Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің, Ата - ананың қадірін балалы болғанда білерсің

Сабақтың тақырыбы

«Мен сенің өміріңнің жалғасымын»

Сабақтың мақсаты

  • Әке мен баланың арасындағы сыйластықты көрсету.

  • Өнерге, сұлулыққа, жинақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу; ата-анаға деген құрмет пен байланыс құндылығын ұғындыру.

  • Отанды қорғау отбасынан басталатынын түсіндіріп, мақтаныш сезімін қалыптастыру.

  • Әкені құрметтеуге, тілді сүюге деген оқушы ынтасын ояту.

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу.

1-кезең: Сөзжұмбақ шешу

Тақырыпқа қатысты ұғымдарды бекіту үшін сөзжұмбақ орындалады.

2-кезең: «Сөз атасы — мақал»

Берілген мақал-мәтелдің жалғасын (сыңарын) табу.

  1. Әдепті бала — ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала — ата-анасын қақсатар.
  2. Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.
  3. Үйінде ұл-қызы бардың, көгінде сөнбес жұлдызы бар.
  4. Шамның жарығы түбіне түспес, жақсының қадірі жақынына білінбес.
  5. Жаманнан жақсы туады — адам айтса нанғысыз. Жақсыдан жаман туады — бір аяқ асқа алғысыз.
  6. Ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің, ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

3-кезең: Сұрақтарға жауап (жеке жұмыс)

Оқушылар өз отбасына қатысты сұрақтарға жауап береді. Мақсаты — отбасы мүшелеріне назар аударту, жауапкершілік пен ықыласты күшейту.

1

Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы қандай?

2

Анаңның туған күні қашан?

3

Үйдегі адам саны қанша?

4

Бауырың неше жаста?

5

Үйде ыдысты кім жуады?

6

Үйді кім жинастырады?

7

Таңертең сені кім оятады?

8

Әкеңнің туған күні қашан?

4-кезең: «Менің отбасым» (топтық жұмыс)

Топта талқылау арқылы «отбасы» ұғымын ашу: сыйластық, жауапкершілік, еңбек бөлінісі, қолдау және дәстүр.

Сыйластық

Әр сөз бен әрекеттен көрінеді

Қолдау

Бірлік — береке

5-кезең: «Сен білесің бе?»

Туыстық атаулар мен дәстүрлі ұғымдарды еске түсіру.

1. Оның ағасы маған жезде, мен оған кім боламын? Құда бала

2. Екі қыздың балалары бір-біріне кім болады? Бөлелер

3. Жеті атаны ата: Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене

4. Анаңның туыстары саған кім болады? Нағашы

5. Ағамның әйелі маған кім болады? Жеңге

6. Үйленген апамның баласы маған кім, мен оған кім боламын? Жиен, нағашы

6-кезең: Жұмбақтарды шешу

Оқушылар туыстық атауларды жұмбақ арқылы табады. Мақсаты — тіл байлығын арттыру және отбасылық ұғымдарды бекіту.

Әлпештеп өзіңдей өсірген,

Нағашы әжеңнің баласы.

Төрінде жалпиып көсілген,

Бұл күнде жиеннің анасы.

Ол кім?

Айтары мол ғұлама,

Көп жасаған бұл адам.

Әкесі ол әкеңнің,

Білер оны сұраған.

Ол кім?

Аймалайды «күнім» деп,

Мейірімді жүзі күлімдеп.

«Тәтті-ақ» дейді немере,

Бал шырындай үнің деп.

Ол кім?

Атаңның баласы,

Кей кезде таласып

Қаласың әжеге.

Білгенің асады кәдеге.

Ол кім?

Қорытынды

Рефлексия сұрағы: «Бүгін мен қандаймын?»

Ойландым Үйрендім Түсіндім