Тапсырма парағы

Сабақтың тақырыбы

Бұл сабақ «Зауыттағы авария» жағдаяты негізінде көрсеткіштік және логарифмдік функциялар тақырыбын қайталауға және бекітуге арналған. Оқушылар Петропавл қаласындағы тері зауытында орын алған апаттық жағдайды модельдеу арқылы функциялардың қасиеттерін қолданады, есептеулер жүргізеді және өз еңбегін бағалау дағдысын дамытады.

Әдісі: рейтинг парағымен жұмыс (өзін-өзі бағалау және кезеңдік ұпай жинау).

Мақсаты

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар бойынша білімді тереңдету, олардың қасиеттерін есеп шығаруда тиімді қолдану және оқушының оқу процесіне қызығушылығын өз еңбегін бағалау арқылы арттыру.

Білімділік

Көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды, олардың қасиеттерін, сондай-ақ қисықсызықты трапецияның ауданын табу ұғымдарын қайталау.

Дамытушылық

Функция қасиеттерін есептерде қолдану дағдыларын кеңейту, логикалық ойлау мен талдау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және өз еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

1 минут

Оқушылармен және қонақтармен амандасу. Сабақтың тақырыбы мен жұмыс форматын таныстыру: көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды қайталау, жағдаяттық тапсырма арқылы қолдану және рейтинг парағымен өзін-өзі бағалау.

II. Үй жұмысын тексеру

3 минут

Үй тапсырмасы слайд арқылы тексеріледі. Қателер бойынша қысқа кері байланыс беріледі.

III. Кіріспе: білімді жандандыру

6 минут

Қысқа «сергіту» тапсырмалары арқылы өткен білім еске түсіріледі және есептеу дағдылары белсендіріліп, негізгі бөлімге дайындық жасалады.

  • 1) Петропавл қаласындағы зауыттардың саны берілген көрсеткіштік теңдеудің түбіріне тең болатын тапсырма.

  • 2) Анықталған интеграл көмегімен адамның тәулігіне тұтынатын ауа көлемін есептеу (м³).

  • 3) Ауадағы оттегі мөлшерін анықтау (%).

Тапсырмалар аяқталған соң, оқушылар рейтинг парағына өз нәтижесіне сәйкес ұпай қояды.

IV. Негізгі бөлім: «Зауыттағы авария» жағдаяты

15 минут

Петропавл тері зауыты аумағында апаттық жағдай орын алды: хлор сақталған сыйымдылығы жоғары ыдыс жарылған. Мақсат — математикалық модельдеу арқылы қауіп аймағын бағалап, қажетті есептеулерді орындау.

Сіздердің әрекеттеріңіз

  1. Өзіңізді қорғаныс құралдарымен жабдықтау.
  2. Қажетті есептеулерді жүргізу және шешімді негіздеу.

Тапсырма парағы

1-тапсырма: Залалданған аумақтың ауданын (м²) есептеңдер, егер ол берілген қисықтармен шектелген болса.

Есептеу барысында көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың қасиеттерін, сондай-ақ қисықсызықты трапеция ауданы туралы білімді қолданыңыздар.

Автор туралы мәлімет

Математика және информатика пәні мұғалімі — Хусаинова Гүлдана Зияфидденовна.