Жай бөлшектің негізгі қасиеті

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Жай бөлшектерді координаталық сәуледе дұрыс кескіндеу және олардың координаталарын табу дағдыларын жетілдіру. Сараланған есептер арқылы білімді логикалық ойлаумен қолдана білу.

Дамытушылық

Өзіндік ізденіс арқылы ойлау қабілетін дамыту, оқу материалын ұзақ уақыт есте сақтауға жағдай жасау.

Тәрбиелік

Алған білімге жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, жоғары нәтижеге ұмтылуға үйрету және пәнге қызығушылықты арттыру.

Сабақ барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Оқушыларды түгендеу
  • Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
II

Үй тапсырмасын тексеру

Үйде орындалған тапсырмалар талданып, қателер бойынша қысқаша кері байланыс беріледі.

III

«Күннің шуағы» ойыны: теорияны қайталау

Ойынның шарты

Бұлттардың ішінде сұрақтар жасырылған. Сұрақтарды ретімен ашып, әрқайсысына жауап беру қажет.

  1. 1. Үлес дегеніміз не?
  2. 2. Жай бөлшектің алымы мен бөлімі нені көрсетеді?
  3. 3. Жай бөлшектің негізгі қасиеті қандай?
  4. 4. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
  5. 5. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
  6. 6. Аралас сан дегеніміз не?
  7. 7. Координаталық сәуле дегеніміз не?
IV

Білімді бекіту: есептер және практикалық жұмыс

Оқулықпен жұмыс

№515: A(5/10), B(8/10), AB = 3/10.

№520: Координаталық сәуле қалай сызылады?

Домбыра және координаталық сәуле

Оқушылар суретке сүйене отырып, домбыраны координаталық сәуле бойына орналастырады да, A, B, C нүктелерінің координаталарын атайды.

Домбыраның тиегі (A)
1/10
Домбыраның мойны (B)
4/10
Домбыраның құлағы (C)
9/10

Мәдени байланыс

Домбыра — қазақ халқының жан дүниесін бейнелейтін, көшпелі елдің көне шежіресі. Киіз үйдің керегесіне ілулі тұрған домбыра үй иесінің қонақжайлылығын, ішкі әлемінің байлығын және кеңдігін аңғартады.

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»

Жылдамдық пен дәлдікті талап ететін қысқа тапсырмалар арқылы оқушылардың есептеу дағдылары бекітіледі.

Логикалық лабиринт

Оқушылар логикалық байланыстарды қолданып, дұрыс жолды табады. Мақсат — ұғымдарды шатастырмай, дәлелмен таңдау жасау.

VI

Графикалық диктант: «иә / жоқ»

Оқушылар тұжырымдарды тыңдап, әрқайсысына «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

  • Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.
  • Қысқартылмайтын бөлшектер — бөлімдері өзара жай бөлшектер.
  • Бөлшек сызығының астына бөлшектің бөлімі жазылады.
  • 15 минут — сағаттың 1/4 бөлігі.
  • Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады.
  • Дұрыс бөлшектің алымы бөлімінен кіші.
  • 7/9 — дұрыс бөлшек.
  • Бұрыс бөлшек 1-ге тең немесе 1-ден үлкен.
  • Координаталық сәуледе үлкен мәні бар сан оң жақта орналасады.
  • Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады.
Үй тапсырмасы

Жекелей және деңгейлік тапсырмалар

Үй тапсырмасы оқушылардың деңгейіне қарай сараланып беріледі; келесі сабақта қысқа тексеріспен талданады.

Бағалау

Бағалау парағының қорытындысы бойынша оқушылардың жұмысы әділ әрі ашық түрде бағаланады.

VII

Қорытынды және «Шеңбер» тренингі

Сабақ соңында оқушылардың көңіл күйі мен әсерін білу үшін «Шеңбер» тренингі өткізіледі: әр оқушы нүктесін шеңбердің ішіне, бойына немесе сыртына қояды.

Нүкте ішкі бөлікте

Көңіл күйі жақсы, сынып ортасына бейімделген.

Нүкте шеңбер бойында

Көңіл күйі орташа, ортаға толық бейімделмеген.

Нүкте шеңберден тыс

Көңіл күйі төмен, өз ортасынан алшақтау сезінеді.

Қорытынды ой

«Нүктелерің өз шеңберлеріңде орналассын», — деп, орыстың ұлы математигі Л. Ф. Магницкийдің мына жолдарымен сабақты түйіндейміз:

Бүтінге келсең жұлынып,

Алдыңа еш жан салмасаң,

Бөлшекке келсең бұғылып,

Жауабын таба алмасаң,

Есепке мықты демелік,

Бөлшекке көңіл бөлейік!

Л. Ф. Магницкий