Топ ережесін еске түсіру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пәні мен сыныбы
Қазақ тілі, 2-сынып
Сабақтың тақырыбы
Түбір мен қосымша
Дереккөз
Қазақ тілі, 2-сынып. Алматы: «Атамұра», 2013. Әдістемелік нұсқау.
Жалпы мақсаттар
Бұл сабақта оқушыларға түбір мен қосымша туралы мағлұмат беріледі. Оқушылар сөздің түбірі мен қосымшасы болатынын байқап, оларды бір-бірінен ажыратуға дағдыланады.
Нақты мақсаттар
- Түбір мен қосымшаны бір-бірінен ажыратуға дағдыландыру.
- Сыни тұрғыдан ойлау арқылы сөздердің жасалу жолын анықтау.
- Топтық жұмыста сенімді қарым-қатынас орнатуға үйрету.
Күтілетін нәтиже
- Түбір мен қосымша туралы негізгі мәліметтерді анықтайды.
- Түбір мен қосымшаны қатыстырып жаңа сөздер құрайды.
- Қосымшасы бар сөздердің жазылуы туралы қорытынды жасайды.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
- Сандар арқылы топқа бөлу.
- Топ ережелерін еске түсіру.
II. Өткен сабақты пысықтау
Үй тапсырмасына тоқталып, негізгі түсініктерді қысқаша қайталау.
III. Жаңа сабақ
- Сөздік диктант жаздыру.
- Ой қозғау тапсырмалары арқылы жаңа ұғымды ашу.
- Оқулықпен жұмысты ұйымдастыру.
- Дәптермен жұмыс (жаттығулар орындау).
- Сергіту сәтін ұйымдастыру.
V. Бекіту
Шығармашылық тапсырмалар арқылы түбір мен қосымшаны ажыратуды бекіту.
VI. Қорытындылау
Сабақтың негізгі түйіндері жинақталып, оқушылардың түсіну деңгейі қорытындыланады.
Кері байланыс
Оқушыларға стикерлер беріліп, сабақ бойынша қысқаша пікірлері мен түсінгендерін жазу ұсынылады.
Қосымша материал
Тақырып бойынша материалдарды жүктеу: «Түбір мен қосымша».