Әріптердің бәрін таныпсыңдар

Мұғалімнің сөзі

Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер! Бүгін менің алдыма келген ақылды бүлдіршіндер білім бастауы — Әліппені аяқтап отыр. Мұғаліммен бірге ата-аналардың да еңбегінің жемісін көреміз. Олай болса, той басталсын!

(Одан кейін музыка әуенімен әр оқушы сахнаға жеке-жеке шақырылады.)

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын —
Құтты болсын тойларың!

Ертегі желісі: Әліпби елі

Ерте, ерте, ертеде бір ғажайып әлемде Әліпби атты ел болыпты. Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті. Бір күні олар елдің ортасына көшет отырғызып, оны күтіп-баптайды. Күтімі жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып, көкке бойлап өседі. Бірақ ханзада мен ханшайымның көңілі толмайды: ағаш жеміс бермейді.

Ханзада:

Е, ханшайым, біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенімен, неліктен жеміс бермейді?

Ханшайым:

Ханзада, мұның да бір себебі болар. Сырын тезірек ашу керек. Неліктен бүгін орман іші тып-тыныш?

Ханзада:

Бұл сұрақтың жауабын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.

Сиқыршы қыз:

Бұл орманда бірнеше жылдан бері ешқандай кеш те, сабақ та өтпейді. Сол себепті ормандағы тіршілік иелерінің бәрі ұйқыда.

Ханшайым:

Онда оларды оятайық. Маған көмектесші.

(Сахнада жайлы әуен ойнап, ертегілер әлемі «оянады».)

Әліппенің келуі

Әліппе:

Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар —
Әліппең келді ортаға.

Амансыздар ма, ханзада мен ханшайым. Мен мұнда 40 әріп пен 2 таңбамды ертіп келдім. Олар сіздерге көмектеседі.

Менің әр әрпімнің өз сыры бар. Іші толған ғажап. Қазір өздері-ақ таныстырады.

Әріптердің таныстыруы

(Әр әріп өзін таныстырған сайын алма ағашы жеміс бере бастайды.)

А

А дегенің — ана ғой, ана деген — дана ғой.

Ә

Әжем әнге басады, әтеш ұйқы ашады.

Б

Б дегенің — бала ғой, жұмсаса апаң бара ғой.

Г

«Гу» деп алғаш бөбектер гуілдейді ақырын.

Ғ

Ғалым ғылым ғасырды, ғ білімге асырды.

О

О — кәдімгі дөңгелек, кетпесін ол дөңгелеп.

В

Қосылса «1» мен «3» арасы — қандай әріп, қарашы?

Ы

Кесе, шыны, пияла — оларсыз шай құя ма?

І

Ірімшікті жедің ғой, тәтті екен дедің ғой.

З

Қаздан көре аласың, қағаздан да табасың.
Байқамасаң анықтап, «үш» екен деп қаласың.

Ү

Үйрек десе — бірінші, бүйрек десе — екінші.

Ө

Өрікте — сөздің басында, бөрікте — «б»-ның қасында.

П

Ата-анаңмен барып сен пілді көрдің парктен.

Ф

Қос бүйірін таянып тұратын — ол қай әріп?

Жемісті ағаш және алғыс

Жүргізуші:

Ханзада мен ханшайым, көрдіңіздер ме: Әліппенің арқасында алма ағашымыз жеміс берді!

Ханшайым:

Керемет! Ағашымыз бірнеше жеміс берді. Әліппе, сізге көп рақмет!

Ханзада:

Әріптер, көп-көп рақмет! Бізге үлкен көмек бердіңдер. Әліппе, сенің әріптерің енді Әліпби елінің тұрғындары болсын. Алма ағашын бірге қарап, жемісін бірге жейміз!

Жүргізуші:

Әліппе, біздің балалар сізге ризашылығын білдіріп, алғыс айтқысы келеді.

Балалардың тақпағы:

Әліппем, менің Әліппем,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым білімнің
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің, Әліппе,
Ақылдысың, мұғалім!

(«Әліппе» әні орындалады.)

Білімді бекіту: тапсырмалар мен ойындар

Дайындық

Әліппе:

Балалар, сендердің білімдеріңді сынаймын. Дайынсыңдар ма?

1-оқушы:

Оқу — кеме, білім — теңіз.
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.

1-тапсырма: жұмбақ

Әліппе:

Айтамыз, естиміз, көреміз, жазамыз. Бұл не?

(Жауабы: дыбыс пен әріп.)

2-тапсырма: дыбыстар мен әріптер

Қызықты дыбыстар мен әріптер әлемі: ағаштар, гүлдер, көгершіндер, әріптер. Берілген сөздердегі әріптер мен дыбыстарды атайық.

3-тапсырма: дыбыстық талдау

  • мектеп
  • ұстаз
  • ана
  • дыбыс
  • әріп

4-тапсырма: әріптерден сөз құрау

Қар

Әріптер: р, қ, а

Бала

Әріптер: а, л, а, б

Қала

Әріптер: қ, а, л, а

Сабақ

Әріптер: с, а, б, а, қ

Тал

Әріптер: т, а, л

Оқушы

Әріптер: о, қ, у, ш, ы

Мектеп — Білім

Әріптер: м, е, к, т, е, п / б, і, л, і, м

Балалар, берілген тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.

Әліппе:

Ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар? «Кім шапшаң?» ойыны!

5-тапсырма: атау және буынға бөлу

Суреттегі заттарды атаңдар. Сөздерді буынға бөліңдер:

  • көбелек
  • ағаш
  • кітап
  • жолбарыс
  • жұлдыз

6-тапсырма: адасқан буындар

  • ба-лық
  • жа-лау
  • та-лап
  • қа-лам
  • жа-зу
  • са-бақ

Қоштасу

(«Қош бол, құтты Әліппем» әні орындалады.)

Бәрі:

Рақмет саған, Әліппе!

Әліппе:

Рақмет, балалар! Әріптердің бәрін таныпсыңдар! Енді сауатты жазып, мәнерлеп оқытатын Ана тілі пәнін оқитын боласыңдар. Қош болыңдар! Әрдайым биіктерден көрініңдер!

Ұстазға арналған жылы сөздер

Аяулым:

Тіліңді де аламын,
Айтқаныңды ұғамын.
Өзіңдей боламын,
Ақылшым, мұғалім!

Ертарғын:

Сәбилік көңілден
Арналды жыр-әнім.
Баулитын өмірге,
Ақылшым, мұғалім.

Авторлық мәлімет

Шалдай жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Алибекова К. Т.