Сәкен Сейфуллин өлеңіБіздің жақтаШалқыған біздің жақтың көлдері бар, Ағашты биік таулы жерлері бар

Сәкен Сейфуллин өлеңі
Біздің жақта
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,
Ағашты биік таулы жерлері бар.
Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын
Меймандос, берекелі елдері бар.
Думанды шалқар көлдері - ай,
Еркін дала белдер - ай.
Қаздай қатар мыңғырып,
Тізіліп көшкен елдер - ай.
А - ай, Сарыарқа,
Елің алыс,
Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдық таныс.
Жеріне біздің, жақтың лайық ері,
Ер палуан, аңшы - мерген, әншіл, сері.
Жасынан жүйрік мініп өскен бұлан,
Жау жүрек, ер көңілді жігіттері.
Сілтеуші ек құлаш тұлпардай,
Жазушы ек қанат сұңқардай,
Асауменен алысып,
Қашағанды құтқармай.
Ай - ай, Сарыарқа,
Елің алыс,
Қалды шалыс,
Жат жерде талай елмен болдық таныс.
Қыздары біздің жақтың қара қасты,
Тісіне ұқсатарсың, меруерт тасты.
Сымбатты, көркем бойлы тал шыбықтай,
Мамық төс, сұңғақ мойын, сүмбіл шашты.
Еркін бейбіт ауылым - ай,
Жас ерім талдай сәулем - ай.
Қырдың ерке сұлуы
Сағындым сені, бауырым - ай.
А - ай, жан сәулем,
Өрім талдай,
Жазық маңдай,
Аузыңнан шыққан лебің шекер балдай.
Қыздары біздің жақтың қара көзді,
Сырнайдай дауыстары, тәтті сөзді.
Қызыл гүл албыраған еріндері,
Шырайлы, ашық көңіл, бал мінезді.
Еркін бейбіт ауылым - ай,
Жас өрім, талдай сәулем - ай.
Қырдың ерке сұлуы
Сағындым сені, бауырым - ай.
Әй - әй, жан сәулем,
Өрім талдай,
Жазық маңдай,
Аузыңнан шыққан лебің шекер балдай.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
9 сынып оқушысы Рашитова Рашиля



Ұқсас жұмыстар

Сәкен Сейфуллин поэмаларындағы табиғат көрінісінің сұлу кестеленуі
Синоним қатары
Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің тілдік ерекшелігі
БУРАБАЙ ¥ЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Ұлттық парктерді туристік –экологиялық мақсатта зерттеудің теориялық және тәжірибелік негіздері
Бурабай - Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен
Батыс Қазақстан облысы жайлы
Көкшетау–Бурабай аймағына жалпы сипаттама
Ертіс өзені мен Зайсан көлі
ҰЛТТЫҚ САЯБАҚТЫҢ ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
БАРАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК
ҚР-дағы мұнай нарығының даму заңдылықтары және тенденциясы «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» АҚ
Есет Көтібаровтың хиуалықтарға қарсы күресі
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама туралы
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН туралы
Қаржылық лизингті жүзеге асыру барысында қатысушы субъектілер анықталып,міндеттері және құқықтары белгіленеді
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама
Бүгінгі күндегі ата ұрпақтары қордың негізгі 4 түрлі мақсаты бар деп есептеледі
Қазіргі кезде күрделі мәселелердің бәрі кәсіби басқару