Қымыз ненің сүті

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға жануарлар әлеміндегі сырлы құпиялар және адам өміріндегі жануарлардың маңызы туралы мағлұмат беру. Есім сөздер мен жалғауларды қайталау.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау, сөйлеу және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Жануарларды қорғауға, оларға қамқорлық жасап, жауапкершілікпен қарауға баулу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып
Үй жануарлары. Төрт түлік
Сабақтың типі
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі
Аралас
Пәнаралық байланыс
Дүниетану

Көрнекіліктер

  • Жануарлардың мүсіндері мен суреттері
  • Интерактивті тақта (флипчарт, слайдшоу)
  • Аудиожазба, бейнетаспа (цирктен үзінді)

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу.
  2. Түгендеу.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Жабайы жануарлар туралы ізденіс жұмыстары (ең үлкен, ең кіші жануарлар).
  • Қасқыр, кірпі сөздеріне фонологиялық талдау.
  • Жабайы жануарлардың суретін салу.

III. Білімін жан-жақты тексеру

Айтылым: Ормандағы жабайы жануарларды қастандық ойлаған адамдар торға түсіріпті. Әр жануардың ішінде сұрақ бар: дұрыс жауап берсеңдер, олар өз орманына қайта оралады. Көмекке дайынбыз ба?

Қайталау сұрақтары

  1. Қосымшаның неше түрі бар?
  2. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
  3. Зат есім дегеніміз не?
  4. Сын есім дегеніміз не?
  5. Сан есім дегеніміз не?
  6. Етістік дегеніміз не?

Слайдшоуға кіріспе

Кейде адамдар мен жануарлар ұқсас қылықтар жасайды. Сол қимылдарды тамашалайық: тақтаға назар аударайық.

Слайдшоу (интерактивті тақта)

Сөйлем құрастыру тапсырмасы (флипчарт)

Жануарлар орманына оралғанымен, төлдерін таба алмай жүр. Анасы мен төлін сәйкестендіріп, сөздерді дұрыс ретке келтірсек, сөйлем шығады.

  1. Ешкім жабайы жануарларды бақпайды.
  2. Мен жануарларды жақсы көремін.
  3. Жабайы жануарлар орманда тіршілік етеді.
  4. Олар өз қорегін өздері тауып жейді.
  5. Жануарлар екіге бөлінеді.

«Мергендік» ойыны (көптік жалғау)

Тақтада жабайы жануарлардың атаулары және көптік жалғаулары берілген. Сөзге көптік жалғауын дұрыс жалғаған оқушы марапатталады.

Сөздер

Аю, түлкі, қоян, жолбарыс, піл, керік

Көптік жалғаулар

-лар, -лер, -дар, -тар, -дер, -тер

IV. Жаңа сабақты игеруге даярлау

Болжау стратегиясы

Адамдар жабайы жануарлардың кей түрлерін қолға үйреткен. Тіпті олардың сахна төріндегі орны да ерекше.

Бейнетаспа: цирктен үзінді

Малға қатысты тыйым сөздер

  1. Малды теппе, ақты төкпе.
  2. Малды басынан ұрма.
  3. Малға теріс мінбе.

V. Жаңа сабақ

Жануарларды үлкен екі топқа бөлеміз: жабайы жануарлар және үй жануарлары. Жабайы жануарлар туралы білімімізді толықтырдық, енді үй жануарларына тоқталамыз. Қазақ халқы үшін ең қасиетті әрі қастерлі ұғымдардың бірі — төрт түлік.

Төрт түлікке жатады

  • Түйе
  • Сиыр
  • Жылқы
  • Қой-ешкі

Негізгі айырмашылық

Бұл жануарларды адамдар бағады: жем-шөп, су береді, төлін өсіреді. Мал шаруашылығы — халқымыздың атадан балаға жалғасқан мұрасы.

Сұрақ:

Төрт түліктің адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?

Айтылым: төрт түліктің пайдасы

Ішсек — сусын

Күнделікті пайдаланатын айран-сүт, қымыз, шұбат — төрт түліктің сүт өнімдері. Қымыз — жылқының сүті, шұбат — түйенің сүті.

Жесек — ас

Етінен түрлі тағам әзірленеді: бесбармақ, қуырдақ, наурыз көже және басқа да ұлттық ас түрлері.

