Көрсеткіштік теңдеулер және олардыңжүйелері

Сабақтың тақырыбы

Көрсеткіштік теңдеулер және теңдеулер жүйелерін шешу.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға көрсеткіштік теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шешу тәсілдерін меңгерту.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық әлеуетін арттыру және өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамыту; пәнге қызығушылығын күшейтіп, білім сапасын көтеру.

Тәрбиелік

Оқушыларды ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, алғырлыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Түрі
Дәстүрлі сабақ.
Типі
Білімді бекіту сабағы.
Әдістері
Деңгейлеп-саралап оқыту, өз бетімен жұмыс, репродуктивті әдіс, тірек сызбалар, топтық жұмыс, өзін-өзі бағалау.
Көрнекілігі
Үлестірме қағаздар, слайдтар, бағалау парағы, өзін-өзі бағалау парағы.
Техникалық құрал-жабдықтар
Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсаты мен жұмыс тәртібін нақтылау, оқу үдерісіне оқушыларды ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

§14. Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері.

Тапсырма

№202 есеп. Теңдеулер жүйесін шешіңдер.

Үй тапсырмасына берілген есептердің шешу жолдарын интерактивті тақта арқылы көрсету.