Төлеш ағай
Тақырыбы
Асыл жанды, ардақты ұстазым мен қарттарым
Мақсаты
- Оқушыларды ұстаздар қауымын және қарттарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
- Ұстаз еңбегінің өлшеусіз құндылығын ұғындыру.
Барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1-жүргізуші
Армысыздар, құрметті қонақтар, ақ жаулықты аналар мен ардақты қариялар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Көңілашар» бағдарламасына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті ағайын! Баршаңызға келген қадамдарыңызға сәттілік тілейміз!
3-жүргізуші
Бүгінгі студияда біз — Мәлік, Айшолпан және Дулат. Алдағы 45 минут ішінде сіздер «Асыл жанды, ардақты ұстазым мен қарттарым» атты бағдарламамен танысасыздар.
1-жүргізуші
Бүгінгі тақырыбымыз — ұстаздар мен қарттар жайында.
2-жүргізуші
Студия қонақтарына қоятын сұрақтарыңыз болса, жазбаша да, ауызша да қоюларыңызға болады.
Қонақ №1 — Психолог
Алғашқы қонағымыз — аудандық оқушылар үйінің психологі Мырзабаев Төлеш ағай.
Қошемет және таныстыру
Қош келдіңіз, Төлеш ағай! Көңіл-күйіңіз қалай? Жолдарыңыз қалай болды?
Құрметті көрермендер, таныс болыңыздар: біздің алғашқы қонағымыз — Төлеш ағай!
Сұрақтар топтамасы
- Еңбек жолыңызды қайда бастадыңыз? Қай мектепті бітірдіңіз?
- Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық жолды таңдауыңызға не себеп болды?
- Ұстаздық жолдың күрделілігі туралы көрермендерге кеңірек айтып өтсеңіз.
Оқушының сұрағы
Өзіңіздің алғашқы ұстазыңыз туралы айтып бересіз бе? Ол кісімен мақтана аласыз ба?
Қорытынды және тілек
Студиямызға келіп, ой бөліскеніңізге үлкен рахмет! Бағдарламамыз арқылы көрермендерге сәлем жолдасаңыз.
Әнге кезек
Енді кезекті әнге берейік.
Қонақ №2 — Ақ жаулықты ана, зейнеткер әже
Қазіргі жергілікті уақыт: 10:00. Келесі қонағымыз — ақ жаулықты анамыз, зейнеткер әжеміз ________ апай.
Қошемет
Қош келдіңіз, ________ апай! Жолдарыңыз қалай болды? Үйдегі кішкентай немерелеріңізден шығуға мүмкіндік қалай табылды?
Әңгіме өзегі
Бүгінгі тақырыбымыз — «Асыл жанды, ардақты ұстазым мен қарттарым». Еңбек жолыңыздағы қызықтар мен қиындықтар туралы айтып өтсеңіз.
Құттықтаулар
Енді тілшіміз түсірген үйірме мүшелерінің мерекеге арналған құттықтауларын бірге тамашалайық.
Көрермен қоңырауы
Бізге хабарласқан көрерменіміз бар екен. Аты-жөніңізді таныстырып өтсеңіз.
Сұрақ: Зейнеткер болғандықтан, үйде келіндеріңіз ақыл сұрап отыратын шығар. Келіндеріңізге қандай кеңес айтып отырасыз?
Әжемізден қонақкәде сұрасақ.
Тілек
Көрермендерге қандай тілегіңіз бар? Тыңдайық. Сізге үлкен рахмет айтамыз! Алдағы уақытта немерелеріңіздің қызығын көріп, солардың ортасында ең бақытты әже болып жүре беруіңізге тілектеспіз.
Қоштасу
Рахмет, қош сау болыңыз!
Құрметті қонақтар, ұстаздар, келесі орындалатын ән сіздерге арналады.
Ән: ______ (орындайтын: ______)
Қонақ №3 — Үйірме жетекшісі
Келесі қонағымыз — аудандық оқушылар үйінің «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Өскелеңов Самат ағай.
Қошемет және кіріспе
Қош келдіңіз, Самат ағай! Көңіл-күйіңіз қалай?
Самат ағай, сіз біздің білім ордамызға келгелі _____ жыл болды. Осы уақыт ішінде қолөнер үйірмесі бойынша еңбегіңіз ерекше.
Сұрақтар
- Қандай оқу орнын бітірдіңіз?
- Қолөнерге бет бұруыңызға кім ықпал етті?
- Ұстаз еңбегінің зор екенін қалай дәлелдер едіңіз?
Тілші сұхбаты (көрермен пікірі)
Сұрақ
Оқушылар үйінде сізге қандай үйірмелер ұнайды? (2–3 оқушының жауабы)
Сұрақ
Болашақта қандай мамандықты таңдар едіңіз? (2–3 оқушының жауабы)
Жетістіктер
Самат ағай, әңгімемізді жалғастыра отырып, осы уақытқа дейінгі жетістіктеріңіз туралы айтып өтсеңіз.
Көрініс
Тілшілеріміз осы тақырып аясындағы тәрбие сағатына қатысып қайтқан еді. Соған назар аударайық: «Көңілді тапқырлар клубы».
Қорытынды сұрақ
Ұстаз туралы қандай теңеу айтсақ та жарасады. Сіз өз ұстаздарыңызды мақтан тұта аласыз ба?
Алғыс және тілек
Рахмет, ағай! Алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.
Өзіңізді тек өмірдің биігінен көрейік. Көрермендерге игі тілегіңізді білдірсеңіз.
Қорытынды
Құрметті көрермендер, бағдарламамыз мәресіне жетіп қалды.
Әрбір күндеріңіз сәтті өтсін! Келесі кездескенше, күндеріңіз шуақты болсын!
Келесі тыңдалатын ән
_______