Блум таксономиясы Сабақ түрі

Сабақтың тақырыбы

Жаттығу жұмысы: 308–311-жаттығулар

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Зат есім туралы алған білім, білік, дағдыларын еске түсіріп, қорытынды мен тұжырым жасауға, білімді бір жүйеге келтіріп, жинақтауға үйрету. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білу дағдысын қалыптастыру.

2) Дамытушылық

Сөйлеу тілін және ой-өрісін дамыту. Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, танымдық қабілетті арттыру. Өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру.

3) Тәрбиелік

Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жан-жануарларды қорғауға және табиғатты сүюге баулу.

Сабақтың сипаттамасы

Қолданылған технология

Блум таксономиясы

Сабақ түрі

Саяхат сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Салыстыру, ажырату
  • Ойын әдісі

Көрнекіліктер

  • Оқулық
  • Суреттер
  • Слайдтар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2) Психологиялық дайындық

Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбектену арқылы
«5»-ке қол жеткізу.

Мұғалімнің қолдауы: бүгінгі сабақта «5» алатындарыңа сенімдімін.

3) Жұмбақ арқылы сабаққа кіріспе

Аң-құстардың мекені,
Ағашы оның көп еді.
Шешуін кім біледі?

Жауабы: орман.

Бүгін біз қысқы орманға саяхатқа шығамыз. Орманға барудың ең ыңғайлы жолы — автобус, өйткені бәріміз бірге барамыз.

4) Үй тапсырмасын тексеру

306-жаттығу.

5) «Ойлы болсаң, озып көр!»

Өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақтарға жауап беріледі. Орманға кіреберісте қоян жолды бөгеп, тапсырмаларын орындасақ қана жол ашылатынын айтады.

II. Жаңа сабақ

Сабақ Блум таксономиясы бойынша жүргізіледі.

Білім

Жаңа түсінікті ұғыну, есте сақтау, бұрынғы білімді еске түсіру. Оқушылар тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, ой қорытады.

Слайд 1

Еменшіл суықкеш, қызыл кардинал.

Сұрақ-жауап

Орманда бізге нелер кездесті? Құстар.

Еменшіл суықкештер Солтүстік және Шығыс Қазақстанды мекендейді. Ұясын жердегі шұңқырға салып, бетін шөппен жауып жасырады.