Топтастыру аппликация
Сабақ тақырыбы: Аппликация
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: оқушылардың бейнелеу өнері бойынша білімдерін тереңдету; аппликация түрлерімен таныстыру; жасалу жолдарын үйрету.
- Дамытушылық: бейнелеу өнеріне қызығушылықты арттыру; қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау.
- Тәрбиелік: әсемдікті сезіне білуге, ұйымшылдықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және ресурстар
- Көрнекіліктер
- Бүктеме материалдар, қанатты сөздер, сызбалар, сөзжұмбақ.
- Қажетті құралдар
- Түрлі түсті қағаз, желім, қайшы.
Әдіс-тәсілдер
- Сабақ әдісі
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары, сұрақ-жауап, түсіндіру.
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ.
- Пәнаралық байланыс
- Еңбекке баулу, ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық (хормен):
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
2) Үй тапсырмасы
Табиғат көрінісінің суретін салу.
3) Өткен сабақты бекіту: блиц-турнир
Жылдам сұрақ-жауап арқылы негізгі ұғымдарды еске түсіру.
-
1. Бейнелеу өнері дегеніміз не?
-
2. Тастан қашалып жасалған өнер түрі
Мүсін.
-
3. Қазақтың тұңғыш суретшісі
Ә. Қастеев.
-
4. Құрылыстар салу өнері
Архитектура.
-
5. Ісмер деп кімді айтамыз?
Ұлттық киім тігетін, қолынан іс келетін адамдар.
-
6. Суретшінің өзін бейнелейтін шығармасы
Автопортрет.
-
7. Жануарлар бейнесін салу жанры
Анималистік жанр.
-
8. Табиғат көрінісін бейнелеу
Пейзаж.
-
9. Адамның кеудеден жоғары бөлігін мүсіндеу
Бюст.
-
10. Қағаз/картон бетіне қарындаш, қылқалам немесе басқа құралдармен орындалған сурет
Графика.
Жаңа сабақ: аппликацияны меңгеру кезеңдері
I) Қызығушылықты ояту
Оқушыларға жапсыру әдісімен жасалған дайын жұмыстар көрсетіледі. Әр оқушы көргенін сипаттап, өз ойын айтады.
Назар аудару
Пішін, түс үйлесімі, композиция және ұқыптылық туралы сұрақтар арқылы талқылау жүргізіледі.
II) Мағынаны тану: аппликация түрлері
Аппликация түрлері сызба арқылы түсіндіріледі және мысалдармен бекітіледі.
-
1) Қағаз аппликациясы
Ашықхат, қабырға газеті, альбом, папкаларды безендіруде қолданылады. Өрнекті аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер сияқты пішіндердің ішінде үйлестіріп орындауға болады.
-
2) Киізге аппликациялау
Түрлі түске боялған жүннен немесе мата қиындыларынан ою-өрнек құрастырып, киізге сырылып тігіледі. Бұл да аппликация өнеріне жатады.
-
3) Табиғи материалдармен жұмыс (ши)
Шиді жүнмен немесе түрлі жіппен орап, бетіне өрнек түсіруге болады. Әр түсті жіппен немесе боялған жүнмен жасалған ши түрі шым ши деп аталады.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыспен орындау:
Ұсталардай тарсылдатып,
Шегені де қағамыз.
Қимыл: шегені қаққандай қозғалыс.
Әшекейлеп, әдемілеп,
Қағазды да қиямыз.
Қимыл: саусақпен қайшы жасап, қағаз қиғандай қимыл.
III) Дәптермен жұмыс: практикалық тапсырма
Оқушылар «Жайлауда» тақырыбындағы жұмысты аппликациялау тәсілімен альбом бетіне орындайды.
Жұмысқа қойылатын талап
- Пішіндерді ұқыпты қиып алу
- Түстерді үйлестіру
- Композицияны дұрыс орналастыру
- Желімді таза пайдалану
IV) Ой қозғау: сөзжұмбақ
Тақырып: «Орама ши».
-
1. Шидегі өрнек
Ою.
-
2. Киізден жасалған бұйым
Сырмақ.
-
3. Ши тоқуға арналған ауыр зат
Тас.
-
4. Тастан қашалып жасалатын өнер түрі
Мүсін.
-
5. Киіз үйдің тіреуіші
Бақан.
-
6. Төсеніш түрі
Алаша.
-
7. Іс тігетін құрал
Ине.
V) БҮҮ стратегиясы
Оқушылар кесте арқылы тақырып бойынша: «Білемін — Үйрендім — Үйренгім келеді» бөлімдерін толтырады.
Білемін
Алдыңғы білім мен тәжірибе.
Үйрендім
Бүгін меңгерген жаңа түсініктер.
Үйренгім келеді
Келесі қадам, сұрақтар.
VI) Бекіту: «Бес жолды өлең» стратегиясы
- 1. Не? Ши.
- 2. Қандай? Әдемі, өрнектелген.
- 3. Не істейді? Тоқиды, тұтады, жинайды.
- 4. Сөйлем: Киіз үйге әдемі шиді тұтады.
- 5. Синоним: Орама ши.
VII) Қорытындылау
Топтастыру
«Аппликация» ұғымына байланысты негізгі сөздер мен мысалдарды топтастырып жинақтау.
Үй тапсырмасы
Аппликация жұмысын аяқтау.
Бағалау
Ұқыптылық, композиция, түстер үйлесімі және белсенділік бойынша бағаланады.