Шылаудың түрлерін қайталау
Павлодар қаласы, №19 жалпы орта білім беру мектебі • Қазақ тілі пәні мұғалімі: Каденова Ж. Ж. • 6-сынып
Сабақтың тақырыбы
Шылаудың түрлерін қайталау.
Сабақтың мақсаты
Шылаудың түрлерін қайталау және тақырыпты тереңдетіп пысықтау.
Күтілетін нәтиже
- Шылау тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталайды, пысықтайды, дамытады.
- ҰОС батырларын және олардың ерлік қасиеттерін еске түсіреді.
I. Бағдарлау–мотивациялық кезең
Ұйымдастыру, психологиялық даярлық және сабаққа ынталандыру жұмыстары жүргізіледі.
Ұйымдастыру және топқа бөлу
- Сыныпты жұлдызшалардың түрлеріне қарай 4 топқа бөлу.
- Психотренинг: шеңбер жасап, топтар әр тілде амандасады.
- Жеңіс күніне арналған бейнеклип көрсету.
Үй тапсырмасын тексеру
Тақырыбы: «Жеңіс күні» (эссе).
Сабаққа кіріспе ой
«Білген сайын келеді біле бергім… Сондықтан да бүгінгі сабақта білгенімізді пысықтап, тағы да бір сатыға жоғарылайық», — деген мазмұндағы оймен оқушыларды белсенділікке бағыттау.
(А. Тоқмағанбетовтің өлең жолдары негізінде)
II. Операциялық–орындаушылық кезең
Негізгі бөлім: «Зерделі сұрақ — дәлелді жауап!» қағидасымен жеке және топтық жұмыстар орындалады.
Сергіту сәті: «Бұл қай батыр?»
Әріптерді дұрыс ретке келтіріп, батырлардың атын табыңдар:
- 1 а, л, т, ғ, а, т
- 2 м, к, л, і, ә
- 3 и, я, л, ә
- 4 б, у, ж, а, а, н, ы, р
- 5 ә, м, н, ш, к, ү
Сұрақ қою дағдысы
- Жоғары дәрежелі және төмен дәрежелі сұрақтар құрастыру.
- «Қар кескіні» стратегиясы арқылы ойды дәлелмен толықтыру.
- АКТ қолдану (ізденіс, тексеру, таныстырылым).
«Майданнан хат» тапсырмалары
Жеке және топтық жұмыс • Деңгейлік тапсырмалар
I топ
«Шылау» тақырыбы бойынша кластер құрастырыңдар.
II топ
Сурет бойынша шылауларды қатыстырып сөйлемдер құраңдар.
III топ
I деңгей
Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазып, шылауларды табыңдар. Тыныс белгілеріне назар аударыңдар.
- Ыстықта мал да жайыла алмады.
- Ауылға барғанда суға түстің бе?
- Жандосқа бұл жөнінде айтылды ма?
II деңгей
Ма(ме), па(пе), ба(бе) шылауларын қатыстырып сөйлемдер құрап жазыңдар.
III деңгей
Шылаулар қатысқан мақал-мәтелдер тауып жазыңдар («Мақал — сөз мәйегі»).
IV топ
- Баяндаңыз: шылау туралы түсіндіріңіз.
- Қолданыңыз: шылауларды қатыстырып сөйлем құраңыз.
- Салыстырыңыз: басқа сөз таптарымен салыстырыңыз.
- Топтастырыңыз: шылаудың негізгі белгілерін жинақтаңыз.
- Зерттеңіз: ғаламтор арқылы шылаулар туралы еңбектерді анықтаңыз.
- Қорытынды жасаңыз: шылаудың түрлерін атап, мысалмен дәлелдеңіз.
Ескерту
СТО элементтері қолданылып, шамамен 15 минут көлемінде талқылау ұйымдастырылады. Жас ерекшеліктері, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс ескеріледі.
«Ойлан тап»: ҰБТ форматындағы тапсырмалар
Тест сұрақтары • «Қар кескіні» әдісі
1) Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойыңдар
- Отан … отқа түс — күймейсің.
- Мен әкеммен бірге кешке … жұмыс істедім.
- Қыста … көктемде күн суық болады.
- Оның ойлағаны болды, … мәселенің басы шешіле қоймады.
- Көктемде біресе жаңбыр жауады, … күн ысып кетеді.
2) Семантикалық карта
Шылауларды түріне қарай ажыратып, кестеге түсіру тапсырмасы (жалғаулық, септеулік, демеулік).
Бұл бөлімде мұғалім ұсынған сөздер/сөйлемдер негізінде карта толтырылады.