс
Жапсыру тәсілімен жасалған арбаның үлгісі көрсетіліп, оның бөліктері мен орналасуы сипатталады.
Арбаны жапсыру кезеңдері
- 1 Ақ қағаздың ортасына шаршы пішінді жапсыру.
- 2 Арақашықтықты сақтай отырып, шаршының бұрыштарына жолақшаларды жапсыру.
- 3 Шаршының төменгі жағына дөңгелек пішіндерді жапсыру.
- 4 Дайын жұмысты сүлгімен жеңіл бастырып, артық желімді алу.
Сергіту сәті
Бір, екі, үш деп айтайық,
Саусақтарды тартайық.
Жалқау бала болмайық,
Қолды қысып ойнайық.
Дидактикалық ойын: «Қай жолмен жүреді?»
Тақтаға аспан, жол, су және темір жол суреттері ілінеді. Балаларға көліктерді өз жүретін жолдарына сәйкес орналастыру ұсынылады.
Әуе
Ұшақ, тікұшақ
Су
Қайық
Жол
Машина, арба
Темір жол / Сым желісі
Трамвай, троллейбус
Көрме
Жұмыстардан шағын көрме ұйымдастырылады. Балалардың еңбектері атап өтіліп, мадақ сөздер айтылады.
Қорытынды
Сабақ «Текшелер» ойыны арқылы қорытындыланады: шаршы текше ортаға лақтырылады. Текшенің бетіне түскен суретке қарай балалар бүгін қандай әрекет орындағандарын айтып береді.
Нені білу керек
Көлік түрлерін.
Нені игереді
Геометриялық пішіндерден арба бейнесін жапсыруды.
Нені біледі
Желімді жағу тәсілдерін.
Автор туралы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, І. Үргенішбаев атындағы орта мектебі
Болыскей Нұргүл Кенжеғалиқызы
Форматы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспары: жапсыру, көліктер тақырыбы.