Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар

Сабақ тақырыбы

Біз Медеуге барамыз (1-сынып)

Қысқаша мазмұн

Бұл сабақта оқушылар Медеу мұзайдыны туралы тыңдап, көргенін түсініп жауап береді, шағын мәтінді мазмұндайды, сондай-ақ жазу дағдыларын (әріптерді дұрыс байланыстыру, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау) бекітеді.

Оқу мақсаттары (бағдарламаға сәйкес)

  • 1.1.5.1

    Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін көрсету.

  • 1.2.4.1

    Шағын мәтінді, қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

  • 1.4.4.1

    Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазу; санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар

Медеу мұзайдынына баратынын және онда не істейтінін (мысалы, «коньки тебемін») айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі

Қазақстанның басқа да көрікті жерлерін атай алады және тақырып аясында Медеу мұзайдыны туралы қысқаша ақпарат береді.

Кейбір оқушылар

Сабақта үйренген материалды өмірлік жағдаятта еркін қолданады және Қазақстанның көрікті жерлері туралы қосымша мәлімет ұсына алады.

Бағалау критерийлері

  • 1

    Берілген түстерді ажыратады.

  • 2

    Суреттер бойынша көрсете алады.

  • 3

    Мұз айдыны туралы біледі.

  • 4

    Сөздердің мағынасын түсінеді.

  • 5

    Күнделікті өмірде қолданады.

Сабақ құрылымы

Сабақтың басы

2–5 минут • (МК)

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

6–40 минут • (МК, Ұ), (Ж), (Ө)

1-тапсырма (МК, Ұ)

Мұғалім оқулықтағы суретке назар аудартады. Сурет арқылы «Медеу» сөзінің мағынасын түсіндіреді: Медеу мұзайдыны — еліміздегі көрікті жерлердің бірі. Онда коньки тебуге болады, ал қыста тауда шаңғы тебуге мүмкіндік бар.

2-тапсырма (МК, Ұ)

Оқушылар Медеу мұзайдыны туралы мәтінмен танысады: мәтінді тыңдайды және қайталайды. Мәтін арқылы Медеудің Алматы қаласында орналасқанын, оның үлкен әрі әдемі екенін, онда коньки тебуге болатынын біледі.

3-тапсырма (МК, Ұ)

«Ол ... тебеді.» сөйлемін толықтыру арқылы «тебеді» сөзін коньки, шаңғы, велосипед сөздерімен байланыстыра қолдану жаттығылады.

Есте сақта!

Мұғалім «тебемін» сөзінің болымды және болымсыз түрде қолданылуын түсіндіреді. Оқушылар сөздерді алмастырып сөйлем құрауға жаттығады.

4-тапсырма (Ж)

Оқушылар жұппен жұмыс істейді: оқулықтағы сөйлесу үлгісін тыңдайды, қайталайды және сол үлгі бойынша диалог құрады.

Үлгі диалог

Сен қайда барасың?

Мен Медеуге барамын.

Сен не істейсің?

Мен коньки тебемін.

Дәптермен жұмыс (МК, Ұ)

Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекітеді.

Қосымша тапсырма (Ө)

Оқушылар өздігінен орындайтын тапсырмалар арқылы білімін нығайтады, өз бетінше жұмыс дағдысын дамытады және АКТ-ны қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Сабақтың соңы

41–45 минут • (Қ)

Қорытындылау барысында оқушылар нені үйренгенін, қалай жұмыс істегенін, қандай тапсырма қызықты әрі жеңіл болғанын және қандай тұста қиындық туғанын айтып, өз ой-пікірін білдіреді.