Қазақ тіліСабақтың атауы

Сабақтың тақырыбы

Сөз дәлдігі – ойдың айқындылығы.

Мақсаты

Сөз дәлдігі мен ой айқындылығының өзара байланысы туралы түсінік қалыптастыру.

Көрнекілігі

Қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты материалдар.

Топқа бөлу

Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу.

Сабақтың барысы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі арқылы оқушылардың бір-біріне жылы қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалады.

  • Оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады.
  • Тақырыпқа байланысты сурет салады.
  • Жұмысын ортаға салып қорғайды.

Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша білім деңгейі сұрақ-жауап және қысқа талдау арқылы анықталады.

Қызығушылықты ояту

«Аз сөйлеу – ой айқындылығының белгісі» деген тұжырым талқыланады.

Негізгі ой: сөз дәлдігі және ойдың айқындылығы

Шешендікті қадірлеген халық сөз мәдениетіне ерекше мән берген. «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» деген нақыл да ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде таза сөйлей алмайтын адамдардың қойыртпақ тіліне қынжылудан туған.

Дәлдік нені көрсетеді?

Ойдың айқындылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз дәлдігі мына өлшемдер арқылы байқалады:

  • тақырыпты қаншалықты меңгергені;
  • ойлау жүйесінің тереңдігі;
  • әдеби тілдің байлығы мен нормаларын жетік білуі.

Сөз мағынасын білу — орнымен қолданудың негізі

Сөз мағыналарын жақсы меңгерген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіндіктерін кең қолдана білуі қажет: тура мағынасы, көп мағыналылығы, синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттері.

Сонымен бірге сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерді дәл тауып қолдану ойды нақтылап, сөйлеуді көркем етеді.

Көп мағыналы сөздер

Әрбір қолданыста әртүрлі мағынаға ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орнында ұтымды қолдана білсе, ой мен ұғым дәлдігі артады.

Мысал: «дүние» сөзінің қолданысы

  • бүкіл әлем, жер жүзі;
  • өмір, тіршілік;
  • мал, мүлік;
  • көңіл күйді білдіретін одағайлық реңк және т.б.

Синоним, антоним, омоним

  • Синонимдер

    Мағынасы жақын болғанымен, көп жағдайда бірінің орнына бірі дәл келе бермейді.

  • Антонимдер

    Қарама-қарсы мағына арқылы ойды әсерлі, бейнелі жеткізудің тиімді құралы.

  • Омонимдер

    Дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер. Оларды орнымен қолдану сөйлеудегі қателіктен сақтандырады.

Түйін

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» — мақал-мәтелдер мен фразеологизмдерді дәл қолдану ойды айқындап қана қоймай, сөйлеудің көркемдік деңгейін де көтереді.

Бекіту жұмысы

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы тапсырмалар орындалып, сөз дәлдігі мен ой айқындылығы туралы қорытынды жасалады.