Ауыл әні

Сабақ тақырыбы: Төлен Әбдіков — «Қонақтар»

Бұл сабақ жоспары Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесін әдеби талдауға бағытталады. Негізгі назар — адамгершілік құндылықтар, ата-анаға құрмет және перзенттік парыз мәселелерін терең пайымдауға аударылады.

Сабақтың мақсаты

  • Білімдік: «Қонақтар» әңгімесіне әдеби талдау жасау; тақырыбы мен идеялық-көркемдік мазмұнын ашу; қазіргі өмірден мысалдар келтіре отырып білімді жүйелеу.
  • Тәрбиелік: Қазақ халқының адамгершілік, бауырмалдық қасиеттерін бағалай білуге, үлкенді және ата-ананы құрметтеуге, перзенттік борышты сезінуге тәрбиелеу.
  • Дамытушылық: Өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ойлау қабілетін дамыту; тіл байлығын арттыру; өз ойын ашық айтып, көзқарасын дәлелдей білуге ықпал ету.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі
Білімді жинақтау және бекіту.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, пікірсайыс, Венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы, тірек сызбалары, іздендіру, топтық жұмыс, проблемалық ситуация құру.
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, тарих.
Көрнекіліктер
Жазушы портреті, сызба-кестелер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, маркерлер.

Сабақтың логикасы

  1. Сабақтың мақсаты мен ерекшелігі түсіндіріледі, тақырып нақтыланады.
  2. Оқушылар топтарға бөлінеді, әр топқа міндеттері айқын тапсырмалар беріледі.
  3. Үй тапсырмасы сұралады: Төлен Әбдіковтің өмірі мен «Қонақтар» әңгімесі бойынша білім еске түсіріледі.

Үй тапсырмасын пысықтау: автор тұлғасы

Өткен сабақта оқушылар Төлен Әбдіковтің өмірі мен шығармашылығымен танысты. Топтастыру стратегиясы арқылы жазушының қырлары жинақталады.

Төлен Әбдіков туралы

  • Жазушы
  • Драматург
  • Аудармашы
  • Редактор
  • Сектор меңгерушісі
  • Хатшылық қызметтер
  • Еуропалық алтын медаль иегері
  • Мемлекеттік сыйлық иегері

Тірек сызбалары арқылы жұмыс

Әр топ автордың өмір жолын, қызметін және шығармаларын тірек сызбалары арқылы көрсетеді. Бұл кезең білімді жүйелеуге және негізгі деректерді нақтылы айтуға бағытталған.

Нәтиже: оқушылар автор тұлғасын бірізділікпен таныстырып, мәтін талдауына дайындық жасайды.

Жаңа сабақ: топтық талдау тапсырмалары

Тақырып тақтаға жазылады. Әр топқа «Қонақтар» әңгімесі бойынша бағытталған тапсырмалар ұсынылады. Мақсат — мәтінді құрылым, идея және тілдік ерекшелік тұрғысынан кешенді талдау.

I топ: тақырып пен идея

Тақырыбы: адамгершілік мәселесі.

Идеясы: баланың ата-ана алдындағы перзенттік парызы.

II топ: композициялық құрылым

  1. Басталуы: Ерғабыл қарт пен кемпірінің әңгімесі.
  2. Дамуы: Ерғабылдың малын іздеуі, ішкі ой-толғанысы.
  3. Байланысуы: қаладағы баласының келуі; ауыл қонақтарының жиналуы.
  4. Шиеленісуі: Сапабек пен әкесінің әңгімесінің жараспауы; ауыл әні.
  5. Шарықтау шегі: мазасы кеткен қарттың күйі.
  6. Шешімі: соңғы үміті ақталмаған қария.
  7. Қорытынды: құлазыған көңіл.

III топ: кейіпкерлерге мінездеме

Кейіпкерлер

  • Ерғабыл қарт
  • Кемпірі
  • Сапабек (ұлы)
  • Тома (келіні)
  • Жеңіс (немересі)
  • Ауыл адамдары
  • Аспандияр (әнші жігіт)

Портреттік сипаттамалар

  • Сапабек: ат жақты, қапсағай сары жігіт.
  • Тома: омырауы мен жеңі ашық шұбар көйлек киген, шашын қидырған, топ-толық ақсары, ажарлы келіншек.
  • Жеңіс: аяқ-қолы шидей, көзі қитар, алты жас шамасындағы ұл бала.

