Төлен Әбдіков Қонақтар Сабақтың мақсаты

Сабақтың тақырыбы

Төлен Әбдіков — «Қонақтар».

Сабақтың мақсаты

1) Танымдық мақсат

Төлен Әбдіковтің өнегелі өмір жолына шолу жасау. «Қонақтар» хикаятын оқу және талдау арқылы ұлттық сананы қалыптастыру.

2) Дамытушылық мақсат

Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, білімді өздігінен алуға жетелеу. Ізденіс пен зерттеу жұмыстары арқылы шығармашылық дағдыларды қалыптастыру, көркем сөйлеу және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

3) Тәрбиелік мақсат

Сөз өнерінің асыл қасиеттерін түсініп, оны қадірлеуге тәрбиелеу. Ата-ана алдындағы парызды сезіну және перзенттік жауапкершілікті ұғындыру.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі мен типі

Сабақтың түрі:
дәстүрлі
Сабақтың типі:
жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • салыстыру
  • дәлелдеу
  • жинақтау
  • іздендіру
  • модель қорғау
  • зерттеу
  • табу
  • мәтінмен жұмыс

(Қ. Бітібаеваның әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы элементтері негізінде)

Көрнекіліктер

Слайдтар, интерактивті тақта, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушылармен амандасу, сабаққа назарын аудару, оқу үдерісіне бағыттау.

  2. II. Үй тапсырмасын тексеру

    Төлеген Айбергенов шығармалары: «Ана», «Аруана — бауыр дүние».

  3. III. Жаңа тақырып

    Төлен Әбдіковтің өмірі мен шығармашылығы. «Қонақтар» хикаятының идеялық-тақырыптық мәнін ашу.

Төлен Әбдіков: өмірі мен шығармашылығы

Төлен Әбдіков (04.09.1942 ж., Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, «Еңбек» ауылы) — жазушы, драматург, қоғам қайраткері. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы

  • «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі
  • «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары
  • 1977–1979 жж. «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы
  • Қазақстан КП ОК-інде нұсқаушы, сектор меңгерушісі
  • «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы
  • Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы
  • 1994 ж. ҚР Президентінің көмекшісі
  • 1997 жылдан ҚР Президенті аппаратында ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары

Шығармалары мен аудармалары

Жазушының «Райхан» атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың «Таңғы шық» жинағында (1964) жарияланды.

  • Әңгімелер мен повестер жинақтары: «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақтар» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1980)
  • Романдар: «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987) — ұжымдастыру қасіретін суреттейтін туындылар
  • Драма: «Біз үшеу едік» — Ғ. Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрында қойылған
  • «Ақиқат» кітабы орыс тіліне (1981) аударылған; жекелеген әңгіме-повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланған

Шығармашылық ерекшелігі

Әбдіков прозасы адам мінезінің құпия қырларына үңілуімен, өмірдің мән-мағынасына философиялық тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді.

Қызығушылықтары

Жастық шағында еркін күрестен спорт шеберлігі нормативін орындаған. Сонымен бірге домбырашылар оркестрінде күйші болған.

«Қонақтар» хикаяты: негізгі идея

Басты тақырып

Хикаяттың өзегі — адамгершілік және баланың ата-ана алдындағы мәңгілік перзенттік парызы. Шығармада қалада тұратын, оқыған азамат — Сапабек бейнесі арқылы ата-анаға деген салқын, жасанды қарым-қатынастың моральдық салмағы ашылады.

Талқылау өзегі

  • ата-анаға құрмет және жауапкершілік
  • шынайылық пен жасандылық айырмасы
  • ұлттық құндылықтар және отбасылық тәрбие

Композициялық құрылым (жұмыс бағыты)

«Қонақтар» хикаятының композициялық құрылымын мәтінмен жұмыс барысында кезең-кезеңімен анықтау: оқиғалар желісі, кейіпкерлер жүйесі, авторлық идея, деталь мен диалогтың қызметі.