Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебініңинформатика пәні мұғаліміКоспанова Света Айткуловна Ақпарат және информатика тақырыбы бойынша қайталау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебі
Информатика пәні мұғалімі: Коспанова Света Айткуловна
Сабақ: «Ақпарат және информатика» тақырыбы бойынша қайталау (8-сынып)
Сабақтың тақырыбы
«Алтын сақа» ұлттық ойыны
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын элементтері, топтық жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, тест тапсырмалары.
Көрнекіліктер
Компьютер, интерактивті тақта, қоржындар, асықтар.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Ақпарат және ақпараттық технологиялар бойынша алынған теориялық білімді бекіту, практикалық тапсырмалармен ұштастырып жүйелеу, білімді шыңдау.
Тәрбиелік
Халықтық педагогика негізінде әдептілікке, сабырлылыққа, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Дамытушылық
Шығармашылық қабілетті, ізденімпаздықты, белсенділікті, қызығушылықты, ойлау және есте сақтау дағдыларын дамыту.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, сыныпта жоқ оқушыларды белгілеу.
- Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсатын түсіндіру.
- Сайыстың ережелерімен таныстыру.
Бүгінгі сабағымызда «Алтын сақа» ұлттық ойынының ережесіне сүйене отырып, «Ақпарат және информатика» тақырыбы бойынша білімімізді пысықтап, сайыс түрінде жарысамыз.
II. Негізгі бөлім (сайыс кезеңдері)
1) Табалдырық
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай (1 сақа) беріледі.
Сұрақтар мен жауаптар
-
Ақпарат дегеніміз не?
Ақпарат — қоршаған орта және ондағы болып жатқан үдерістер туралы хабарлар мен мәліметтер.
-
Қандай ақпараттық үдерістерді білесіңдер?
Ақпаратты сақтау, беру және өңдеу.
-
Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?
Пайдалы, толық, объективті және жаңа болуы керек.
-
Ақпарат мөлшері қалай бағаланады? (Хабардың ақпараттық көлемі неге тең?)
Хабардың ақпараттық көлемі хабардағы символдар санына тең.
-
Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?
Бит, байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт.
-
Ақпаратты кодтау дегеніміз не?
Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы кескіндеу.
-
Адам ақпаратты қалай алады?
Көру, есту, дәм сезу, сипап сезу және т.б.
-
Ақпараттық үдерістерді жүзеге асыратын құрал?
Компьютер.
-
Ақпараттық үдерістерді зерттейтін ғылым?
Информатика.
-
Ақпарат алмасу желісі?
Ғаламтор.
2) Әудемжер
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай, терминге 2 ұпай.
1-топ: «Шаңырақ»
№1
Дискідегі ақпаратты оқуға және көшіруге арналған құрылғы қалай аталады?
Жауап: дисковод
№2
Ақпаратты қағазға басып шығаруға арналған құрылғы қалай аталады?
Жауап: принтер
№3
Интернетте Web-беттерді қарауға арналған арнайы бағдарлама қалай аталады?
Жауап: браузер
№4
Ақпаратты өңдеуге арналған ЭЕМ-нің негізгі құрылғысы қалай аталады?
Жауап: процессор
№5
Компьютерге әртүрлі типтегі ақпаратты оқуға және енгізуге арналған құрылғы қалай аталады?
Жауап: сканер
Дұрыс термин сөз: «Дискет»
2-топ: «Домбыра»
№1
Дыбыстық ақпаратты енгізу құрылғысы қалай аталады?
Жауап: микрофон
№2
Жойылған құжаттарды уақытша сақтайтын орын қалай аталады?
Жауап: қоржын
№3
Дүниежүзілік ғаламтор қалай аталады?
Жауап: интернет
№4
Желілік тораптарды байланыстыратын құрылғы қалай аталады?
Жауап: модем
№5
Ақпаратты өңдеуге арналған ЭЕМ-нің негізгі құрылғысы қалай аталады?
