Ахмет Байтұрсынов Қара бұлт Сабақтың мақсаты
Сабақ барысы
Бұл сабақ жоспары оқушылардың мәтінді түсінуін тереңдетіп, мысал жанрының тәрбиелік мәнін талқылауға бағытталған. Жұмыс топтық талдау, рөлдік оқу және шығармашылық тапсырмалар арқылы ұйымдастырылады.
а) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру, сынып тазалығына назар аудару.
- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
ә) Үй тапсырмасын тексеру (топтық жұмыс)
Оқушылар топ ішінде берілген шумақты талдап, ортақ ой қорытындысын жасайды.
1-топ
Ақын нені жақсы, нені жаман деп есептейді?
2-топ
Ақын ауырмаған кездерін қандай күнге теңейді? Жас кезіндегі арманын, мақсатын меңзейтін жолдарды тауып, мазмұнын түсіндіріңдер.
3-топ
Өлеңнің негізгі идеясы қандай? Неліктен өлең «Шығамын тірі болсам адам болып» деп аталған?
б) Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Ой қозғау мақсатында оқушылар Ахмет Байтұрсынов туралы білетін мәліметтерін қағазға түсіреді. Топ ішінде бірлесе жинақтап, өзге топтардың ойларымен салыстырады.
Мағынаны тану
- 1 Мысал деген не?
- 2 Қандай ақын-жазушылардың мысалдарымен таныссыңдар?
- 3 Мысалдың негізгі кейіпкерлері туралы баяндаңдар.
Сәйкестендіру тапсырмасы
Қоян — момын
Түлкі — еңбекқор
Қасқыр — қорқақ
Қой — надан
Есек — қу
Арыстан — өнерлі
Бұлбұл — азулы
Мәтінмен жұмыс: «Қара бұлт»
- 1 Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын қарасөзбен баяндап, әр шумақтағы негізгі ойды анықтау.
- 2 Рөлге бөліп оқу: бір оқушы — Тау, бір оқушы — Автор.
- 3 «Сөз маржан»: мағынасы түсініксіз сөздерді тауып, түсіндіру.
- 4 Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
Тірек сөздер
- Аптап
- өте ыстық
- Көк
- аспан
- Пәрменінше
- бар күшімен
Қажет болса, өзге түсініксіз сөздер де қосымша талданады.
Талдау сұрақтары
- Ақын мысал өлеңде не туралы айтады?
- Қара бұлт арқылы өмірде қандай адамдар бейнеленеді?
- Тау бейнесі арқылы адамдар бойындағы қандай мінез-құлық суреттеледі?
- Мысалдағы қара бұлттың мейірімсіздігі мен мақтаншақтығы қалай ашылады?
- Соңғы шумақтан қандай ой түюге болады?
Топтық тапсырмалар
1-топ
Бес жолды өлең
- 1) Бұлт
- 2) Қою бұлт, ақшыл бұлт
- 3) Қалқиды, ұшады, түнереді
- 4) Аспанда ақшыл бұлттар қалықтайды
- 5) Қайырымсыз
2-топ
РАФТ әдісі
- Рөл
- тау
- Аудитория
- бұлт
- Форма
- өтініш
- Тақырып
- жанашырлық
Қара бұлттай жерге жаумай, суға жауғандай әсіре әсер ететін адамдар бүгінгі қоғамда да кездеседі. Әр адам өз бойындағы қабілет-қарымын орнымен жұмсап, қолынан келгенше туған халқына, еліне пайда тигізуі тиіс.
3-топ
Өлеңге сатылай талдау
- Авторы: А. Байтұрсынов
- Тақырыбы: қайырымсыздық және асыл қасиеттер
- Жанры: поэзия, мысал
- Идеясы: мейірімді, рақымшыл болу
- Шумақ: 4
- Тармақ: 16
- Бунақ: 3
- Ұйқасы: AABA (қара өлең ұйқасы)
- Әдеби-теориялық ұғымдар: мысал, диалог
Ой толғаныс
Үш топқа сұрақтар беріледі. Әр топ талқылап, ортақ тұжырымын сынып алдында қорғайды.
1-топ
Қайырымдылық деген не? Оны кімдерге жасау керек?
2-топ
Қайырымдылықты кімдер жасай алады? Оны қай кезде жасау қажет?
3-топ
Бүгінгі қоғамдағы қайырымдылық іс-шаралар туралы айтып беріңдер.
Сабақты қорытындылау
Бағалау
Әр топ өзіне берілген бағалау парағына сәйкес қорытынды бағасын қояды.
Үй тапсырмасы
- Өлеңді түсініп оқу, жоспар құру.
- Мысал мазмұны бойынша сурет салу.