Топтағы оқушылардың пікірін тыңдау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Жыл мезгілдері
Автор
Ескен Елубаев
Дереккөз
«Ана тілі» пәні, 4-сынып оқулығы. Алматы: Атамұра, 2011.
Жалпы мақсат
Оқушыларға ақын туралы түсінік беру, өлеңнің мазмұндық-идеялық мәнін ашуға жетелеу және сыни пікір айтуға ынталандыру.
Міндеттері
- Өлең мазмұнын түсіну, негізгі идеясын ашуға мүмкіндік беру.
- Оқушы үнін тыңдау, талантты және дарынды оқушыларды анықтау.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелді жеткізе алады.
Оқыту тәсілдері мен ресурстар
Әдістер
- Жаңа тәсілдер
- АКТ қолдану
- Ой шақыру, миға шабуыл
- Оқыту үшін бағалау
Жұмыс түрлері
- Диалог
- Жеке жұмыс
- Жұптық жұмыс
- Топтық жұмыс
Құрал-жабдықтар
Интерактивті тақта, суреттер, бояулар, қарындаштар, постерлер, үлестірмелі материалдар, стикерлер, АКТ желісі.
Сабақ құрылымы мен тапсырмалар
- 1 Сынып ережесін құру.
- 2 Топтық жұмыс.
- 3 Түсіну: оқулықпен жұмыс.
- 4 Қолдану: шығармашылық жұмыс.
- 5 Талдау: әр топқа деңгейлік тапсырмалар.
- 6 Жинақтау: шығарманың негізгі идеясын ашу.
- 7 Бағалау: рефлексия.
Сабақтың басталуы
Мұғалімнің әрекеті
- Оқушылармен амандасу.
- Сабаққа қатысуды тексеру.
- Оқушыларды шеңберге тұрғызып, психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Шаттық шеңбері»
Қол ұстасып құрайықшы,
Шаттық шеңбер бәріміз.
Күлімдесіп тұрайықшы,
Жарассыншы сәніміз.
Арайлап атқан әр таңымыз қуаныш пен бақытқа толы болсын!
Топқа бөлу және сынып ережесі
Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топқа А3 қағазы беріліп, сынып ережелері бірлесіп құрастырылады және қорғалады.
Сынып ережелері
- Сабақтан қалмау, кешікпеу.
- Топ мүшелерінің пікірін мұқият тыңдау.
- Ойды еркін әрі тиянақты жеткізу.
- Басқа топтың ойын тыңдап, құрмет көрсету.
- Уақытты тиімді пайдалану.
Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы «Өрмекшінің торы» әдісі арқылы сұралады. Тақырып: Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлеңі».
Тәрбиелік түйін
«О, адамдар! Кең пейілділер! Бір дән жатса жолда, ұлылықпен еңкейіңдер!»
Нан — ас атасы. Оған әрдайым құрметпен қарау керек.
Жаңа сабақ: ой шақыру
Оқушылар жыл мезгілдері туралы жұмбақтарды шешу арқылы жаңа тақырыпқа бағытталады.
1-жұмбақ
Қар кетіп, қыр көгерді,
Құс қиқуы көбейді.
Жерге дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді.
Жауабы: Көктем
2-жұмбақ
Күн ысып, су жылынып,
Егін басын тұр иіп.
Жеміс тердік бақшадан,
Жеңімізді түрініп.
Жауабы: Жаз
3-жұмбақ
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.
Жауабы: Күз
4-жұмбақ
Сұлық жатыр ақ дала,
Сирек жортқан аң ғана.
Көтеріп бір аяғын,
Қаздарым тұр аулада.
Жауабы: Қыс
Қорытынды
Бүгін біз Ескен Елубаевтың «Жыл мезгілдері» өлеңімен танысамыз.