Венн диаграммасы (Ерғабыл — Сапабек)

Ерғабыл (айырмашылығы)

Ауыл тұрғыны; қарт; оқымаған; көп сөйлемейтін; қарапайым жан.

Ұқсастығы

Әкелі-балалы туыс; ер адамдар; айтқанынан қайтпайтын бірбеткей мінез.

Сапабек (айырмашылығы)

Қала тұрғыны; жас; оқыған; өзімшіл; көп сөйлегіш.

IV топ: жазушы тілі және сөздік жұмысы

Сөздік

Алагеуім
Таң енді атып келе жатқан уақыт, апақ-сапақ.
Жолай
Жолдан соғу, бара жатып кіру.
Шақша
Насыбай салатын ыдыс.
Ноқта
Жүген тәрізді, мал басына кигізілетін әбзел.
Сағағы
Мойын, алқым.
Көлегейлеп
Қолын маңдайына апарып, күннен қорғану.
Қынжылу
Кейбір ренішті жағдайдың жанға батып, қиналтуы.
Қитар
Қыңыр, қисық мінезді; бірбеткей.

Көркемдегіш құралдар (теңеу)

  • «Ерекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіректей көтерілді.»
  • «Аяқ-қолы шидей.»
  • «Жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті.»
  • «Сапабек балаларды өзіне қаратқан мұғалімдей жастар жағын көзімен шолып өтті.»

Тұрақты тіркестер

  • Міз бақпады — беті шімірікпеді, тырп етпеді.
  • Ләм-мим демей — үндемей (жұмған аузын ашпау).
  • Басым сынып — басым ауырып.
  • Шаш етектен — пайдасы мол, көп.
  • Қолыңның қаруы бар — күшті, әлдісің.
  • Мызғып алу — көз шырымын алу, аз ұйықтау.
  • Көз ілінді — ұйықтап кету.
  • Шыбын-шіркей боп жүру — барынша күту, жанынан шықпау.

Дисфемизм және мақал-мәтел

Дисфемизмдер

алжыған, оттаған, қаңғыбас, омалып

Мақал-мәтел

«Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар.»

Пікірсайыс: Сапабектің әрекеті дұрыс па?

Сабақтың келесі кезеңінде пікірсайыс өткізіледі. Оқушылар негізгі кейіпкер Сапабектің іс-әрекетін және ата-анасына деген көзқарасын бағалайды: дұрыс па, әлде бұрыс па? Сынып «жақтаушы» және «даттаушы» топтарға бөлініп, дәлелдерін ұсынады.

Сұрақ қою кезеңі

Әр топ қарсыласына алдын ала дайындаған сұрақтарын қояды. Мақсат — ойды нақтылау, дәйек пен дәлелдің сапасын арттыру.

А тобы

Негізгі кейіпкер Сапабекке хат жазыңдар: оның әрекетіне баға беріп, адамгершілік тұрғысынан үндеу айтыңдар.

Ә және В топтары

  • Ә тобы: «Елес жетелеу» стратегиясы бойынша болашақты елестету.
  • В тобы: «Екі түрлі түсініктеме күнделігін» толтыру.

Сабақты қорытындылау

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Сабақ соңында негізгі ойлар түйінделеді: адамгершілік ұстаным, ата-ана алдындағы парыз, ұрпақтар сабақтастығы және жауапкершілік мәселелері жинақталып, оқушының жеке көзқарасы қалыптастыруға бағытталады.

Әдеби-эмоциялық байланыс

Мұқағали Мақатаевтың «Қариялар азайып бара жатыр» өлеңін орындау арқылы тақырыптың тәрбиелік өзегі тереңдетіледі.

Үй тапсырмасы

  • «Ата-ананың қадірі» тақырыбына эссе жазу.
  • «Ата-ана және балалар» тақырыбына эссе жазу.