Қазақта тұңғыш
Мақсаты мен мазмұны
Бұл тәрбие сағатының өзегі — атадан қалған асыл сөздерді кейінгі ұрпаққа мирас етіп, дәстүр сабақтастығын терең ұғындыру. Оқушылар сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, ойын жүйелі әрі толық жеткізуге дағдыланады.
Білімділік
Асыл сөздердің мәнін ашу, шешен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөзді орнымен қолдануға үйрету.
Тәрбиелік
Аталы сөзден үлгі алып, ұлттық құндылықтарды бойға сіңіруге баулу.
Дамытушылық
Рухани байлықты арттыру, ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін және сөздік қорды дамыту.
«Сөзстанға» саяхат: сабақтың барысы
Мұғалім оқушыларды «Сөзстанға» — көп ғасырлық тарихы бар қазақ сөз өнері әлеміне саяхатқа шақырады. Халқымыз «Өнер алды — қызыл тіл» деп, шешендік пен көркем сөзге айрықша мән берген. Бұл жолда бірнеше бекеттен өтіп, тапсырмаларды табандылықпен әрі тапқырлықпен орындау ұсынылады.
Асыл сөздерге не жатады?
Оқушылардың жауаптары мазмұны бойынша төмендегілерді қамтиды:
- Нақыл сөздер
- Ырым-тыйым сөздер
- Мақал-мәтелдер
- Өтірік өлеңдер
- Көркем сөздер
- Аңыз-әңгімелер
- Шешендік сөздер
Неге «асыл» дейміз? Себебі ата-бабамыз өмірден көрген-түйгенін сөзге сыйғызып, ұрпаққа өсиет, өнеге етіп қалдырған: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен».
І бекет: «Өнер жастан»
Ұйымдастыру: Әнұран орындау, топқа бөлу, әділқазылармен танысу
1) Бәйге (салт-дәстүр, әдет-ғұрып)
- Мұсылманның қасиетті кітабы — Құран.
- Қазақ шопандарының «шахматы» — тоғызқұмалақ.
- Қылыштан өткір — тіл.
- Ең киелі құс — аққу.
- Ырымда балаға ми жегізбеу — «былжыр, ынжық болып өседі» деген түсінікпен байланысты.
- Кереге мен шаңырақты қосатын бөлік — уық.
2) «Мақал — сөздің мәйегі»
Сұрақтарға жауапты мақал-мәтел арқылы беру.
- «Көз қорқақ, қол батыр.»
- «Көп түкірсе — көл.»
- «Аузың қисық болса, айнаға өкпелеме.»
- «Семіздікті қой ғана көтереді.»
- «Отан үшін отқа түс — күймейсің.»
- «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.»
3) «Кім көп біледі?»
Топ мүшелері өтірік өлеңдер айтып, тапқырлық пен тіл байлығын сынға салады.
4) «Ескірмейтін есті сөз»
Топтар өздері білетін ырым-тыйым сөздерден жарысады.
Аралық сергіту: би.
ІІ бекет: «Білгенге маржан»
Сауалдарға жауап беру
- Жеті атаны ата.
- Жеті қазынаны ата.
- Үш арсызды ата.
- Жолаушының мұраты — жету.
- Саудагердің мұраты — сату.
- Ал біздің мұратымыз — оқып, білім алу.
Ән
«Сәлем берем үлкенге»
Сөзі: Өтепберген Ақыпбеков
Әні: Дабыл Омаров
ІІІ бекет: «Ойлан, тап!»
Жұмбақтар және білім бәйгесі
1) Жұмбақтар шешу
Топ мүшелері бір-біріне жұмбақ жасырып, шешуін табады.
2) «Қазақта тұңғыш...»
- Ең тұңғыш шешен — Жиренше.
- Ең тұңғыш ғалым, саяхатшы — Шоқан Уәлиханов.
- Ең тұңғыш қазақ әліппесін жазған — Ахмет Байтұрсынов.
- Ең тұңғыш биші — Шара Жиенқұлова.
- Ең тұңғыш елбасшы — Н. Ә. Назарбаев.
- Ең тұңғыш дүниежүзі чемпионы атанған палуан — Қажымұқан Мұңайтбасов.
Қорытынды және ой түю
Атадан қалған асыл сөз — өмірлік серік, ақыл-кеңесші. Ол ұрпақтан ұрпаққа жетіп, сананы тәрбиелеп келеді. Асыл сөзді ұғынудың бір жолы — Абайдың өсиетін жадымызда сақтау.
І топтың оқуы
Бес нәрседен қашық бол:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның, білсеңіз.
ІІ топтың оқуы
Бес нәрсеге асық бол:
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым — ойлап қой,
Бес асыл іске көнсеңіз.
«Сиқырлы таяқша» әдісі
Рефлексия сұрақтары: Бүгінгі тәрбие сағатынан қандай ой түйдің? Нені үйрендің?
Қорытынды ән
«Не деу керек?»
Марапаттау
Жеңімпаз топты марапаттау, қатысушыларға алғыс айту.