Жер - ару серпігенде түн көрпесін, маужырап қарап тұрды Күн елжіреп

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Жаз
Таң бұзып тынышымды жіберді деп,
жазғы түн кетерінде түнерді кеп.
Жер - ару серпігенде түн көрпесін,
маужырап қарап тұрды Күн елжіреп.
Гүл бөлеп хош иіске атырабын,
ағаштар жайып салды жапырағын.
Самал жел сыбырласа, сыр ұрласа, -
өзенде мың бұралып жатыр ағын.
Төсінен терсек тағы қызғалдақты,
басында заңғар таудың ызғар қапты.
Шыдамай жаздың жастық жалынына,
ойнақтап ерке бұлақ құздан да ақты.
Сұлулар суға барған сайға бұғып,
қарайды көлдің бетін айна қылып.
Шіркін, жаз, жомартсың - ау базарлыққа
бересің жан біткенге жайдарылық!

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау


Ұқсас жұмыстар
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Басқару процесiнiң мазмұны
Қабатты гидравликалық жару және ұңғылардың түптік аймаққа әсер ету
ПАСКАЛЬ - Программалау стилі, деректерді енгізу және шығару
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
Құнды қағаздар нарығы