Оқушыларды Қазақстанның тектоникалық құрылымы және тектоникалық картаның мазмұнымен таныстыру
География пәні мұғалімі: Елеуова Ақбала Алдоңғарқызы
Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы
8-сынып
Мақсаты
- Қазақстанның геологиялық даму тарихы туралы түсінік қалыптастыру.
- Геологиялық даму барысында республика аумағындағы табиғат жағдайларының бірнеше рет өзгергенін түсіндіру.
- Тектоника ғылымы туралы ұғым қалыптастыру.
- Қазақстанның тектоникалық құрылымымен және тектоникалық картаның мазмұнымен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер
Оқушылар Қазақстанның тектоникалық және геологиялық карталарын физикалық картамен салыстырып, сәйкестендіру арқылы геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы туралы жүйелі түсінік қалыптастырады.
Салыстыру
Сәйкестендіру
Карта талдауы
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
- Жеке жұмыс
- Диалогтік оқытудағы ЖИГСО әдісі
- Критерий арқылы стикермен бағалау
- Рефлексия парағы
Керекті жабдықтар
Карталар
Қазақстанның физикалық және тектоникалық картасы
Кесте
Геохронологиялық жер жылнамалық кесте
Материалдар
Тест, атлас, бағалау парағы
Сабақ барысы
Құрылымды жоспар • Айқын қадамдар • Топтық жұмыс
I. Ұйымдастыру
- 1 Тұлғааралық байланысты орнату.
- 2 Сыныппен амандасу.
- 3 «Эралар» техникасы бойынша 5 топқа бөлу: оқушылар Палеозой, Мезозой, Кайнозой, Платформа, Қатпарлықтар топтары бойынша топтасады.
II. Өтілген сабақты қайталау
Тест сұрақтары1) Мезозой эрасының дәуірлері:
- A) Бор, триас, юра
- B) Пермь, карбон, девон
- C) Силур, ордовик, кембрий
- D) Бор, триас, девон
- E) Триас, юра, силур
2) Қазақстандағы ең ежелгі бөліктер:
- A) Сарыарқа
- B) Шығыс Еуропа жазығы
- C) Батыс Сібір жазығы
- D) Тұран ойпаты
- E) Бетпақдала
3) Ғылымда тау жынысының жасын анықтау әдістері:
- A) Салыстырмалы, абсолюттік
- B) Абсолюттік, жылдық
- C) Ғасырлық, салыстырмалы
- D) Ондай әдіс жоқ
- E) Ғасырлық, жылдық