Жауап: процессор
Дұрыс термин сөз: «Монитор»
3) Қозыкөш
Дұрыс шығарылған әр есепке 1 ұпай (1 сақа) беріледі.
1-топ: «Шаңырақ»
3.1 — Тапсырма
Сандарды ондық санау жүйесіне аударыңдар:
= 128 + 64 + 32 + 4 + 1 = 229
3.2 — Тапсырма
Пайымдауы бар сөйлемді жасыл, пайымдауы жоқ сөйлемді қызыл түспен белгілеңдер:
- Сатурн — Күннің серігі.
- Иіссабын мен жұмсақ орамал жасасын!
- Егер мен онда барсам, қайтып келе аламын ба?
- Сендер театрда болдыңдар ма?
- Кей адамдардың көзі көк болады.
- Шығарда шамды сөндіріңдер!
2-топ: «Домбыра»
3.1 — Тапсырма
Сандарды ондық санау жүйесіне аударыңдар:
= 128 + 64 + 32 + 4 = 228
3.2 — Тапсырма
Пайымдауы бар сөйлемді жасыл, пайымдауы жоқ сөйлемді қызыл түспен белгілеңдер:
- Біздің мектептегі қыз балалардың бәрі гимнастиканы жақсы көреді.
- Маған су әкеліп беріңдерші.
- Кезекші тақтаны сүрт!
- Мен ертең мұз айдынына бармаймын.
- Тамақ ішер алдында қолдарыңды жуыңдар!
- Егер жаңбыр жауса, онда біз саңырауқұлақ теруге барамыз.
4) Беласар
Операциялық жүйелер тақырыбы бойынша сөзжұмбақ. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
- Арнайы құрылғы: сыртқы құрылғыны ақпараттық кеңарнаға қосады.
- Архиваторлар программалар қандай типке жатады?
- «Басқару панелі» (настройка) қапшығын ашу жолы: Іске қосу → ...
- Файлдарды жинақтап сақтайтын объект.
- Пайдаланушының компьютермен қарым-қатынасы қалай аталады?
- Басқа программаларды зақымдай алатын арнайы программалар.
- Жеке атауы бар жазбалар мен деректердің реттелген жинағы.
- Мәтіндік және графикалық редакторлар программалық қамтамасыз етудің қай типіне жатады?
- Компьютер құрамындағы әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программа.
Жауаптар (кілт сөздер)
5) Жолайырық
Компьютерде тест орындау. Ұпай — топ оқушыларының бағаларының қосындысы бойынша есептеледі.
Тест тапсырмалары
-
Екілік санның бір разряды қанша ақпарат мөлшерін қамтиды?
A) 1 бит B) 2 бит C) 5 бит
-
Бір байт неше битке тең?
A) 1024 Кбайт B) 1000 Кбайт C) 8 бит
-
Санның цифры орналасатын позиция қалай аталады?
A) санау жүйесі B) разряд C) екілік сан
-
Жалған немесе ақиқат болуы мүмкін пайымдау қалай аталады?
A) логика B) пікір C) терістеу
-
Ірі ұйымдар мен халық шаруашылығы салаларына қызмет көрсету үшін қолданылатын қуатты компьютерлер:
A) мини-ЭЕМ B) үлкен-ЭЕМ C) микро-ЭЕМ
-
Операциялық жүйелердің жіктелуі нешеге бөлінеді?
A) 2 B) 3 C) 4
-
WinZip, WinRAR қандай программа?
A) вирус B) файл C) архиватор
III. Сабақты қорытындылау
Жеңіске жеткен топ «алтын сақа» және мақтау қағазымен марапатталады.
IV. Үй тапсырмасы
Өткен тақырыптарды қайталау.
V. Бағалау
Оқушылардың білімдері жинаған ұпайлары бойынша бағаланады.
VI. Сабақты аяқтау
Қорытынды жасап, сабақ аяқталады.