Түйінді идеялар

Сабақ тақырыбы

Несіпбек Айтов. «Алтын сөз» (4-сынып, ана тілі)

Жалпы мақсаттар

  • Оқушыларды Несіпбек Айтовтың «Алтын сөз» өлеңінің мазмұнымен таныстыру, бата түрлері мен оның қай кезде айтылатыны туралы түсінігін кеңейту.
  • Сөздік қорын байыту, үйренген сөз тіркестерін өз тілінде орынды қолдануға бағыт беру.
  • Ана тілін құрметтеуге, әр сөздің мағынасын түсініп, қадірлеуге тәрбиелеу.

Түйінді идеялар

Негізгі ой

Бата — жақсылыққа жол ашады, ырыс — ынтымаққа шақырады.

Қанатты сөз

«Жаңбырменен жер көгерер, Батаменен ер көгерер.»

Оқыту нәтижелері

  • Өлеңнің негізгі идеясын түсінеді.
  • Батаның түрлерін ажыратады: алғыс бата және теріс бата тіркестерінің мәнін ұғынады, батаны кімдер беретінін түсінеді.
  • Өлеңді мәнерлеп оқиды және мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Әдіс-тәсілдер

«Адасқан сөзді тап» «3 қадамды сұхбат» «Аялдама» Болжай отырып оқу Ассоциация Кластер

Жұмыс формалары

Топпен, жұппен, жеке және ұжыммен жұмыс.

Көрнекіліктер

  • Х. Досмұхамедовтың бата туралы әңгімесі (ресурстар).
  • Сұрақтар жазылған қима қағаздар.
  • Интербелсенді тақта (кесте толтыруға арналған).

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру және бағыт беру

  • Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
  • Сабақтың мақсатын хабарлау.
  • Критериалды бағалау жүйесі туралы ескертіп, оқушыларды өзін-өзі бағалауға бағыттау.

2) Алдын ала жұмыс

  • Интербелсенді тақтада кесте толтыру.
  • Өлеңді рөлге бөліп оқыту.
  • Шығармашылық тапсырмаларды тексеру.
  • «Танып ал» ойынын ұйымдастыру.

3) Сергіту сәті

Ойын

«Молекулалар мен атомдар»

Оқушыларға 3 және 5 «молекуладан» тұратын «атом» құрастыру тапсырмасы беріледі.

4) Тілдік ойындар арқылы қызығушылық ояту

Тапсырма

Л, Т, Ы, Н, А, З, С, Ө әріптерінен сөз тіркесін құрастыру.

Тапсырма

«Адасқан әріптер» ойыны арқылы дұрыс сөздерді табу.

5) Жаңа сабақты меңгерту

  • Жаңа тақырып бойынша табыс критерийлерін оқушылармен бірге құрастыру.
  • Автор туралы қысқаша мәлімет беру.
  • Оқулықпен жұмыс: әр шумақты жұппен оқып, талдау.
  • «3 қадамды сұхбат» әдісі арқылы ой бөлісу, сұрақ-жауап ұйымдастыру.
  • Болжай отырып оқу стратегиясымен Х. Досмұхамедовтың «Бата беру» мәтінімен таныстыру.
  • Топтық жұмыс ұйымдастыру.