Төрттен бір бөлігі боялған фигураларды тап

Сабақ тақырыбы: Төрттен бір бөлік (ширек)

Бұл сабақта оқушылар өткен тақырыптарды қайталап, төрттен бір бөлік (ширек) ұғымын нақты мысалдар арқылы меңгереді. Жұмыс түрлері теория мен практиканы ұштастырып, есептеу дағдыларын, логикалық ойлауды және жылдам шешім қабылдауды дамытуға бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Өткен сабақтағы білімді пысықтау және төрттен бір бөлік (ширек) ұғымын меңгерту.
  • Логикалық ойлау мен есептеу қабілетін дамыту, жауапты тиянақты әрі дәл беруге дағдыландыру.
  • Тапқырлыққа, жылдам ойлауға және қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және ресурстар

Түрі / Типі
Дәстүрлі сабақ, жаңа сабақ.
Әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын түрлері.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, доп, кесте.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық сәт:

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз!

II. Жаңа сабақ

«Тез ойла» ойыны

Доп арқылы 2-нің, 3-тің, 4-тің көбейту кестесін еске түсіру.

Көркем жазу минуты

4 саны мен цифрын жазу, дұрыс әрі ұқыпты жазуға назар аударту.

Негізгі ұғым

Төрттен бір бөлік (ширек) ұғымын көрнекі мысалдар арқылы түсіндіру. Бүтін затты 4 тең бөлікке бөлгенде, оның әр бөлігі — төрттен бір бөлік.

Оқулықпен жұмыс

  • №1, №2 — есептерді ауызша орындау.
  • №3 — «Қандай сан?» Бос орындарға тиісті сандарды қою (ауызша).

Тақтамен, кестемен және суретпен жұмыс

  • №4 және №6 — тақтада орындау.
  • Кестемен жұмыс — үлгілер арқылы бөліктерді салыстыру.
  • №5 — төрттен бір бөлігі боялған фигураларды табу.

Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.

Дәптермен жұмыс

№9-есеп

  • Дәптерге суреттегі фигураларды салу.
  • Әр фигураның төрттен бір бөлігін бояу.

№11-есеп

Амалдарды орындау. Логикалық ойлауға арналған тапсырмалармен жұмыс.

№12-есеп

Торт екіге бөлінді. Әр жарты бөлік тағы да екіге бөлінді. Содан соң алынған бөліктердің әрқайсысы тағы да төртке бөлінді. Торт барлығы неше бөлікке бөлінді?

Шешуі

1 × 2 × 2 × 4 = 16

Жауабы: торт 16 бөлікке бөлінді.

Есептерді талдау (№10-есеп)

1) Жас туралы есеп

  • Әкесі — 35 жаста.
  • Лиза — әкесінен 23 жас кіші.
  • Сіңілісі — 5 жаста.

Шешуі

35 − 23 = 12

12 − 5 = 7

Жауабы: Лиза сіңлісінен 7 жас үлкен.

2) Оқулықтар туралы есеп

  • Барлығы — 36 оқулық.
  • Әр сөреде — 9 оқулықтан.
  • Табу керек: сөре саны.

Шешуі

36 : 9 = 4

Жауабы: сөре саны — 4.

Қорытындылау

Сабақ соңында оқушылар жаңа ұғымды бекітіп, «ширек» атауының мәнін түсіндіреді және бөліктермен жұмыс жасау дағдысын көрсетеді.

Қайталау сұрақтары

  • Біз бүгін қандай ұғыммен таныстық?
  • Оны басқаша қалай атауға болады?

Практикалық тапсырма

Алманы төртке бөл. Бір бөлігін өзің ал. Алманың қанша бөлігі қалды? Қалғанының үштен бір бөлігін Болатқа бер.

Үй тапсырмасы

№7 және №8 есептер.

Бағалау және мадақтау

Оқушылардың жауаптарының нақтылығы, есептеу дұрыстығы, белсенді қатысуы және топпен жұмыс істеу мәдениеті ескеріледі. Белсенді оқушылар мадақталады.