Бөлме гүлдерінің күтімі

Білім беру аймағы: Таным

Сабақ тақырыбы: Бөлме гүлдерінің күтімі

Бөлім

Экология

Билингвалды сыңар

Цветы гүлдер

Бағдарлама мазмұны

  • Балаларды гүлдерді күтіп-баптауға үйрету.
  • Гүлдің түрі мен түсін ажырата білуге баулу.
  • Тақпақ, мақал-мәтел және тыйым сөздер арқылы тіл байлығын дамыту.
  • Логикалық ойлауын, көру және сезу қабілетін жетілдіру.
  • Экологиялық тәрбие беру.

Көрнекілік

Гүлдер Су құйғыш Суреттер

Шаттық шеңбері

Армысың, алтын күн!
Армысың, жарқын күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, Жер-Ана!
Армысың, достарым!
Міне, менің қолым — жылуымен жылу қос.

Топтық әрекет

Балалардың қолына бір-бір гүлден беріліп, бір-біріне тілек айту арқылы бір шоқ гүл жиналады. Бұл балалардың көңіл күйін көтеріп, достық қарым-қатынасты нығайтады.

Әңгімелесу және сұрақ-жауап

Маусым туралы сұрақтар

  • Қазір қай жыл мезгілі?
  • Қыс айларын атаңдар.
  • Қыс айларының ерекшеліктері қандай?

Сабақтың өзегі

Бүгінгі сабақ бөлме гүлдерін күтіп-баптау туралы. Гүлдер адамға қуаныш сыйлайды, ал бөлме өсімдіктері топ бөлмесін көріктендіріп, ауаны шаң-тозаң мен микробтардан тазартуға көмектеседі.

Балаларға бағытталған сұрақтар

  1. 1 Сендер гүлдерді жақсы көресіңдер ме?
  2. 2 Мереке кезінде аналарыңа гүл сыйлайсыңдар ма?
  3. 3 Бөлме гүлдері біздің топқа қандай пайда әкеледі?

Табиғат бұрышы: бөлме гүлдерімен танысу

Біздің топтағы гүлдер

Табиғат бұрышында әртүрлі бөлме өсімдіктері бар: колеус, шегіргүл, кактус, зигокактус, қазтамақ, бұғы мүйіз.

Гүлдер қауашақта (құмырада) өсіп тұр.

Бүгінгі нысан: қазтамақ

Қазтамақ гүлінің негізгі бөліктері: тамыр, сабақ, жапырақ, күлте.

Күтім жасау жолдары

Топырақ

Топырағын қопсыту, қажет болса тыңайтқыш қосу.

Жапырақ

Жапырағын жұмсақ шүберекпен сүртіп, шаңнан тазарту.

Суару

Су құйғышпен суару, су сепкішпен себезгілеп бүрку.

Нәтиже

Күтімі дұрыс болса, гүл гүлдеп, хош иіс шығарып, өте әдемі көрінеді.

Тақпақтар

1-тақпақ

Гүлдер ектік бақшада,
Баптап күтіп түлеттік.
Қалмасын деп қуарып,
Апта сайын суардық.

2-тақпақ

Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты — еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрамыз,
Айналаны шоламыз.
Жауқазындай жайқалып,
Бәйшешектей иіліп.
Сәл тынығып алайық,
Сабақтары салалы.
Желге ырғалып шайқалған,
Жапырақтары жайқалған.
Біз гүлдерше өсеміз.

Балалар қимыл-қозғалыс арқылы сергіту жаттығуын орындайды.

Экологиялық тәрбие: тыйым сөздер

  • ! Гүлді үзбе.
  • ! Көк шөпті жұлма.
  • ! Ағашты сындырма.

Дидактикалық ойын: «Санмен белгіле»

Балалар сызба бойынша гүлдің өсу кезеңдерін ретімен санмен белгілейді:

  1. 1 Тамыр
  2. 2 Сабақ
  3. 3 Жапырақ
  4. 4 Күлте

Мақал-мәтелдер

  • Мал төлімен жарасты, жер гүлімен жарасты.
  • Қыз өссе — ел көркі, гүл өссе — жер көркі.
  • Еңбек — түбі береке.

Қорытынды ой

Гүлдер бөлмемізге көрік береді, бізге тыныштық сыйлайды. Сондықтан бөлме өсімдіктерін аялап, қорғап, сындырмай, жапырағын жұлмай өсіруіміз керек. Таза ауамен демалып, әдемі гүлдерге қарап, табиғаттың сұлулығын сезінеміз.

Сабаққа белсенді қатысқан балалар мадақталады.

Күтілетін нәтиже

Нені білуі керек

Бөлме гүлдерінің атауларын біледі.

Нені игереді

Гүлдерді күтіп-баптау жолдарын меңгереді.

Нені ажырата алады

Гүлдердің түрі мен түсін ажырата біледі.