Хормен оқушылар

1-сыныптың «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігі

Бұл ертеңгілік — оқушылардың қолына алғаш тиген білім бастауы болған Әліппемен қоштасып, оқу жолындағы алғашқы үлкен белесті еңсергенін атап өтетін әсерлі мереке.

Ертеңгіліктің мақсаты

  • Әліппеден үйренген білімдерін тиянақтау, оқу дағдысын нығайту.

  • Әліппеге арналған өлеңдерді мәнерлеп, жатқа айту арқылы тіл байлығын дамыту.

  • Өлең арқылы ойын жүйелі жеткізуге, сахна мәдениетіне баулу.

  • Оқушылардың өнерін тамашалау, еркін сөйлеуін, есте сақтау қабілетін дамыту.

  • Ата-анамен байланыс нығайтып, Отанын, мектебін, ұстазын, ата-анасын құрметтеуге тәрбиелеу; эстетикалық талғамын кеңейту.

  • Оқу мен білім алуға құштарлық қалыптастыру.

Көрнекіліктер

Нақыл сөздер Әріптер Суреттер Шарлар Интерактивті тақта

Өту барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! 1 «А» сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Біз бүгін ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы — Әліппені аяқтап, білім атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрмыз.

Әліппені жемісті аяқтауға қолғабыс еткен ата-аналарға зор алғысымды білдіремін. Ендеше, осы салтанатты мерекеміздің иелері — 1 «А» сынып оқушыларын қарсы алайық!

Хор

Әнұран

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Саламат

Көз салып, қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі біздің ойымызға.

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға!

2-жүргізуші

Нұрсезім

Армысыздар, аналар,

Бармысыздар, балалар.

Сөзіме құлақ салыңдар,

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр-әніміз.

1-жүргізуші

Саламат

Әріптерді таныған,

Өңкей білгіш балдырған.

Өсті міне бойларың,

Құтты болсын тойларың.

2-жүргізуші

Нұрсезім

Біздің сынып тамаша,

Көз тартады қараса.

Кешікпейді сабақтан,

Күнде түгел — санаса.

Сұрақ-жауап және хормен айту

Саламат: Балалар, іші толы әріпке — білімдегі жарық не?

Оқушылар (хормен): Болашаққа жол ашқан — ол сүйікті Әліппе!

Хор

«Әліппе» әні

Оқушылардың өлеңдері

Кенжеқыз

Іші толы әріпке —

Мынау әсем Әліппе.

Барлық ілім-білімің

Бастауы осы — Әліппе.

Димаш

Әліппем, менің Әліппем,

Көгілдір тудың түсіндей.

Ақылшы жан досымдай,

Қымбатты маған кісімдей.

Ақтілек

Бар кітапқа бас болған —

Әліппе — ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Анел

Әліппем, менің Әліппем,

«А» деген мына әріптен

Сөз құрап, жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен.

Жігер

Бірінші беттен елімнің

Елтаңбасын таныдым.

Көк байрақты қазақтың

Ұрпағының сәнімін.

Айнұр

Ең алғаш алғанымда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Би

«Жаңа күн»

Танымдық сұрақ

Нұрсезім: Балалар, ең алғашқы «Әліппені» кім жазғанын білесіңдер ме?

Руслан: Иә! Жырын жаттап саламыз, жалықпастан қыс-жазы. Ұлы Ыбырай атамыз — ұстаздардың ұстазы.