Бекзат кім

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Оразова Гүлшат Базархановна

Тақырыбы

Бекзат

Сабақ түрі

Дәстүрлі жаңа сабақ

Көрнекіліктер

Слайдтар, сөзжұмбақ, семантикалық карта

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Сидней Олимпиадасында бүкіл қазақ халқының мәртебесін көтеріп, жеңіске жеткен Бекзат Саттарханов туралы мәтін мазмұнымен таныстыру; Бекзат жайында толық мәлімет беру.

Дамытушылық

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, тіл байлығын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Салауатты өмір салтын ұстануға, ел абыройын асқақтататын азамат болуға, ұлтжандылық пен патриоттыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Әңгімелеу, түсіндіру, баяндау
  • Сын тұрғысынан ойлау
  • Дамыта оқыту элементтері
  • Топтастыру, ой қозғау

Сабақ барысы

I. Бағдарлау – мотивациялық кезең

Психологиялық дайындық

Бес болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Спортпенен достасып,

Біз чемпион боламыз!

Сабақтағы мақсатымыз:

Еңбектену, еңбектену; 4 пен 5-ке қол жеткізу.

Үй тапсырмасын тексеру

  1. Мәтін кім туралы?
  2. Тоқтар кім?
  3. Ол қандай ерлік көрсетті?
  4. Сынақшы-ұшқыш пен ғарышкер-ұшқыштың айырмашылығы қандай?
  5. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
  6. Осы бөлім қалай аталады?

Мәтіннен Тоқтарға айтылған мадақ сөздерді тауып оқыңдар. Осындай сөздерді тағы кімдерге қатысты айтуға болады?

II. Операциялық – орындаушылық кезең

Үй тапсырмасына байланысты білімімізді қорытындылау үшін сөзжұмбақ шешеміз. Дұрыс жауаптар бізді тағы бір ардақты азаматтың есіміне жетелейді.

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. Ғарышкерлер мекені.
  2. Алғашқы рекорд жасаған адамның аты енгізілетін кітап.
  3. Еңбек пен спорттағы ең жоғары жетістік.
  4. Ғарыш кемесі.
  5. Қазақстаннан шыққан екінші ғарышкер.
  6. Гиннесс кітабына енген қазақ.

Талқылау

Бекзат кім?

Бүгін біз 18 жасында «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын иеленген Бекзат Саттарханов туралы оқимыз.

Сабаққа белсенді қатысып, білімін көрсете білген оқушылар алтын және күміс медаль үлгісіндегі марапаттармен ынталандырылады.

Бекзат Саттарханов туралы дерек

Туған күні

1980 жыл, 4 сәуір

Туған жері

Түркістан қаласы

Отбасы

Дәрігерлер отбасында дүниеге келген, төрт ұлдың кенжесі

Балалық шағы мен спортқа келуі

Әлжуаз, мінезі жұмсақ, жаны нәзік Бекзатты ағалары алғашында «ең болмағанда өзіңді қорғай біл» деп күреске баулуға тырысады. Бірақ уақыт өте келе Бекзат боксты таңдайды.

15 жасынан былғары қолғап киген Бекзат алғашқы жүлдесін — «Түркістан–95» кубогін — боксқа қатыса бастағанына небәрі екі ай болғанда-ақ жеңіп алады.

Сидней Олимпиадасындағы ерлік

Осыдан кейін-ақ ол республика көлеміндегі және халықаралық деңгейдегі көптеген турнирлерде өзінің табиғи талант екенін сан мәрте дәлелдеді.

Австралияның Сидней қаласында өткен Олимпиадада Бекзат алтын медаль жеңіп алып, көк туымызды желбіретіп, әнұранымызды асқақтатты. Бұл — ұлт мерейін өсірген тарихи жеңіс.

Мәтінмен жұмыс құрылымы

1) Мұғалімнің оқуы

Мәтінді мәнерлеп оқу және негізгі ойды анықтау.

2) Сөздік жұмысы

  • Баһадүр — батыр.
  • Рикардо Хуарес — америкалық боксшы.
  • Рамазан Пашани — түрік боксшысы.

3) Талдау сұрақтары

  1. Мәтінде кім туралы әңгімеленеді?
  2. Ол кім?
  3. Бекзаттың қарсыласының осал еместігі туралы не айтылған? Тауып оқы.
  4. Бекзаттың қимылы суреттелген жолдарды тауып оқы.
  5. Мәтіннің соңғы азат жолын тауып оқы.

Сергіту сәті (қимылмен)

Жан дәруі — сергектік,

Спортпенен ержеттік.

Көтеремін таңертең,

Сом темірді ермек қып.

Ойын ойнап не түрлі,

Күшіме күш қосылды.

Білем, білем білегім,

Бұлшық етім жетілді.

Шығармашылық жұмыс

Кішкентай жазушылар: Бекзаттың ерлігі және өзі шұғылданған спорт түрі туралы қысқа ой-толғау жазу.

Оқушылардың жұмыстарын тыңдау және талқылау.

III. Рефлексиялық – бағалау кезеңі

Талқылау сұрақтары

  • Бекзаттың жеңіске жетуіне не себеп болды?
  • «Ер есімі — ел есінде» мақалы мәтінмен қалай байланысты?

Жинақтау

Бекзат кім? Топтастыру арқылы қорытындылау.

Семантикалық картамен жұмыс.

Қай бөлімді оқып жатырмыз? Бөлім бойынша сұрақтарға жауап беру.

Қорытынды ескерту

Материалдың толық нұсқасы қажет болса, тиісті сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.