Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөздерді сөйлем деп айтуға болатынын түсіндіру
Сабақтың тақырыбы
Тұрлаулы мүшелер
Білімділік мақсат
Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрайтынын түсіндіру, сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты сұрақ қою арқылы табуға үйрету.
Дамытушылық мақсат
Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсат
Тапқырлыққа, ұқыптылыққа, отаншылдыққа, өз елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың ресурстары
- Көрнекілігі: тест, кесте, графопроектор, сызба.
- Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау.
- Түрі: дәстүрлі.
- Типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың ұраны
Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын.
Тәуелсіздік туы
Мәңгі биік тұрсын.
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
Мұғалімнің кіріспе сөзі: ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл 20 жыл толғалы отыр. Осы мерекемен бәріңізді құттықтаймын. Бұл мерекеге біз саналы тәрбиемізді, сапалы білімімізді арнаймыз.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа назар аударту, сыныптың дайындығын тексеру.
II. Үй жұмысын тексеру
Оқушылардың орындаған тапсырмаларын тексеру, қателермен жұмыс жүргізу.
III. Өткен сабақты қорыту (тест)
1. Сөйлемнің негізгі мүшесін тап:
- а) мәтін
- ә) сөйлем
- б) бастауыш
2. Баяндауыш деген не?
- а) сөйлемнің негізгі мүшесі
- ә) бастауыштың іс-қимылын білдіреді
- б) сөз
3. «Құстар жылы жаққа қайтты.» Осы сөйлемдегі бастауышты тап:
- а) жылы
- ә) құстар
- б) қайтты
Мұғалім: Балалар, өткен сабақ бойынша білімімізді тексердік. Енді жаңа сабаққа көшейік.
Жаңа сабақ
Дәптермен жұмыс: күн реті, сынып жұмысы, тақырып.
Түсіндіру
Мысал: «Айша кеше кітапханаға барды.»
- 1 Осы сөйлемнен «кім?» және «не істеді?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді қалдырып оқыңдар (қалғаны: «кеше кітапханаға»).
- 2 Не байқадыңдар?
- 3 «Кім?», «не істеді?» сұрақтарына жауап беретін сөздер сөйлемнің негізін құрайды.
Негізгі бөлім
Сонымен, сөйлем құрауға негіз болатын қандай сөздер? Кім? Не? Не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер сөйлемнің негізі болады.
Тұжырым
Сөйлем құруға негіз болатын сөздер сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп аталады. Яғни бастауыш пен баяндауыш — тұрлаулы мүшелер.
Кестемен жұмыс (сұрақтар жүйесі)
| Мүше | Сұрақтары | Сөйлемдегі қызметі |
|---|---|---|
| Бастауыш | Кім? Не? | Іс-әрекеттің иесін білдіреді |
| Баяндауыш | Не істеді? Не қылды? Қайтті? | Бастауыштың іс-қимылын, жай-күйін білдіреді |
Жаттығулар
- 1-жаттығу: бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөз тіркесін сөйлем деп айтуға болатынын түсіндіру.
- 2-жаттығу: ауызша жұмыс.
- 3-жаттығу: топтық жұмыс.
- 4-жаттығу: өзіндік жұмыс.
Сергіту сәті
«Киіз үй құрастыру» тапсырмасы арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру, бірлескен әрекетке жұмылдыру.
Ойын: «Мен қандаймын?»
Сөйлемді толықтырып, өзің туралы айт:
- Жаман бала — жақсылармен (…)
- Айтқан серттен (…)
- Үлкендерді (…)
- Айтқандарын (…)
- Көмектесем (…)
- Көріңдер, мен (…)
Сабақты қорыту
Төмендегі сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді (бастауыш пен баяндауышты) табыңдар:
Мен Қазақстанда тұрамын.
Қазақстан — тәуелсіз ел.
Үйге тапсырма
- 5-жаттығу
- Ережені оқу, түсіну
Алғыс және бағалау
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізсін сендей өренді
Білімнің асқар шыңына.
Сабақта белсенділік көрсеткен ұқыпты, зерек оқушылар мадақталады. Бағалау жүргізіледі.