Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың мақсатымен таныстыру
Сабақ туралы мәлімет
Бұл жоспар өткен материалды пысықтауға және есептің жанама түрін бекітуге бағытталған.
Тақырыбы
Өткенді пысықтау. Есептің жанама түрі.
Мақсаты
- 11 санының құрамы туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау және бекіту.
- Жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
- Математикалық мәдениетке, сауаттылыққа, ұқыптылыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі
Білімді бекіту сабағы.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекілігі
- Интербелсенді тақта
- Маркерлі тақта
Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап
- Ақпараттық әдіс
- Жеке жұмыс
- Топтық жұмыс
Қолданылатын технология
Дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Психологиялық ахуал
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанамыз бәріміз
Арайлап атқан күнге
Математикалық диктант
Төмендегі өрнектерді оқып, нәтижесін табыңдар:
- Он мен үштің қосындысы.
- Жиырма төрт пен төрттің айырмасы.
- Отыз бен бестің қосындысы.
- Он тоғыз бен тоғыздың айырмасы.
- Алты мен бестің қосындысы.
- Он бес пен бестің айырмасы.
III. Проблемалық жағдаят
- Өткен сабақта қандай санның құрамымен таныстыңдар?
- Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?
IV. Бекіту жұмыстары
№1. Интербелсенді тақтамен жұмыс
Сәйкес санды таңда.
№2. Тақтамен жұмыс
А) Есеп
Айнұр 8 тәрелке, ал Нұрбол 3 тәрелке жуды. Балалар барлығы неше тәрелке жуды?
Айнұр
8 тәрелке
Нұрбол
3 тәрелке
Барлығы
?
Шешуі
8 + 3 = 11
Ә) Кері есеп
Кері есеп құрастыр және шығар: Айнұр 8 тәрелке жуды, барлығы 11 тәрелке. Нұрбол неше тәрелке жуды?
Айнұр
8 тәрелке
Нұрбол
?
Барлығы
11 тәрелке
Шешуі
11 − 8 = 3
№3. Интербелсенді тақтамен жұмыс
А) Есеп
Айгүл 11 есеп шығарды, ал Серік одан 3 есепке кем шығарды. Серік неше есеп шығарды?