Ыбырай Алтынсариннің Салақтық атты әңгімесімен таныстыру

Сабақтың мақсаты

Білімдік

  • Ыбырай Алтынсариннің «Салақтық» әңгімесімен таныстыру.
  • Мәтін мазмұнын меңгерту, көркем шығарманы оқуға қызығушылық ояту.

Дамытушылық

  • Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, қиялы мен ойлау аясын кеңейту.
  • Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

  • Топта бірлесе жұмыс істеуге үйрету.
  • Адам бойындағы жағымсыз әрекеттерді талдап, дұрыс қорытынды жасауға жетелеу.

Табыс критерийлері

  • Сыни тұрғыдан ойлау арқылы мәтін идеясын түсіну.
  • Топтық мәдениетті қалыптастыру: тыңдау, пікір алмасу, бірлесіп шешім қабылдау.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өз бетінше жинақтауға және қорытындылауға, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға, диалогқа қатысып пікір айтуға, сұрақ қойып жауап алуға, өзін-өзі бағалауға, талдау жасауға және алған білімін өмірде қолдануға үйренеді.

Сабақ барысы: кезең-кезеңімен

1) Ұйымдастыру және психологиялық дайындық

  • Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
  • Психологиялық дайындық.
  • «Аюдың әні» өлеңін айтып, би қимылдарын қайталау.

Топқа бөлу

Оқушылар туған күн мезгіліне қарай 4 топқа бөлінеді:

  • 1-топ: Қыста туғандар
  • 2-топ: Көктемде туғандар
  • 3-топ: Жазда туғандар
  • 4-топ: Күзде туғандар

2) Кіріспе: үй жұмысын тексеру

Үй тапсырмасы «ұтқыр ойлы» сұрақ-жауап арқылы тексеріледі. Бағалау — бармақ белгісі арқылы.

3) Қызығушылықты ояту

Сұрақтар

«Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым» бөлімі бойынша сұрақтар қойылады.

Тапсырмалар

  • Сөзжұмбақ шешу.
  • Мақал-мәтел жарысы.

Мақал-мәтел жарысы (үлгілер)

  1. Ғылым таппай ...
  2. Асық ойнаған ...
  3. ... — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен.
  4. Әдепті бала — ... бала.
  5. ... түбі — тірлік.
  6. ... инемен құдық қазғандай.
  7. ... бала — арлы бала.
  8. ... бала талпынған құстай.
  9. Тазалық — ... кепілі.
  10. Ұрлық түбі — ...

Талқылау сұрағы

Осы мақал-мәтелдерге ортақ қандай тақырып беруге болады?

  • 1-топ: Туған жер, Отан туралы
  • 2-топ: Еңбек туралы
  • 3-топ: Жақсы және жаман істер туралы
  • 4-топ: Ерлік, батырлық туралы

4) Жаңа сабақ: «Салақтық» ұғымы

Бүгін біз Ыбырай Алтынсариннің «Салақтық» әңгімесімен танысамыз.

Салақтық — тазалық сақтамау, ұқыпсыздық. Ол көбіне еріншектіктен бастау алады: адам өз бойын да, айналасын да таза ұстауы үшін еңбек етіп, сергек жүруге дағдылануы қажет. Бұл — табандылықты талап ететін күнделікті тәртіп.

Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру.
  • Оқушыларға іштей оқыту, кейін тізбектей оқыту.
  • Түсінгенін сұрау, ой бөлісу.

Әдіс-тәсіл

INSERT әдісі қолданылады: оқушылар мәтіндегі таныс, жаңа, қызық және түсініксіз тұстарды белгілеп, кейін топта талқылайды.

Нақыл сөзді табу тапсырмасы

Берілген мақал-мәтелдердің ішінен мәтіндегі оқиғаға сай келетінін табу.

Дұрыс жауап

«Тазалық — денсаулық кепілі»

5) Топтық жұмыс

1-топ

«Салақтық» сөзіне қарама-қарсы сөзді табу және дыбыстық талдау жасау.

2-топ

Салақтыққа байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді айту.

3-топ

Тақырыпқа байланысты сурет салу.

4-топ

4 жолдан тұратын өлең шығару.

Қорытынды сұрақтар

  • Жақсы қасиеттерге нелер жатады?
  • Жаман қасиеттерге ше?
  • Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?
  • Бүгін не үйрендік, не білдік?

6) Бағалау, үй тапсырмасы, рефлексия

Бағалау

Бағалау парақшасындағы жинаған балл саны бойынша қорытынды баға шығарылады.

Үй тапсырмасы

«Салақтық» мәтінін оқу.

Рефлексия

Оқушылардан кері байланыс жаздыру.

Мұғалім туралы мәлімет

Өңір
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы
Елді мекен
Қарақай ауылдық округі, Кетебай ауылы
Мектеп
Ә. Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебі
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі — Изтурганова Жадыра Жолдасқызы