Топта талдау

Сабақ №15 (5-сынып): §15 Абылай хан — өмірі мен саяси қызметі

Негізге алынған ресурстар

  • Білім стандарты және пән бағдарламасы
  • «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқулығы (5-сынып): Артықбаев Ж. О., Сабданбеков Ә. Ә., Әбіл Е. Н.
  • Интернет материалдары (Wiki және басқа дереккөздер)

Негізгі идея

Оқушылар Абылай ханның өмір жолындағы тарихи оқиғалардың маңызын мәтінмен жұмыс арқылы түсініп, өз ойымен қорытынды жасауға үйренеді.

Ерекше назар: Абылайдың мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы ретінде қалыптасуына әсер еткен деректерді талдау.

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері

Жалпы мақсат

Абылай ханның өмірі мен саяси қызметін түсіндіру, оның қазақ мемлекеттілігін нығайтудағы рөлін ашу.

Міндеттер

  1. 1 Абылайдың өмірі мен қызметін таныстырып, оның ірі мемлекет қайраткері, дипломат және қолбасшы болғанын дәлелдер арқылы көрсету.
  2. 2 Өздігінен жұмыс істеу арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.
  3. 3 Топта бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  • Абылай ханның саяси және мемлекеттік қызметін сипаттай алады.
  • Ішкі және сыртқы саясат ұғымдарын мысалдармен түсіндіреді.
  • Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен және қырғыздармен қарым-қатынасын талдайды.

Тапсырмалар және жұмыс формалары

Қолданылатын тапсырмалар

  • Wiki материалдарымен жұмыс
  • Топтық жұмыс: мәтінмен жұмыс
  • Жұптық жұмыс: кесте толтыру
  • Жеке жұмыс: деңгейлік тапсырмалар

Бағалау және кері байланыс

Формативті бағалау

Мадақтау, топтық бағалау парақтары.

«2 жұлдыз, 1 тілек»

Топ жұмысына екі күшті тұсты атап, бір ұсыныс береді.

Рефлексия

Сабақ соңында қысқа пікір мен ұсыныстар (2 минут).

Сабақ барысы (мұғалім және оқушы әрекеті)

I. Ұйымдастыру

  • 1) Психологиялық ахуал (2 минут)

    Оқушыларға жағымды көңіл-күй қалыптастырып, зейінді сабаққа бағыттау.

  • 2) Топқа бөлу (2 минут)

    Тарихи қала атаулары арқылы 3 топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасы (жеке жұмыс)

Хронологиялық кестені толтыру: 1628, 1697, 1723, 1726, 1771.

1628 ж.

Ойрат тайпаларының торғауыттары қазақ даласы арқылы батысқа көшіп, Еділ бойына дейін жетті. Осыдан бастап олар «Еділ қалмақтары» аталды.

1697 ж.

Ресей патшасы І Петр Аюкеге Ресейдің шығыстағы шептерін қорғауды ресми түрде міндеттеді.

1723 ж.

Әбілқайыр хан қыркүйектің басында қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мың қолын бастап, Еділ қалмақтарына жорық жасады.

1726 ж.

Әбілқайыр хан 10 мың қолмен Еділ қалмақтарына қайта жорық жасады. Жорық өзара келісім жасаумен аяқталды.

1771 ж.

Кіші жүз, Орта жүз және Ұлы жүз қазақтары «Шаңды жорық» шайқасына жаппай қатысты.

Сұрақ: Мойынты өзені бойында 50 мың адамдық жасақпен қалмақтарды қоршауға алған сұлтан кім? Жауап: Абылай.

Бағалау: мадақтау.

III. Жаңа сабақ (топтық жұмыс)

Тақырып: Абылай хан билігі тұсындағы Қазақ хандығы. Жоспар таныстырылып, топтарға тақырыптар үлестіріледі.

1-топ

Абылайдың қолбасшы және саяси қайраткер ретінде қалыптасуы.

2-топ

Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы: Ресей және Қытаймен қарым-қатынас.

3-топ

Абылайдың қазақ тарихындағы орны.

Жұмыс ережесі

  • Топтың «алтын ережелері» еске түсіріледі.
  • Бағалау парағы топ басшыларына тапсырылады.

Топтық тапсырма (15 минут)

  1. 1 Мәліметтерді оқу
  2. 2 Топта талдау
  3. 3 Постер жасау
  4. 4 Топтан 2 оқушы қорғау
  5. 5 Қорғау уақыты: 3 минут

Бағалау: «2 жұлдыз, 1 тілек».

IV. Бекіту

Сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдарды нақтылау.

V. Қорытынды

Сабақты жинақтап, бағаларды хабарлау.

Кері байланыс

Оқушылар сабақ бойынша пікірін, ұсынысын айтады. Рефлексия: 2 минут.

Қосымша ескертпе

Қажет болған жағдайда «Абылай хан: өмірі мен саяси қызметі» тақырыбы бойынша материалдарды жүктеп алу, сондай-ақ «Тарих туралы түсінік» және «Қазақстан тарихының кезеңдері» бөлімдеріне қатысты қысқа мерзімді жоспардың толық нұсқасын қарау ұсынылады.