Жасушаны алғаш ашқан кім
10-сынып
Бұл сабақ жасушаның химиялық құрамын түсіндіруге және органикалық заттардың құрылысы мен жасушадағы рөлін жүйелеуге бағытталған.
Сабақтың тақырыбы
Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ — олардың құрылысы және жасушадағы рөлі.
Сабақтың мақсаты
Дамытушылық
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, белсенді ойлау мен талдауды дамыту.
Білімділік
Жасушаның химиялық құрамы туралы түсінікті тереңдету; білім, білік және дағдыларды дамыту.
Нәруыздар мен ферменттердің қасиеттері аминқышқылдарының мөлшері мен реттілігіне, сондай-ақ молекулалар мен заттардың құрылымына тәуелді екенін түсіндіру.
Тәрбиелік
Эстетикалық тәрбиені қалыптастыру және ойлау мәдениетін дамыту.
Сабақтың форматы
- Сабақтың түрі
- Өзгертілген сабақ
- Сабақтың әдістері
- СТО, топқа бөлу, топтастыру
Сабақтың құрылымы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Оқушыларды топтарға бөлу.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы ауызша сұрақтар арқылы сұралады:
- 1. Жасуша дегеніміз не?
- 2. Жасуша қай ғасырдың жаңалығы?
- 3. Жасушаны алғаш ашқан кім?
- Т.б. қосымша сұрақтар.
3) Сергіту сәті
Сергіту кезеңдері интербелсенді тақта арқылы көрсетіледі.
4) Жаңа тақырыпқа кіріспе (ой қозғау)
Ой қозғау сұрағы
Жасушаның химиялық құрамы қандай?
Бұл сұрақтың жауабын біз 8-сыныпта бірге іздегенбіз. Ойлануға уақыт беріледі, оқушылар бірлесіп жұмыс істейді.
Негізгі ұғым
Жасушадағы органикалық қосылыстардың құрылысы олардың қызметін анықтайды.
Нақтылау
Нәруыздар мен ферменттердің қасиеттері аминқышқылдарының құрамы мен реттілігіне, молекуланың құрылымына байланысты.