Кисек — киім

Жүнінен жылы киім тоқылады, жіп иіріліп мата жасалады, терісінен тон тігіледі.

Мінсек — көлік

Ата-бабамыз малды көлік ретінде пайдаланған. Құмды жерлерде түйе таптырмас көлік, ал жылқы — жүрдек серік.

Жаңа сөздік (аудиожазба)

Қызмет етеді

служат

Шұбат

напиток из верблюжего молока

Қымыз

напиток из кобыльего молока

Төрт түлік

четыре вида домашнего скота

Үркегі

пугливый

Құттысы

приносящий благо

Сөздік бойынша грамматикалық тапсырма
  1. Сөз тіркестерін құрастыру.
  2. Сөйлем құрастыру.

VI. Жаңа сабақты меңгеру деңгейін тексеру

Оқулықпен жұмыс (1-жаттығу)

Тыңдалым және оқылым: аудиожазбаны тыңдап, мәтінді тізбектей оқыту.

Үй жануарлары адамға қызмет етеді. Олар адамға киім, тамақ береді.

Түйе сүтінен шұбат, жылқы сүтінен қымыз жасайды. Сиыр мен ешкі де сүт береді.

Біздің халық бұл жануарларды төрт түлік деп атайды.

  • Түйе — малдың үлкені.
  • Жылқы — малдың үркегі.
  • Сиыр — малдың сүттісі.
  • Қой — түліктің құттысы.

Деңгейлік тапсырма: 1-деңгей

  • Қымыз сөзін септеу.
  • Жылқы сөзін тәуелдеу.

2-деңгей

  • Адамға, сүтінен сөздерін буынға бөліп, буын түрін анықтау.

3-деңгей

  1. Үй жануарлары адамға қандай қызмет етеді?
  2. Халық үй жануарларын қалай атайды?
  3. Неліктен сиырды «малдың сүттісі» деп атайды?

Сергіту сәті

Әр төлді анасына шақырамыз: әнмен де, сөзбен де болады. Мақсат — төлді өз анасына «табыстыру».

«Сыңарын тап» ойыны
  • Сиыр — сүт береді.
  • Жылқы — қымыз береді.
  • Қой-ешкі — жүн береді.
  • Түйе — шұбат береді.

Дәптермен жұмыс (2-жаттығу)

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, сөз табын анықтау, сөйлем мүшесіне талдау.

Шығармашылық тапсырма

Тақтадағы суретке тақырып қойып, сол тақырып бойынша шағын мәтін құрастыру.

Оқулықпен жұмыс (3-жаттығу)

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қою және дыбыстық талдау жасау.

Қазақта ұлттық ойындар қай түлікке байланысты ойналады? Мысалы, «Қыз қуу». Осы ойын үлгісінде фонологиялық талдау тапсырмасын орындаймыз.

Сөз

Құтты

Сөз

Үркек

Семантикалық карта (интерактивті тақтамен жұмыс)

VII. Сабақты бекіту

Сабақта «қонақта болған» жануарларды өз вагондарына отырғызып, шығарып салайық: үй жануарлары — 1-вагон, жабайы жануарлар — 2-вагон.

1-вагон

Үй жануарлары

2-вагон

Жабайы жануарлар

Қорытынды сұрақтар

  • Төрт түліктің адамға пайдасы бар ма?
  • Төрт түліктің төлдерін атайық.

Тест (Active/OID)

1. Төрт түлікті ата

  • а) жылқы, аю, түлкі
  • ә) сиыр, тиін, қасқыр
  • б) жылқы, сиыр, қой, түйе

2. Жылқының төлі

  • а) бұзау
  • ә) құлын
  • б) қозы

3. Зат есімді тап

  • а) ойнады
  • ә) сары
  • б) ешкі

4. Ашық буынды сөздерді тап

  • а) қозы, бота
  • ә) ана, ат
  • б) түлік, мал

5. Қымыз ненің сүті?

  • а) сиырдың
  • ә) ешкінің
  • б) жылқының

Үй тапсырмасы

  1. Қазақстандағы ең көп тараған түлік туралы мәлімет жинау.
  2. 4-жаттығу (108-бет).
  3. Сөздік пен ережені жаттау.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.

Автор туралы

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Мырсеитова Лаура Ерлікқызы.

Материал: толық нұсқасы жүктеуге арналған.