Көмектес септігінің басқасептіктерден ерекшелігіне тақталау
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Сабақтың атауы
Көмектес септік
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Топпен жұмыс
- Сұрақ-жауап
- Ой қозғау
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын жаттатқызу. Көмектес септіктің тұрлаусыз мүше ретінде қолданылуын түсіндіру және оның басқа септіктерден ерекшелігін нақтылау.
Дамытушылық
Өткен сабақтармен байланыстыра жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Пәнге қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істеуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс және ресурстар
Пәнаралық байланыс
Көрнекілік
- Интерактивті тақта
- Кесте
- Септіктер кестесі
Ынтымақтастық атмосферасы
Адамның күлкісі — әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымию біздің сезіміміздің сырын ашуға жол ашады.
Тапсырма:
Күлкі арқылы көңіл күйіңді білдіріп көр. Бір-біріңе жымиып, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын тексеру
Тест тапсырмалары
Әр сұраққа бір дұрыс жауап таңда.
-
1) Көмектес септігінің жалғауын тап.
A) -ға, -ге, -қа, -кеӘ) -мен, -бен, -пенБ) -ның, -нің, -тың, -тің -
2) «Кіммен? Немен?» сұрақтарына жауап беретін септік.
A) атау септікӘ) барыс септікБ) көмектес септік -
3) Көмектес септікте тұрған сөзді тап.
Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым.A) үйдіңӘ) қабырғасынБ) балшықпен -
4) Мына схемаға сәйкес келетін сөзді тап.
A) гүлдердіӘ) кірпініБ) доппен -
5) Көмектес септіктегі сөз қай сөзбен байланысып тұр?
Әсет ағашты арамен кесті.A) ӘсетӘ) кестіБ) ағашты -
6) Көмектес септіктегі сөздер сөйлемде қандай мүше болады?
A) толықтауышӘ) пысықтауышБ) баяндауыш
Келесі қадам
«Көмектес септік» тақырыбы бойынша жаңа білімді бекіту және қолдану тапсырмаларына көшеміз.
Ескерту: Көмектес септік бойынша жүктеу/бекіту тапсырмалары келесі бөлімде орындалады.